Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Макроэкономикалық тепе-теңдік


Жоспар
1 Макроэкономикалық тепе-теңдік 3
1.1 Макроэкономика және жалпы экономикалық тепе-теңдік 3
1.2 Тұтыну мен қор жинау 9
Әдебиеттер 12

1 Макроэкономикалық тепе-теңдік
1.1 Макроэкономика және жалпы экономикалық тепе-теңдік
Макроэкономика (грек сөзінен – «үлкен» деген мағынаны түсіндіреді) бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін жалпы экономикалық ілімнің бөлімі. Макро- және микроэкономика бір – бірімен тығыз байланысты, өйткені екеуінің де талдау пәні – экономика, бірақ зерттеу деңгейлері екі түрлі.
Микроэкономика жеке құрылымдардың бағытын және даму заңдылықтарын талдайды: үй шаруашылығын, фирмаларды, банктерді т.б.
Макроэкономика экономиканы жалпы біріңғай қарастырады, оның тұлғалары: үкімет, кәсіподақ , орталық банктер, өндірушілер және тұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет көлемінде қарастырылады.
Егер микроэкономика жеке тауарлардың (дәнді дақыл, мата және т.б.) көлемі мен бағасын қараса, онда макроэкономика агрегатталған, жинақталған өлшемдермен қарастырады.

1.2 Тұтыну мен қор жинау
Экономиканың макро дәрежесін зерттеумен байланысты өзімізге мынадай сұрақтар қоялық, жиынтық халық шаруашылық көрсеткіштердің категорияларын: ұлттық табысты, инвестицияны, жинақты, жұмыспен қамтуды т.б. талдауда тепе-теңдікті осы қолдана беруге бола ма?
Әрине болады. Енді бұл экономика көлемінде қоғамның кірістері мен шығыстарының тепе-теңдігі бірінші кезекке шығады. Бұл ұсыныс (өндірілген ұлттық табыс) пен сұраныстың (пайдаланылған ұлттық табыс) арасындағы тепе-теңдіктің өзіндік көрінісі. Мұндағы маңызды мәселе мына жағдайды анықтауда: жұмыспен толық қамтылған жағдайда кіріс пен шығыстың тепе-теңдігін рыноктық тетік өздігінен қамтамасыз ете ала ма? Егер бұл сұраққа жауап жағымсыз болса, мемлекет көмегімен рыноктық тетікке түзету енгізуге араласудың қажеттігі өзінен өзі туындайды.

Әдебиеттер
1. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. Астана. 2002 - 462 бет.
2. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет.
3. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999 - 280 бет.
4. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжұмаев Е., Досқалиев С., Жәйшібеков Ж.. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы. 2004 - 480 бет.
5. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория (Оқу әдістемелік кешен) Астана, 2004 - 248 бет.