Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Геология

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 92 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тасым алаңындағы тереңдігі 3500 метр іздеу - барлау ұңғымасын бұрғылау мәселелері


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 4
1.1 Геологиялық және экономикалық жағдайлар 4
1.2 Ауданның геология-геофизикалық зерттеу тарихы 4
1.3 Стратиграфия 5
1.4 Тектоника 8
1.5 Мұнай – газдылығы және оның болашағы 9
1.6 Сулылығы 9
1.7 Ұңғыманы қазу кезінде кездесуі мүмкін қиындық аймақтары 10
1.8 Керн алу және шлам алу аралықтары 11
1.9 Өнімді қабаттарды ашу және сынау 12
1.9.1 Қабаттарды сынаудың тәсілдері мен аралықтары 12
1.9.2 Өнімді қабатты ашу әдісі 12
1.10 Ұңғымалардағы геофизикалық зерттеулер 13
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 14
2.1 Бұрғылау тәсілін таңдау және дәлелдеу 14
2.2 Ұңғыма құрылмасын жобалау және дәлелдеу 14
2.3 Бұрғы тізбегінің құрылымын жобалау 18
2.4 Ұңғыманы жуу 26
2.4.1 Жуу сұйығының түрін таңдау және оның параметрлерін әр тереңдік аралықтары үшін тағайындау 26
2.4.2 Жуу сұйығының барлық түрі үшін саздың, судың, химиялық реогенттерін ауырлатқыштың және т.б. материалдардың шығымдарын анықтау 27
2.4.3 Жуу сұйығының дайындау химиялық өңдеу үшін және сағасына саңылаусыздыққа орнатылатын жабдықтарды таңдау 30
2.4.4 Ұңғыманы жуудың гидравликалық есебі 32
2.5 Бұрғылау қондырғысын таңдау 34
2.6 Бұрғылау тәртібінің параметрлерін жобалау 36
2.6.2 Бұрғылау тәсілдеріне байланысты, әр тереңдік аралықтары үшін жуу сұйығының шығымын жобалау 41
2.6.2 Бұрғылау тәсілдеріне байланысты, әр тереңдік аралықтары үшін жуу сұйығының шығымын жобалау 42
2.6.3 Қашауға өстік салмақпен оның айналу жиілігін жобалау 45
2.6.4 Бұрғылау тәртібінің параметрлерін бақылау 48
2.7 Ұңғымаларды бекіту 49
2.7.1 Шегендеуші құбырлар тізбектерін жобалау және оларды беріктікке есептеу 50
2.7.2 Аралық және пайдалану құбырлар тізбегіндегі төменгі құрамалары 54
2.7.3 Шегендеуші құбырлар тізбегін түсіруге дайындық жұмыстары және оларды түсіру 55
2.7.4 Цементтеу тәсілін таңдау және тізбектерді цементтеуге есептеу 56
2.8 Ұңғыманы игеру 60
3 АРНАЙЫ БӨЛІМ 62
3.1 Іздеу-барлау ұңғымаларын су негіздегі беттік активті зат (БАЗ) қолдану арқылы сынау 62
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 67
4.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау 67
4.2 Қорғаныс шаралары 68
4.2.1 Жалпылама шаралар 68
4.2.2 Өндірістік санитария 69
4.2.2.1 Жалпылама шаралар 69
4.2.2.2 Өндірістік шағын климат 69
4.2.2.3 Өндірістік жарықтама 70
4.2.2 Техника қауіпсіздігі 71
4.2.3 Электр қауіпсіздігі 72
4.2.4 Өрт қауіпсіздігі 73
4.3 Қоршаған ортаны қорғау 74
5 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 75
5.1 Ұңғы құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру 75
5.2 Ұңғы құрылыс циклының нормотиві ұзақтығын анықтау 78
5.3 Негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу 79
5.4 Ұңғы құрылысына смета жасау 80
Қорытынды 88
Қолданылған әдебиеттер тізімі 89
Аңдатпа 91
Аннотация 92

КІРІСПЕ

Тасым кен орнындағы барлау бұрғылау жұмыстарының жобасы мұнай мен газға геологиялық барлау «Атырау мұнайгазгеология» бірлестігінің жоспарымен 1986 жылы жасалды.
Бұған дейін Тасым алаңының структуралық құрамы зерттелмеген. Жобаланған Юра шөгінділеріндегі мұнайгаздың қорлары көршілес Елемес, Сазтөбе, Южная алаңдарынан алынған нәтижелерден болжанбақ. Бұл алаңдардан алынған мәліметтерге сүйенсек жобаланып отырған алаңның болашағы зор болмақ.

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Геологиялық және экономикалық жағдайлар

Жобаланған жұмыстар жүргізіліп жатқан Тасым алаңы Каспий ойпатының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан.
Геологиялық жағдайына қарағанда Тасым ауданы Батысқа қарай алаңының оңтүстік бөлігі әр түрлі көлімді сорлар еңістелген шөл дала.
Сорлар бірімен-бірі жалғасып сор ландшафты түзейді. Ауданның шығыс бөлігінде құмдақтар кездеседі. Жазықтықтың беті мұхит деңгейінен едәуір төмен жатыр.
Жазықтық пен мұхиттың түйіскен жері орташа абсолют белгіден 17-ден 22м дейін ауытқиды. Аралық сулардың деңгейі 1-5 м.
Жобаланған аудан Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімшілігіне қарасты.
Жобалау жұмыстары жүргізіліп жатқан ауданға ең жақын елде мекен Бейнеу поселкасы.

1.2 Ауданның геология-геофизикалық зерттеу тарихы

Ауданды геология-геофизикалық зерттеу 1940 жылдардан басталды.
1940-1948 жылдары А.А.Янкейннің басқаруымен Маңғышылақ және Ембі территорияларында масштабы 1:100000 геологиялық суретке көрсетулер жүргізіледі.
1948 жылы бүкіл одақтық агрогеологиялық арест ауданы жоспарлы геологиялық зерттеуге кірісті. Алғаш терең ұңғыманы бұрғылау Каспий маңының Оңтүстік-Шығыс ойпатында 1949 жылы басталды. Бұлар алғаш мезазой және полезой шөгінділерін ашып зерттеді. Сонымен қатар терең іздеу ұңғымаларын бұрғылау көршілес «Сарға», «Гагаринская», «Жайылған», «Тышқанды», «Қолтық», «Николаевская» аудандарында жүргізіледі.
Қазіргі кездерде Елемес, айырташы, Сазтөбе, Күләш алаңдарында бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.

1.3 Стратиграфия

Каспий маңайы және солтүстік үстүрт ойпаттарының геологиялық құрылымы метология – стратиграфия шөгінділері жағынан Тасым алаңы өте күрделі. Бұны біз көршілес бұрғыланған және бұрғыланып жатқан Жаңасу, Төресай, Тортай, Мыңсуалмас, Елемес алаңдарынан алынған мәліметтерден көруімізге болады. Айтылған алаңдардағы тілмелерді геология-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде мезазой және канезой шөгінділерін ашу мүмкіндігі күтіледі. Ұңғыманы жобалау барысында Тасым алаңында триас, юра, бор полеоген және төрттік жүйелері ашылуы болжанған.

1.5 Мұнай – газдылығы және оның болашағы

Тасым алаңы жоғарыда айтылғандай Оңтүстік Ембі шоқысында орналасқан. Жобаланып отырған алаң Оңтүстік шығыс ойпатында арналасқандықтан алаң астына үлкен мұнай-газ қоры жиналған. Бұған дәлел көршілес Боранкөл Қисымбай кен орындарынан алынған нәтижелер.
Төменгі бор, юра терин шөгінділерінің Тасым алаңында қалыптасуы осы тектоникалық бөлікте, мұнай газдың үлкен қоры бар екенін білеміз. Осының бәрі жобаланып отырған алаңның үлкен болашағы бар екенін дәлелдейді.

1.6 Сулылығы

Гидрогеологиялық жағынан қарағанда жобаланып отырған Тасым алаңы Каспий маңы ойпатының үлкен артезелин, көне сулар және аралық сулар кешені байқалады. Қарастырылып отырған ауданның су қоры жер астымен Шығыстан батысқа қарай Каспий теңізіне созылып жатыр. Бұл кешенде көп қабатты суға қаныққан тау жыныстары жиі кездеседі. Тұз асты шөгінділерінің гидрогеологиялық мінездемесі көршілес Боранкөл, Қолтық, Николаевская алаңдарының гидрологиялық нәтижесін қолданамыз.

1.7 Ұңғыманы қазу кезінде кездесуі мүмкін қиындық аймақтары

Жобаланған алаңның ұңғымасын қазу кезінде жатқан көршілес ұңғымалардың мәліметтеріне сүйеніп болжаймыз.
Әр түрлі мүмкін апаттардың мысалы мұнай газ бүліну жуу сұйығының жұтылуы, құбырының ұсталынып қалынып алдын алу үшін бұрғылау жұмыстарын міндетті түрде сапалы жуу сұйықтарымен жүргізілуімен тиіс.
Тасым алаңында бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін жуу сұйықтарын төмендегідей параметрлерімен жүргіземіз.

1.8 Керн алу және шлам алу аралықтары

Керн, шлам судың, мұнайдың газдың үлгілерін алу сазды ерітіндіні алу геофизикалық зерттеу кешені болып табылады. «Недра» снарядымен үлгі алудың мақсаты тау жыныстарының стратиграфиялық шекараларын коллекторлық қасиетін анықтау.
Керн алу жұмыстары бұрғылаудың жалпы жұмыстарының 7% алады. Яғни 270 м «Недра» снарядымен бұрғылаған кезде керн алу көлемі 60% болуы керек. Егер бұрғылау кезінде керн алу көлемі мұнай газ бүлінудің тікелей көлемі біліне бастаса, жабық жүйені пайдаланып мұнай – газды айырғыштан өткіземіз.

1.9 Өнімді қабаттарды ашу және сынау

1.9.1 Қабаттарды сынаудың тәсілдері мен аралықтары

Өнімді қабатты ашу үшін жуу сұйықтарының паралистрлерін геолого-техникалық құжатта берілген нұсқауға сай болуы керек.
Келесі ұңғымалардың өнімді қабатын ашу үшін қазылған ұңғымалардан алынған мәліметтерге қарап салыстырып отырмыз. Ұңғыманың тереңдігі жобаланған тереңдікке жеткеннен кейін ұңғымаға өндірістік геофизикалық зерттеулер жүргізіледі. Одан әрі жобаланған цементтеу бекіту ұштастыру, ұңғыманың сағасын фонтанды арматурамен ұштастыру жұмыстары қарастырылады. Құбырларды геометриялық жағдайда сынайды. Одан әрі өнімді қабатты мұнай газ, су – құйылыстарын алуға сынайды.

1.9.2 Өнімді қабатты ашу әдісі

Өнімді қабатты зерттеу негізінен ұңғыманы сынаудың кезінде жүргізіледі. Бұл зерттеулердің мақсаты: алынған мәліметтерді жинақтап өнімділік коэффициентін, тау жынысының су өткізгішін т.б. барлауға жоба жасауға қажетті материалдарды алу. Ұңғымаға берілетін мұнай құйысының көлеміне байланысты өнімді қабатты ашудың әдісі таңдалады.

1.10 Ұңғымалардағы геофизикалық зерттеулер

Өндірістік геофизикалық зерттеулер ұңғыманың геологиялық тілмесін зерттеп, техникалық жағдайын бағалау жұмыстар кешенінен тұрады.

1-ші кесте. Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу кешені

2 ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Бұрғылау тәсілін таңдау және дәлелдеу

Қазіргі кезде біздің елде бұрғылаудың үш тәсілі бар: түптік қозғалтқыш, роторлық және электробұрғылау. Бұрғылау тәсілін біз бұрғыланып біткен ұңғымалардан алынған мәліметтерге сүйене отырып немесе арнайы ұңғымалардан алынған геофизикалық зерттеулерге нәтижелерін қолдана отырып таңдаймыз. Бұрғылауға қолданылатын қашаудың түрін, типін және бұрғылау режимінің параметрлерін, сол алаңда қазылып болған ұңғымалардан алынған қашаудың жұмыс көрсеткішін, бұрғылауда кездескен литологиялық тау жынысының құрамына, қабат қысымына гидрожарылу қысымына сәйкестендіріп таңдайды.

2.2 Ұңғыма құрылмасын жобалау және дәлелдеу

Ұңғыма құрылмасы – бұрғылаудың техника-экономикалық көрсеткішімен анықтайтын ең басты факторлардың бірі. Ұңғыма күрделі құрылыс сондықтан ұңғыма құрылмасына жобада көп көңіл бөлінеді. Ол берік саңлаусыз, жобаланған тереңдікке жету мүмкіндігі және геологиялық зерттеу міндеттерін толық атқаруы керек. Сол сияқты ол жер қойнауы туралы заңды, қоршаған ортаны ластанудан сақтау ережелерін бұзбауы тиіс.

2.3 Бұрғы тізбегінің құрылымын жобалау

Бұрғы құбырлар тізбегін беріктікке есептеу
Бұрғы құбырлар тізбегі ұңғыманы қазу кезінде бұрғылау қашауларына электр энергиясын механикалық энергияға айналдырып береді, ұңғыма түбіне жуу сұйықтарын жеткізеді, қашауға өстік салмақ береді.
Сағалық бағыттауыш құбырлар тізбесіне бұрғылау үшін ТВНК-140 мм құбырлар таңдап аламыз.
Пайдалану құбырлар тізбегіне бұрғылау үшін 114 мм және 127 мм ТБПВ құбырлар пайдаланамыз.
Қашау диаметріне байланысты ауырлатылған құбырларды 29 [18] таблица бойынша таңдаймыз
Біздің ұңғыманың геологиялық жағдайына байланысты бағыттауыш және аралық құбырлар тізбегіне осы таблицаны пайдаланып диаметрі 146 мм ауырлатылған құбырлар таңдап аламыз.

1. 0-3500 м аралығындағы бұрғылау тізбегін есептеу. Бұрғылау тәсілі роторлы осы арадағы бұрғылау тізбегін есептеу үшін диаметрін алдыңғы бөлікке түсірілген шегендеу құбырларының диаметріне байланысты аламыз 31[2].
а) І-бөліктің ұзындығын анықтаймыз. Беріктің қорын 1,45 деп аламыз.

2.4 Ұңғыманы жуу

2.4.1 Жуу сұйығының түрін таңдау және оның параметрлерін әр тереңдік аралықтары үшін тағайындау

Ұңғыманы үлкен тереңдікке бұрғылау кезінде оны жуу геологиялық және техникалық себептерден қиындайды. Бұрғылау тәжірибесінен біз ұңғыманы қазу жылдамдығы, бұрғылау сұйығына қосатын химиялық реагенттер және жуу тәсілін дұрыс таңдауға тікелей байланысты екенін көрдік. Сондықтан жобаланып отырған ұңғымада қолданылатын жуу сұйығының құрамы мен қасиетін барысында біздің жуу сұйығының геология – техникалық және экономика – материалдық жағдайына сай болуы тиіс.
Ұңғыманы бұрғылау кезінде, жуу сұйықтары төмендегі талаптарды қанғаттандыруы тиіс.
- бұрғылау тау жыныстарын жер бетіне көтеріп шығару.
- ұңғыма түбіндегі тау жыныстарының бұрғылануына көмектесу және қашауды суытып тұру.
- ұңғымадан су, мұнай, газ көтерілуін болдырмау үшін, ұңғыма қабырғасына физикалық - химиялық әсер тигізу.
- өнімді қабатты ашу кезінде мұнай газ коллекторларына кері әсер тигізбеу.
Ұңғыма тереңдеген сайын жуу сұйығының құрамы өзгереді, оған бұрғыланған тау жыныстарының құрамы мен қасиеті және ұңғыманың температурасы әсер етеді.
Жуу сұйығының құрамын өзгерту немесе бір қалыпты ұстап тұру үшін ұңғыма тереңдеген сайын оны қосымша өңдеп тұрады. Қосымша өңдеу кезінде ұңғыманың геологиялық тілмесіне байланысты реогентпен материал түрі таңданылады.
Көршілес алаңдардағы бұрғылау тәжірибесіне қарағанда жуу сұйығының төмендегі параметрлерін таңдаймыз.
1. 0-ден 800 м тереңдікке дейін кәдімгі жуу сұйығымен бұрғыланады. Ол бұрғыланған тау жыныстарынан айырылған, саз ұнтақтарынсыз, ауырлатылмаған жуу сұйықтары қолданылады.
800-ден 1800 м тереңдікке дейін жуу сұйығын КМЦ, крахмал мұнай, графит, техникалық тұзбен өңдеу керек.
Осы аралықта бұрғылау жұмыстары дұрыс жүру үшін, төмендегідей, параметрі бар сазды ерітіндіні қолданамыз

2.4.3 Жуу сұйығының дайындау химиялық өңдеу үшін және сағасына саңылаусыздыққа орнатылатын жабдықтарды таңдау

Қазіргі кезде химиялық реагентті ауырлататын бұрғылау ерітінді дайындауға қос білекті механикалық араластырғыш машиналары қолданылып отыр.

2.5 Бұрғылау қондырғысын таңдау

/Бұрғылау жабдықтары мен мұнара/
Бұрғылау қондырғысының түрін таңдау үшін міндетті түрде МЕСТ 16293-82 жүгіну керек және бұрғылау жұмыстары жүргізілетін алаңнан тпбиғат, геологиялық, энергетикалық қатынас жолдары, байланыс және басқа да жағдайларға көп көңіл бөлу керек.
Берілген техникалық жобамызда Тасым алаңындағы барлау ұңғымасын бұрғылау үшін бізге 3500 метрге турбо және роторлық тәсілмен бұрғылау үшін, осыған сай бұрғылау қондырғысы конструкциялық тораптар және мұнара таңдап алуымыз керек.
Ұңғыманы дұрыс қазуымыз үшін таңдалынып алынған бұрғылау қондырғысының жүк көтергіштігі тізбектің жалпы салмағынан 70%-ға артық болуы тиіс.
Тереңдігі 3500 м жобаланған ұңғымамыздың бұрғылау тізбегінің ең үлкен салмағы 1,18 мн. Сондықтан бұрғылау қондырғысының (0,99

2.6 Бұрғылау тәртібінің параметрлерін жобалау

Бұрғылау тәртібі дегеніміз – бұрғышының қалауымен өзгеруге болатын бұрғылау көрсеткішіне әсер ететін параметрлер жиынтығы.
Бұрғылау тәртібінің параметрлерін қашауға түсірілетін салмақ Сқ, айналу жиілігі n, жуу жұмысының тұтыну мөлшері Q жатады.
Әр бұрғылау тәртібінде өзіне тән сандық және сапалық көрсеткіштер бар. Сандық көрсеткішке өнімділіктің механикалық жылдамдығы Vтех қашаудың тозу жиілігі жатады. Ал сапалық көрсеткішке ұңғыма оқпанының ауытқу дәрежесі, керн алу жатады.

2.6.3 Қашауға өстік салмақпен оның айналу жиілігін жобалау

Тау – жынысының физика-механикалық қасиеттеріне қарап берілген алаңдағы ұңғыманы 11 аралыққа бөлеміз.
Роторлық бұрғылау тәсілінде қашауға түсірілетін өстік салмақ ауырлатылған бұрғылау құбырларының салмағымен анықталады. АБҚ-ның салмағы жалпы бұрғылау құбырларының 80%-тен аспауы керек.
Тау жынысының көлемдік бұзылуының ең аз керекті мөлшерін алу үшін қашауға түсірілетін өстік салмақты төмендегі формула бойынша анықтаймыз.

2.6.4 Бұрғылау тәртібінің параметрлерін бақылау

Ұңғыманы қазу процесі ең күрделі де жауапты жұмыстардың біріне жатады.
Сондықтан қазу жұмысына тікелей қатысты бұрғылау тәртібінің параметрлерін бақылау, бұрғылау бригадасы инженер, бұрғылау жұмысының басқармасының мұқият көңіл бөлуін талап етеді.
Қазір бұрғылау кезінде төмендегідей бақылау өлшегіш құрылғылар қолданып жүр.

2.7 Ұңғымаларды бекіту

Бұрғылау кезінде әр түрлі қасиеттері бар тау жыныстары белгілері ашылады. Олар бір-бірінен физика-механикалық қасиеттерімен, литологиялық, қанығу, анамольді коэффициенттері мен ерекшеленеді. әр түрлі орнықсыз опырылғыш тау жыныстары кездеседі. Мұндай тау жыныстары тез үгітіліп опырылады. Бұл ұңғыма қабырғасының бұзылуына әкеліп соғады сондықтан ұңғыма қабырғасының бұзылуының алдын алу үшін біз оның қабырғасын бекітуіміз керек.

2.7.1 Шегендеуші құбырлар тізбектерін жобалау және оларды беріктікке есептеу

Шегендеуші құбырлар ұңғыманы цементтеуге ең негізгі элементтің бірі.
Тізбек түріне байланысты кондуктор, аралық пайдалану шегендеуші құбырлардың жұмыс жағдайы өзгереді.
Ең қиын ауыр жағдайда пайдалану шегендеуші құбырлары болады.
Шегендеуші құбырларды түсіру цементтеу және басқа да жұмыстар кезінде құбырлар әр түрлі қиындықтарға ұшырайды. Олардың негізгілері болып өз салмағының әсерінен құбырдың созылуы, ішкі цементтеу немесе атқылау кезінде ішкі қысым болып табылады.
Созылу үшін құбырдың түгел бойына әсіресе жоғарғы жағына көп әсер етеді.
Соған сәйкес, ұңғыманы пайдалану кезінде шегендеуші құбырлардың ең төмен жағына, жоғарғы қабат, қысымдары әсер етеді. Сондықтан пайдалану шегендеу құбырларына әсер ететін күштерді бөлек-бөлек есептейді.

2.7.2 Аралық және пайдалану құбырлар тізбегіндегі төменгі құрамалары

Шегендеуші құбырларда түсіру, бекіту пайдалану кезінде тізбекті қосу ажырату түсіру жеңілдету және басқа да мақсаттарда тізбек электрлік қолданылады.
Шегендеуші құбырларының башмағы.
Башмақ шегендеуші құбырды ұңғыма оқпанымен түзу бағыттап тұру үшін және түсіру кезінде тізбек ұщын зақымдалудан сақтау үшін қолданылады.
Башмақ қалың қабырғалы келте-құбыр, бір жағы шегендеу құбырының ұшына бұранда арқылы бекітіледі, ал бір ұшы бағыттауыш тығынмен жабдықталған. Бағыттауыш тығын алюминий шойын, бетон немесе ағаштан жасалуы мүмкін.

2.7.3 Шегендеуші құбырлар тізбегін түсіруге дайындық жұмыстары және оларды түсіру

Ұңғымаға әкелінген шегендеуші құбырлардың мемлекеттік стандартқы сәйкестелген сапалық сертификаты болуы керек. Барлық шегендеуші құбырлардың сыртқы пішінін, маркасын ұзындығын тексеріп шығу керек. Құбырда – жарық, тесік, шытынаған жерлер бұрандалары зақымдалған диоплеті 1,3 мм көп ауыту болса бұндай құбырларды жарамсыз деп танып, диаметрін цилиндр тәрізді шойлонмен тексереміз.
Құбырларды бір-біріне бұранда арқылы жалғағанда бұраулы манометр арқылы жүргіземіз.

3 АРНАЙЫ БӨЛІМ

3.1 Іздеу-барлау ұңғымаларын су негіздегі беттік активті зат (БАЗ) қолдану арқылы сынау

Терең іздеу-барлау ұңғымаларын сынаудың жаңа тәсілін алғаш «Маңғышлақмұнайгаз барлау» басқармасы ұсынды.
Бұл тәсілдің ерекшелігі ұңғымаға мұнай газ құйылысының қарқынын арттыру және ұңғыманың құрылысына кететін жалпы уақытты қысқарту.
1986-1988 жылдар барысында сынау жұмыстары «Қаратұрым, Комсомольская, Хайрулла, Тайсүрна, Тасым, Манаша іздеу барлау ұңғымаларында жүргізіледі. Осы жылдар арасында барлығы 62-объекті сынайды. Оның 12-сінде қабатты ашу кезінде БАЗбен өңделген хлоркальцийлі ерітінді қолданылды.
Ұңғымаға құйылыс шақыру жуу сұйығын су негіздегі 12% хлоркальций БАЗ (мл-80) алмастыру арқылы жүргізіледі.
Ұңғыма түбі маңайындағы қабаттарды деколаматациялау, уақытша қысым беру тәсілімен гидродинамикалық әсер ету арқылы жүзеге асырылады.
Ұңғыманы игеру БАЗ негіздегі екі фазалы көбікпен электро ЭЖГ-1 көмегімен жүргізіледі. Өндірістік тәжірибелер нәтижесінде біз ұңғымаға мұнай газды шақыру екі фазалы көбекті ерітіндінің көмегімен жүзеге асырған қауіпсіз және тиімді екенін көреміз. Бұл тәсіл технологиялық жағынан қарапайымдылық жағынан және қауіпсіздік жағынан ерекшеленеді.

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

4.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау

Терең ұңғымамаларды бұрғылау практикасы көрсеткендей бақытсыз оқиғалардың бір себебі болып ұңғымаманы тұрғызуда технология мен техниканың жеткіліксіздігі болып табылады.
Ол үшін жобада келесі жағдайлар қарастырылады:
- мұнай-газ білінуін ескерту;
- мүмкін басқа шиеленістерді ескерту;
- ұңғымама тұрғызуда апат болдырмау үшін жағдай жасау.
Бұрғылау жұмыстарына дайындықтан бастап оны пайдалануға беруге дейінгі цикл ішінде бұрғылау бригадасының жұмысшыларына және басқа да жұмыстарды жүргізу үшін шақырылған бригадаларға (монтаждау, цементтеу, қабат сынағыш) әр түрлі қауіп түрлері төнеді. Осы қауіп көздерін мынадай түрлерге бөлуге болады:

4.2.2 Өндірістік санитария

4.2.2.1 Жалпылама шаралар
Кейбір өндірістік проценттер жоғары және дірілмен сипатталынады. Дыбыстың нормаланатын параметрлері дыбыстың орта квадраттық қысымы болады.
Желдетудің талаптары бойынша мұнай шығаратын обьектілерінде, компрессорлық станцияларында жиналған газда күкірт-сутегі болғанда оны жалпы алмасу желдетуімен шығарады.
Көбінесе, төменгі зонада керек кездерде зиянды газдардың көзінің қасында желдетуді қолданады.

4.3 Қоршаған ортаны қорғау

Қазақстан Республикасының конституциясына сай: «Өмірге мен адам денсаулығына пайдалы әрі жақсы етіп, қоршаған ортаны қорғаушы мемлекетіміз мақсат ұстанады. Өмірге және адам денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар мен фактілерді қызметтес адамдарды заңға байланысты жауап тартылады» (31-бап). Біз яғни Қазақстан Республикасының тұрғыны Конституцияға сай табиғатты сақтап және табиғи байлықтарға сақ көзбен қарауға міндеттенеміз.

5 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

5.1 Ұңғы құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру

Тасым алаңындағы ұңғы бұрғылауда «Маңғыстаумұнайгаз барлау» кешенді экспедициясы жүргізіледі. Ол өз мойнына бүкіл өндірістік және шаруашылық істерді алады және бұрғылау жұмыстарының техника технологияық жоба бойынша жүргізілуін қадағалайды.
«ММГБ»-ның басшысының бірінші қос басшысы бас инженері. Ол өндірістің техника-технологиялық құрылысына басшы ретінде толық жауап береді.
Бас геолог – ол өндірістің геологиялық бөліміне басшы ретінде толық жауап береді. Өндірістік жалпы экономикалық қызметіне бас экономист жауап береді. Өндірістің әр түрлі жеке қызметтеріне жауап беретін арнайы бөлімдер құрылған.
Бұрғылау кезінде жедел тәуліктік тапсырмаларға Орталық-технологиялық қызмет (ОТҚ) жауап береді.

5.2 Ұңғы құрылыс циклының нормотиві ұзақтығын анықтау

Ұңғы құрылыс циклінің нормативті ұзақтығы - жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыруға, экспедиция қызметшілеріне және ұңғы құрылысы процесіне қызмет көрсететін қосымша мекемелерге байланысты.
Ұңғы құрылысы төмендегідей жұмыс кешенін атқарады:
1. Дайындау жұмыстары (іргетас қалау)
2. Бұрғылау қондырғылары бұрғылау мұнараларын құрастыру немесе тасымалдау.
3. Бұрғылау және күш қондырғыларын монтаждау.
4. Ұңғыны бұрғылауға дайындық жұмыстары.
5. Ұңғыны қазу және бекіту.
6. Ұңғыны өнімділікке сынау.
7. Бұрғылау және күш қондырғыларын демонтаждау.
Ұңғы құрылысының өндірістік циклы мұнараны монтаждаудан басталып ұңғыны өнімділікке сынаудан аяқталады.

5.4 Ұңғы құрылысына смета жасау

Ұңғы құрылысының шығынын анықтау үшін, құрылысқа кеткен жалпы шығынның схемасын жасау керек.
Смета төрт бөліктен және қосымша статьялардан тұрады.
І-бөлім. Ұңғы құрылысына дайындық жұмыстар.
ІІ-бөлім. Мұнара мен бұрғылау қондырғыларын монтаждау демонтаждау.
ІІІ-бөлім. Ұңғыны бұрғылау және бекіту.
IV-бөлім. Ұңғыны өнімділікке сынау.
Қосымша статьяларға: өндірістік геофизикалық зерттеулерге кететін шығын, қыс мерзімінде жұмысшыларға кететін шығын, премияға кететін шығын. Ауданның әр түрлі жағдайларына байланысты жұмысшыларға қосылатын қосымшама ақы.

Қорытынды

Дипломдық жобаны құрастыру кезінде мен негізгі бас бөлімді қарастырдым.
- Геологиялық бөлім
- Техника-технологиялық бөлім
- Арнайы бөлім
- Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны ластанудан сақтау
- Экономикалық бөлім.
Бірінші бөлімді жобалау кезінде, Тасым алаңының мұнай-газды қабаты Триас шөгінділерінде орналасқанын көреміз.
Қаралып отырған ұңғымамыздың өнімді қабатын ашқан кезде жуу сұйығына ауа көпіршіктеріне қосу ұсынылады.
Дипломдық жобаның негізгісі болып саналатын екінші бөлімде, техника-технологиялық мәселелерді қарастырдық.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Аманқұлов А.С. Проектирование конструкций скважины и буровых установок. Алма-Ата: Изд.КазПТИ, 1979.
2. Аманқұлов А.С. Руководство по состоянию дипломного проекта студентами специальности 0909. Алма-Ата: Изд.КазПТИ, 1990.
3. Аманқұлов А.С. Проектирование параметров режима бурения турбобурами новых конструкций. Алма-Ата: Изд.КазПТИ, 1981.
4. Аманқұлов А.С. Руководство по расчету обсадных клонн для нефтянных и газовых скважин часть №1 Расчет эксплуатационных обсадных колонн. Алма-Ата: Изд.КазПТИ, 1979.
5. Аманқұлов А.С. Руководство по расчету обсадных колонн для нефтянных и газовых скважин чать №2 Расчет промежуточных обсадных колонн. Алма-Ата: Изд.КазПТИ, 1980.
6. Булатов А. Вермушевский А.С. Тампонажные материалы учебника. М: Недра 1981.

Аңдатпа

Осы ұсынылып отырған жобада Тасым алаңындағы тереңдігі 3500 метр іздеу – барлау ұңғымасын бұрғылау мәселелері қаралған. Жұмыс ауданының геологиялық жағдайы берілген.
Техникалық-технологиялық бөлімде қажетті есептеулер жүргізілген. Сол сияқты қауіпсіз жұмыс жүргізу, қоршаған ортаны ластанудан сақтау мәселелері де қарастырылған.
Арнайы бөлім ұңғыманы сынауды БАЗ-дың көмегімен жүргізу тәсіліне арналған. Сонымен қатар жобада іздеу-барлау ұңғымасын бұрғылаудың экономикалық негіздері келтірілген.

Аннотация

В настоящем проекте рассмотрены вопросы проводки поисково – разведочной скважины глубиной 3500 метр6 на площади Тасым. Дано геологическое описание района работ.
Производены необходиме расчеты по технико-технологической части. Рассмотрены вопросы безопасного ведения работ, охраны окружающей среды и недр.
Специальная часть проекта посвещена вопросу испытания скважины с применением ПАВ. В проекте так же данор экономическое обоснование проводки поисково-испытательной скважины.