Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Криминалистік құжаттарды тану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 10 стр.

Год: 2005

Полный просмотр работы

Жалған таңбалар, мөрлер, мөртабандар жасау фактілерін анықтау


Жоспар
1 Жалған таңбалар, мөрлер, мөртабандар жасау фактілерін анықтау 3
1.1 Зақымдалған жазба құжат мазмұнын қалпына келтіру 5
1.2 Полиграфиялық тәсілмен жасалынған жалған құжаттарды зерттеу 8
Әдебиеттер 10

1 Жалған таңбалар, мөрлер, мөртабандар жасау фактілерін анықтау
Мөр мен мөртабандар - зергерлік жазу шеберханасында немесе полиграфиялық кәсіпорындарда белгілі бір үлгіге сәйкес жасалған клише. Оларды каучуктан не темірден жасайды. Тәжірибеде оларды жалған жасаудың бірнеше тәсілдері белгілі: мөрдің суретін құжаттың өзінде салу, қолдан жасалған клише көмегімен таңба жасау, тура таңбаны жалған құжатқа көшіру.

1.1 Зақымдалған жазба құжат мазмұнын қалпына келтіру
Қылмыс мақсатында құжаттарды зақымдайды немесе жояды (құжатты өртеу, жырту, мәтіннің жеке жерін сызу немесе бояу төгу, т.б.).
Криминалистикада осындай құжаттардың мазмұнын қалпына келтіру әдісі жасалған.
Жыртылған құжаттарды қалпына келтіру үшін, оның бөліктерін қағаздың сапасы, сызықтары, штрих түсі, қол қою және басқа да белгілері бойынша саралап алады. Сонымен бірге бір не екі жағы тегіс, яғни құжаттың бұрышын немесе шетін құрастыратын бөліктерін іздестіреді. Құжаттың ортасын түрі мен мазмұны бойынша іріктелген қалған бөліктермен толықтырады. Жыртылған құжатты шыны үстінде құрастырады, содан кейін оны көлемі сондай екінші шынымен жауып, шеттерін желім лентамен жиектейді.

1.2 Полиграфиялық тәсілмен жасалынған жалған құжаттарды зерттеу
Полиграфиялық өнімдерді дайындау кезінде пайдаланылатын көбейткіш техника құралдары мен баспа тәсілдерін баспаханалық және оперативтік деп бөлінеді.
Біріншісіне баспаның жоғары, терең және жалпақ трафареттік тәсілдері жатады.