Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Криминалистика

Тип: Баяндама

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Тану үшін ұсыну

Тану үшін көрсету дегеніміз жәбiрленушiге, куәға, сезiктi адамға немесе айыпкерге белгiлi бiр объектiнi көрсету арқылы, осы объектiнi оның бұрын көрген не көрмегенiн анықтап, егер көрген болса қашан және қандай жағдайда көргенiн, оны нақты қандай белгiлерi бойынша танитындығын айырып, шешу үшiн жүргiзiлетiн заңда көрсетiлген тергеу әрекетi. Тануға көрсетiлген объектiлер қатарына жататындар: адамдар, өлiк, зат, бұйым, мал, кей жағдайда пәтер, бөлме, не жеке бiр жер де көрсетiлуi мүмкiн. Жоғарыда аталған заттарды, мәійттерді және басқа да объектілерді немесе олардың фотосуреттерінің теңдігін анықтау мақсатында заңда көрсетілген тәртіппен танушыға ұсыну осы тергеу әрекетінің мәні болып саналады.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау дегеніміз қолданыста барларды тексеру және жаңа дәлелдемелерді алу мақсатында алдында жауап алынған тұлғамен қылмысқа қатысы бар жағдайларды, орны мен объектілерді көрсетуге, кейбір қимылдарды жасауға, осы жердің нақтылы жағдайын зерттеу және бұрын алынған айғақтармен салыстыруға бағытталған өз алдына бөлек тергеу әрекеті.
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау әрекеті жүргізілетін жағдайлар:

Қылмыстық iске қатысты техникалық, соның iшiнде байланыстың компьютерлiк каналдары арқылы берiлген хат-хабарды тұтқындау және ақпаратты компьютерлiк жүйесiнен алу прокурор санкциясымен бекiтілген тергеушiнiң қаулысы негiзiнде жүзеге асады. Қылмысты көбiне қазiргi хат-хабар құралдарымен жабдықталған ұйымдасқан топ және қылмыстық бiрлестiктер жасайды. Бұл жағдайда қылмыскерлер өзара тура байланыс тудырып пошта-телеграфтық жiберу қызметiне жүгiнбеуi мүмкiн, ол дер кезiнде құжаттарды алып, оны тұтқындау мүмкiншiлiгiн шектейдi.