Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мәдениеттану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 39 стр.

Полный просмотр работы

Адамзат қоғамның эволюциясы

Жоспар
1 Адамзат қоғамының эволюциясы 3
1.1. Қоғамның қалыптасу кезеңдері 3
1.2 Жыныс ерекшелігіне байланысты қатынастар және отбасы эволюциясы 7
1.3 Билік эволюциясы 17
1.4 Өркениет пен алғашқы қауымдық қоғамның коэволюциясы 19
1.5 Қазіргі заманғы дүниедегі алғашқы қауымдық құрылыстың қалдықтары 25
1.6 Этностар эволюциясы 29
1.7. Діни эволюция 35

1 Адамзат қоғамының эволюциясы
1.1. Қоғамның қалыптасу кезеңдері
Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.
Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.

1.2 Жыныс ерекшелігіне байланысты қатынастар және отбасы эволюциясы
Қарапайым еңбек түрлеріне ауысу тек ұжымда және мінез-құлықтың қоғамдық нысандары жағдайларында мүмкін болады.
Мінез-құлықтың қоғамдық нысандары ұжымдардың сақталуына жағдай жасаған табиғи сұрыптау әсерінен күшейе түсті. Әлеуметтік байланыстар мен өзара көмек қарым-қатынастар жақсы дамыған ұжымдарда олардың жаулары мен стихиялық апаттарға қарсы тұру мүмкіндіктері жоғары болды.
Бұл жағдайлар антропогенездің ең ертедегі кезеңдері мен алғашқы қауымдық қоғам тарихында адамдардың қорек табу, бөлу, жыныстық қатынастар, т. б. реттелуінде үлкен маңызы болды. Ертедегі қауымның биологиялық және әлеуметтік бастамаларының өзара күресу бағыттарының негізгісі бала табу немесе жыныстар арасындағы қарым-қатынастар болу керек еді. Бұл жерде жануарлардағы инстинктер күшті дамуы қажет.

1.3 Билік эволюциясы
Ертедегі туыстық қауымдарда оның мүшелерінің мүддесін көздейтін халықтық билік қағидасының рөлі шешуші болды, және ерекше беделге ересек, тәжірибелі адамдар ие болды. Олардың арасынан ұжымның шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірін басқаратын көсемдер қалыптасты.
Ертедегі алғашқы қауымдарда билік - шаруашылық, әскери және сот билігі болып бөлінген жоқ. Ұсақ әскери қақтығыстарда қауымды осы көсемдер басқарды. Осы көсемдер топтағы әдет-ғұрыптарды сақтаушы және қорғаушы болды. Кейбір қоғамдарда (мысалы, Австралия аборигендерінде) ерекше емшілер мен сыйқыршылар болды. Әдетте, көсемдер өндіріске ғана араласып қоймай, онда ерекше жеңілдіктерге ие болды. Алайда осы ересек көсемдердің кейбір белгілі артықшылықтары да болды. Мысалы, көп әйел алу тұрақты қалыптасқан қауымдарда көсемдердің онға дейін әйелі болды.

1.4 Өркениет пен алғашқы қауымдық қоғамның коэволюциясы
Бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі, кейіннен орта ғасырлық өркениет қалыптаса бастады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мыңыншы жылдардың соңында Египет пен Месопотамияда, 3 мыңыншы жылдардың орта кезінде – Индияда, 2 мыңыншы жылдарда – Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда, Оңтүстік Арабстанда, Қытайда, 1 мыңыншы жылы және біздің эрамыздағы 1 мыңыншы жылда – Көне Әлемнің көп бөлігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы және таптар тарихының басы болды. Бірақ тарих тұрғысынан қарағанда таптардың түзілу кезеңінен өтпеген жекелеген елдер мен халықтар үшін бұл өркениетке дейінгі кезеңнің соңы мен өркениет тарихының басы болып саналады.

1.5 Қазіргі заманғы дүниедегі алғашқы қауымдық құрылыстың қалдықтары
Алғашқы қауымның қалдықтары алғашқы қауымдық құрылымның жойылуына байланысты таптық пайда болған қоғамдарда, яғни ертедегі шығыс және феодалдық қоғамдарда көбірек сақталып қалғаны түсінікті. Антикалық қоғамдарда алғашқы қауым қалдықтары оларға қарағанда төмендеу дәрежеде сақтана, капиталистік қоғамда ешқандай белгісі қалған жоқ. Осыған сәйкес, алғашқы қауымның қалдықтары дамудың капиталистік жолын өтпеген халықтарға тән болды. Алғашқы қауымның қалдықтары таптар түзілу кезеңдерінің құрылымы, нормалары мен түсініктері болып саналады. Осылардың көбі одан әрі трансформацияланды.

1.7. Діни эволюция
Паркте "сырланған, байқаңыз" деген ескерту жазылған орындықтарда екі профессор әңгімелесіп отырады. Бірі екіншісіне: "Адам өте қызыққұмар жаратылыс иесі. Егер оған ғаламда 8134537540987565443861 жұлдыз бар десең, ол оған сене салады". Ал егер орындыққа "байқаңыз, сырланған" деп жазып қойсаң, ол міндетті түрде қолымен тексеріп көреді.
Адамдардың дамуының белгілі бір кезеңінде діннің шығуы міндетті болды. Діни эволюциясының алғашқы кезеңінде оның түбірі күнделікті тіршіліктегі адамдардың табиғат алдындағы дәрменсіздігі түрінде көрінді. Ол табиғаттың аса қорқынышты құбылыстары – найзағай, жер сілкінулері, вулкан атқылаулары, т.б. алдындағы дәрменсіздік емес, алғашқы адамның табиғатқа әсер ететін құралдары да, немесе оқиғалардың барысын анықтайтын білімі де болмады. Оның іс-әрекетінің барысы мен қорытындысы оның жеке өзіне емес, объективті жағдайлардың барысына байланысты болды. Бұндай жағдайда адам табиғат алдында әлсіз болды, оның тәжірибелік іс-әрекеті де еркін болған жоқ.