Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жаратылыстану ғылымдары

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 7 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Күйлердің рухани тәрбие болатын сипаттары

Музыка – адам сезімінің нәзік тілі, яғни адамдардың бір-бірімен эстетикалық тәрбие беруде адам өмірінде музыканың атқаратын рөлі аса зор. Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетіне тәрбиелеу ісін жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлінше көніл бөлуіміз керек.

Қазақ ұлтының өнер саласындағы қасиеттеп маңдайға басар мақтанышы – домбыра. Оның қос ішегінен күмбірлей төгілген құдіретті күй талайды тамсандырып, таңдай қақтырары шүбәсіз. Сондықтан біз домбыра сыныбында оқитын студенттерге Құрманғазы мен Динаның қуатты күйлерін үйретіп қана қоймай, оның мазмұнына, шығу тарихына, айтайын деген ойына терең бойлап, түсініп ойнауға баулуға тиіспіз.

Ата-баба ұстаған бұл киелі домбыраны меңгеру арқылы өз даналықтарын өлместей мұра қылып, дамытпаған қазақ баласы кемде-кем десе болады. Өйткені, осы домбыра аспабы негізінде талантты адамдар ауыз әдебиетінің негізін қалап, дамыта отырып бізге жеткізді.

Домбыра – адам тәріздес басы, екі құлағы, екі көзі, мойыны, екі ішекті сөйлейтін тілі бар ауыз әдебиетінің түрлі салаларын жеткізуші аспап. Домбыраның көмейінен күңірене құйылған күй, шыққан үн, пернеден қосылған дыбыс асыл сөздердің маржанын жинаған және оны кеудесіне сыйғыза білген көненің көзі. Киелі домбыра аспабының үні бар жерде жамандық иесі болмайды. Ол адамның рухани жан дүниесін музыка арқылы емдеп, мінез-құлқын жөндеуге, шығармашылықпен ізденуге, байсалды, сабырлы болып еңбек етуге үйретеді.