Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Менеджмент

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Менеджменттің ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету


Жоспар
Кіріспе 3
1 Қолдану саласына талдау 5
1.1 Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу 5
1.2 Менеджменттегі жоспарлау 12
1.3 Менеджердің ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты 15
1.4 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар 16
2 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар. 18
2.1 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар 19
2.2 Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар 19
2.3 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар 19
2.4 Эргономикалық жабдықтауға қойылатын талаптар 21
2.5 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар 22
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе
Менің жұмыс тақырыбым «Менеджменттің ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету» болып келеді. Жұмыс мақсатына келетін болсақ, ол қазіргі кезге сай менеджер жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.

1 Қолдану саласына талдау
1.1 Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу
Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпоративтік бизнес пен мүлік еке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны менеджер деп айтамыз. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдалануды және интерграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді.. Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметтерін басқаруды теориясынмен іс-тәжірибесі.
Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.

1.2 Менеджменттегі жоспарлау
Өзінің жұмыс істеуі үшін кез келген экономика тұрақты экономикалық өсуді ұстап отыру үшін экономикалық жүйені, нығайтуға және тұрақтандыруға ұмтылу үшін қолдануға болатын басқарудың ең пәрменді тетіктерін пайдалануды көздейді. Бұл үшін оларды ылғи іздеу керек.
Мұндай тетіктер көп. Бірақ, басқарудың шеберлігі – қажетті кезеңде бір немесе бірнеше тетікті таңдап, олардың қолдануы экономикалық қалыпты жұмыс істеуге әкелетінінде болып тұр. Осындай өзін-өзі тарихи ақтаған тетіктердің бірі – жоспарлау. Басқару жүйесінде ол экономикалық тәуелсіздік пен экономикалық өсу жолына түскен әлемнің көптеген елдерінде ХХ ғасырдан бастап кеңінен қолданыла бастады.

1.3 Менеджердің ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты
Менеджмент ақпарат жүйесі – бұл менеджменттің барлық деңгейлерін жоспарлауда, ұйымдастыруда, бақылауда және басқаруда оны ақпаратпен жабдықтауға арналған мәліметтерді өндеу жүйесін білдіреді. Егер жоғарғы менеджерлер сыртқы ақпаратты үлкен көлемде қолданса, ал орташа және төменгі буындағы менеджерлер көбінесе, нақтырақ ішкі ақпаратқа сүйенеді.менеджердің ақпаратқа деген тұтынушылығының әр түрлілігін зерттей отырып, басқару қызметінің түрлерін үш дәрежеге бөлуге болады: стратегиялық, басқарушылық бақылау және жедел бақылау. Мұндағы стратегиялық жоспарлау – бұл ұйымның мақсатына. Сол мақсаттардың өзгеруіне, әрі оларға жету үшін қорларды қолдану мен осы қорларды алуға , қолдануға, орналастыруға себепші болатын стратегия жөніндегі қабылдау барысын болжау.

1.4 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл қолданушыларға олардың сұраныстарына сәйкес түрде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және жеткізу үшін арналған. АЖ бағдарламалық құралдар кешенінен шешілетін есептерді өзіне қосады. Қолданушы үшін жүйе ыңғайлы және жақсы интерфейске және санкцияланған әрекеттерден қорғауға ие болуы қажет
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық-уақыттық байланыстардың тұрақты тәртібі және элементтер мен ішкі жүйе бөлімдерінің арасындағы қатынасы, ішкі жүйенің атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.

2 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Ақпараттық жабдықтау – бұл менеджер ақпараттық жүйесінде қолданылатын техникалық-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттық ауқымның үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы. Ақпараттық жабдықтауды жобалау - бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныпта маларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.

2.1 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Математикалық жабдықтау – бұл ең озық есептеу техникасының көмегімен менеджер есеп ақпараттарын өңдеу және есептерді шешуге арналған математикалық әдістердің, үлгілер мен алгоритмдерінің жиынтығы.

2.2 Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Лингвистикалық жабдықтау – бұл ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланылатын тілдік құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелерінің жиынтығы.

2.3 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешендерінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Программалық жабдықтау математикалық жабдықтау негізінде жасалады және оның нақты «іскер» формасы болып табылады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнайы программалық жабдықтау.

2.5 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
Ұйымдастырушылық құқықтық жабдықтау – бұл, фирма менеджерінің ұйымдастырылуын, оның мақсаты мен мәселелерін, құрылымы мен функцияларын, оның барлық буындарының құқықтық мәртебесін белгілейтін және бекітетін нормативтік актілермен өрнектелетін, сонымен қатар құру және жұмыс істеу үрдісін реттеу үшін тағайындалатын нормалар жиынтығы.
Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Қорытынды
Фирма менеджері осы жұмыста айтылған талаптарды орындаған кезде жұмысының тиімділігі артады деген ойдамын. Егер де біз тек осы саламен ғана шектеліп қоймай барлық салының жұмыс істеуін автоматтандыратын болсақ онда біз дамыған мемлекеттер қатарына қосылуымыз анық сияқты.