Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Дене тәрбиесі

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Темекі зияны

Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулығының түбіне жеткен (Халық даналығы).
Денсаулыққа зор кесел,
Үйрете көрме ауызды,
Насыбай менен шылымға (Шораяқтың Омары).

Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал құшқан пассажирлердің санымен салыстыруға болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді.

Темекі тартатын адам күніге орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн. рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады.

Қазір тәжірибеде денсаулық сақтау қызметінің ескертуі, дәрігерлер кеңесі, шылымқорларға шұғыл шартты рефлекс жасау, оларға жағымсыз жайттар туғызу, гипноз (сиқыр), миға код жіберу және қолдаушы топ арқылы темекі қойғызуға арналған бағдарламалар жүдә көп. Бірақ, бұлардың нәтижелері түбегейлі болмай тұр.

Сондай-ақ, оның басты зияндылықтарын айтар болсақ, төмендегідей тізім пайда болады:
1. Ерін тіл және өңеш рагына жол ашады.
2. Ас қорытуды қиындатады, тәбетті қайтарады.
3. Асқазанда жара пайда болуына көп әсері бар.

11. Темекі екіқабат әйелдерге зиян береді. Сырқат сәбидің дүниеге келуіне негіз болады. Тіпті, баланың өлі тууына да себеп болуы ықтимал. Түсік тастауға да алып келуі ғажап емес. т.б.
12. Бала емізетін әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби уланып, туберкулез, өкпе, мазасыздану т.б. сырқаттарға ұшырайды.

Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.
Темекі - адам денсаулығына қауіптілігімен қатар темекіге деген тәуелділіктің пайда болуын тудыратын өнім. Әбден дағдыланып алған құмарпаздық дерті - үйреніскен темекіден қалай құтылуға болады? Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты.

Өзіне де, өзгеге де жақсылық ойлайтын адам темекіден тездеп құтылуды ойлайтыны анық. Сондықтан, қазірден бастап қоғамымызбен бірлесе отырып, темекіге қарсы күрес жүргізіп, темекінің зияндылығын түсіндіру қажет, Ол үшін мынадай шараларды қолдануымыз керек:
1.Темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу;
2.Темекі қорабының сыртына қатаң ескертулер жазу;
3.Кәмелетке толмағандарға темекі сатуға тыйым салу;

Жалпы зерттеудің нәтижесінде, темекіден өкпе рагы, жүрек ауруы, амфизем, тыныс жолдары қабынуы сияқты аурулар пайда болады. Темекінің зияны жөнінде біраз тоқталдық, егер темекі адамдар әдетінен арылса, денсаулығы түзеліп, сауығып, өмірі бір қалыпқа түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Егемен Қазақстан газеті. 2006 №22
2. «Основы физиологии человека» Агаджанян, Власова, Ермакова.
3. Маринова Ю , Никитина А.А. «Возростная физиология»