Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Тарих сабақтарында тарихи-мәдени ескерткіштерді пайдалану

Қазір, ұлттық болмысымызда сезініп , біздің де ертеден келе жатқан халық екенімізді, рухани құндылықтарымызды асқақтата айшықтауда Қазақстан тарихы пәнінің орны ерекше. «Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді, ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын , тозбайтын , керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап , ұрпақ санасына шүғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты - ғылым мен мэдениет . Ендеше сол ата-бабаларымыздың тарихи – мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік»[1] деді еліміздің Президенті Нұрсүлтан Назарбаев Ұлттық Кеңестің отырысындағы сөзінде.

Оқушыларға тарихи-мәдени ескерткіштерді оқытқанда оларды зерттеушілердің еңбектерінен мағлұмат беру өте маңызды. Өйткені оқушы ескерткіштің тарихи тұлғаларға арналып тұрғызылғанын біліп қана қоймай, тұтас бір ғылыми дәстүрлер мен мектептер бар екенімен біліп танысады. Қарахан дәуірінің Орталық Қазақстандағы сәулет өнерінің озық үлгілеріне жататын ескерткіштердің бірі – Алаша хан мазары. Алаша хан ескерткішінің бітім-тұлғасы да, көркемдеу тәсілі де мүлдем бөлек, басқа талғаммен салынған. Осы төңіректегі Жошы хан, Аяққамыр құрылыстарына қарағанда бұл құрылыс мейлінше көркем үлгімен, тың тәсілмен қаланған. [7].

Жоғарыда келтірілген мәліметтерден оқушылар Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштердің басым бөлігі Қарахандықтар билігі тұсында бой көтергенін біледі. Олар Қазақстанның оңтүстігіндегі оның ішінде Тараз жеріндегі және Орталық Қазақстандағы тарихи-мәдени сәулет өнері ескерткіштерін салыну ерекшеліктерін, кесене-мазар атын иеленген тұлғалардың тарихтағы орнын салыстыра қарастырып ой түйеді.
Сонымен тарих-мәдени ескерткіштерге қатысты тақырыптарды өткенде мұғалім екі басты мәселені өз сабағына тірек еткені жөн.
1. Ауызша тарихнаманы яғни шежірелерді жүйелеп жеткізу және ескерткіштердің салыну мен тұрғызылу әдістерін көрнекіліктерді пайдаланып аша түсу;
2. Оқушыларды халықтың мәдениеті мен өнерін қадірлеуге үйрету, отансүйгіштік қасиетті өз бойларына тәрбиелеуге бастар бірден-бір жол болып саналады.
Сонда ғана болашақ ұрпақ «Менің Отаным – Қазақстан» деген сөзді шынайы мақтанышпен айта алады.

Әдебиеттер
1. Нысанбаев Ә. Асанқайғының ақиқаты // №5, 2004 ж.24 б.
2. Тарақты А. Ауызша тарихнама. Қазақ. – Алматы: Білім, 1994.- 31 б.
3. Әулие ата – Қарахан. Айша бибі. Тектұрмас – Алматы. Білім, 2004.- 17 б.
4. Жәнібек Ө. Жолайрықта – Алматы: Рауан 1995.- 11 б.
5. Байпақов Қ. Қазақстанның ежелгі қалалары – Алматы: Аруна, 2005.- 114 б.
6. Жәнібек Ө. Уақыт керуені. – Алматы: Жазушы, 1992. – 112 б.
7. Сейдімбеков А. Күңгір – күңгір күмбездер. – Алматы: Жалын, 1981. – 194.
8. Бұл да сонда 201 б.
9. Бұл да сонда 201 б.