Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 46 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Фразеологизмдердің зерттелуі


Мазмұны

Кіріспе 3

1 Фразеологизмдердің зерттелуі 5
1.1 Сын есімдердің зерттелуі 8
1.2 Фразеологизмдердің сөз табына қатысы 10
1.3 Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі 11
1.4 Есімді фразеологиялық тіркестердің күрделі сөздерден айырмашылықтары 16

2 Сын есім компонентті фразеологизмдердің тақырыптық мағыналық топтар 23
2.1 Сын есім компонентті фразеологизмдерді мағыналық топқа жіктеу 23
2.2 Сапалық сын есім компонентті фразеологизмдер 24
2.3 Сапалық мағынаны білдіретін фразеологизмдер 37
2.4 Көлемі мен аумағын білдіретін фразеологизмдер 38
2.5 Дәмі мен исін білдіретін фразеологизмдер 39

3 Қатыстық сын есім компоненті фразеологизмдер 42

Қортынды 44

Пайдаланған әдебиеттер 46

Кіріспе

Тіл мен халық – біртұтас. Тіліне қарай ұлтын тану – ежелгі дағды. Ұлттық ерекшеліктің бастысы да тіл. Халқымыздың ұлттық санасын, сапалық белгілерін айқындай түсетін неше алуан әдет – ғұрып, салт – сана, мінез – құлық, қасиет – қалыбы тілдік танымында тікелей көрініс тапқан. Өмірдің барлық саласын қамтитын ішкі мазмұн бай мағынамен көзге түсетін, тілімзге бейнеліде мәнерлі рең үстейтін, күрделі құрылым – құрылысы бар фрозеологизімдер – ана тіліміздің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін тұлғалар. Олар тіл элементтері ілімде өзінің ұлттық нақышы мен көзге түседі.
Фрозеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын құбылыс материалы. Фрозеологиялық тіркестер қай – қайсысын болмасын бәрі де алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қолданылған. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болады.
Зеріттеудің өзектілігі. Қазақ халқының даналығын, дүниетаным - көзқарасын тілінде түйіндеген сыйғыза білген, сөзді үнеммен дәл де нақты қолдануды дағды еткен. Осы орайда өзінің оброздылығымен, эксперментті – эмоционалды баянаду мен көзге түсетін фрозеологизмдерді қолданып ұрпақтан – ұрпаққа мұра еткен. Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс халық тілінің басқа эксперменттерімен байланысты біте қайнасып келе жатқан фрозеологизмдерді оқып, танымайынша тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес.
Қазақ тілінде есім мағыналы прозеологизмдер, оның ішінде сын есім компонентті фрозеологизмдер тілімізде түрлі мақсатта қолданылады, бірақ олар өз алдына зерттіеу нысаны болған емес. Сын есім компонентті фрозеологизмдердің морфологиялық құрлысын, синтаксистік қызыметін, семантикалық категориясын анықтап, мағыналық жағынан топтастыру, яғни олардың табиғатын ашу бүгінгі күн талабы болып отыр. Жұмысымыздың өзекті мәселесі осыдан келіп шығады.
Зерттеудің нысаны – қазақ тіліндегі сын есім конпонентті фрозелогизмдер, олардың семантикасын, мағыналық тақырыптық топтарын.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Сын есім компонентті прозеологизмдердің грамматикалық, лексикасемантикалық сипатын ашу мақсатында зерттеу жұмысы алдына төмендегідей міндеттер қояды:
- Фрозеологизмдерді мағына белгісі жағынан талдау;
- Есімді фрозеологизмдерді күрделі сөздерден айыру мәселесін саралау;
- Сын есім компонентті фрозеологизмдерді лексикасемантикалық топтарға жіктеу, әр мағыналық топқа сипаттама беру.
- Зерттеу материялдары. І. Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фрозеологиялық сөздігінен» (1977), он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» (1974-1986), сондай – ақ көркем әдебиет пен халық ауыз әдебиеті туындыларынан, баспа сөз материялдарынан жиналды.
- Зерттеудің жаңалығы қазақ тіліндегі сын есіим компонентті фрозеологизмдердің жеке зерттеу нысаны болуымен байланысты:
- Компонет құрамына талданды
- Көп мағыналылық, синоним, антоним категориялары ажыратылды
- Мағыналық – тақырыптық тұрғыдан топтастырылды
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
Қазақ тіліндегі сын есім компонетті фрозеологизмдерді теориялық тұрғыдан қарастырудың нәтижелері тіліміздегі фрозеологизмдерді сөз тобына қатысты жіктеп, олардың семантикалық категорияларын, мағыналық топтарын ажыратып, саралауға септігін тигізеді.
Зерттеу нәтижелерін қазақ тіл білімінің лексикология және фрозеология, грамматика салалры бойынша жүргізілетін практикалық сабақтарда пайдалануға болады.
Зерттудің әдістері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат – міндеттерді шешу үшін мынандай әдістер басшылыққа аланжды яғни жұмыста сипаттамалы әдіс, семантикалық – структуралық әдіс пайдаланылды. Бұл әдіс бойынша сын есім компонентті фрозеологизмдер мағыналық топтарға ажырытылды.
Зарттеудің методологиялық және теориялық негізі. Қазақ тіл білімінің К. Аханов, С. Аманжолов, Х. Қожахметова, І. Кеңесбаев, С. Сәтеннова, Ә. Болғанбаев, Б. Қалиев, Г. Смағұлова сынды ғалымдарының ғылыми еңбектері мен тұжырымдары басшылыққа ашылды.
Зерттеудің құрылысы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Сілтеме көрсетілген, пайдаланылған әдебиеттер мен мысалдар алынған көркем шығармалар тізімі берілген.

1 Фразеологизмдердің зерттелуі

Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан баталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілер назарына ілігіп, зерттеу объектісіне айналып, әлі толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болды:
- ХХ ғасырдың ортасы мен 60 жылдар арасы – қазақ фразеологиясын теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
- 60 – 70 жылдар – қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
- ХХ ғасырдың соңғы он жылы – фразеологизмдерді, этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу және салыстырмалы фразеология.

1.1 Сын есімдердің зерттелуі

Қазақ тіл білімінде сын есімдер жеке – жеке еңбектер, мақалалар, мектеп, жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде айтылғаны белгілі.
Осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, шырай категориясы, семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметі, олардың синтаксистік тіркесу қабілетіне біршама көңіл бөлінді.
Жалпы сын есім категориясының зерттелуі ХІХ ғасырдан басталады. Оның өзінде де сын есім жеке зерттелген емес. Сын есімнің зерттелуін М.А.Казембектің «Түркі – татар тілінің жалпы грамматиаксы» еңбегінен бастау керек. Профессор Н.К.Дмитриев сын есімнің морфологиялық жақтарын сөз етеді, түркі тілдеріндегі сын есімді тұлға жағынан негізгі және туынды деп бөлген.
Қазақ тіліндегі сын есімді алғаш сөз еткендердің бірі – М.Терентьев. Ол сын есімді жан – жақты қамтымағанымен, оның кейбір жеке мәселелері турасында дұрыс пікір айтады, мәселен, сын есімді ол өз алды сөз табы деп, оның салыстырмалы, таңдаулы шырайына, олардың жасалу жолына тоқтайды.

1.2 Фразеологизмдердің сөз табына қатысы

Фразеологиялық тіркестердің мағына белгілеріне тоқталмас бұрын, фразеологизмдердің сөз табына қатысы жайлы бір – екі ауыз сөз қозғай кетсек.
Фразеологизмдерді сөз таптарына қарай жүйелеу жайлы пікірлер тілді зерттеушілер тарапынан айтылып жүр. Бұл мәселе қазақ лингвисттері назарын да тыс қалмаған мәселен Кеңесбаев Г. (1977), Қайдаров А., Жайсақова Р. (1979), Болғанбаев Ә. (1988), Қожахметова Х. (1972), Смағұлова Г. (1993) сынды зерттеушілер фразеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатысын тілге тиек етеді.

1.3 Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі

Тілдердің негізгі тұлғасы сөз және сонымен қатар синтаксистік саланың басты единицасы сөз тіркестері – міне осылармен сын есімді фрозеологизмдіқатар қойып зерттеу оның нақты белгілерін анықтауға көмектеседі. Есімді фрозеологизмдердің мағынасы жеке өзіне тән, тұтас мағына да, құраушы сыңарлардың мағынасымен және сөздердің тіркесу қабілеті туралы міселемен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан сөздерге арақатысты, олармен кейбір белгілерімен жақындасса, енді бір белгілерімен олардан алшақтайды.

2 Сын есім компонентті фразеологизмдердің тақырыптық мағыналық топтар

2.1 Сын есім компонентті фразеологизмдерді мағыналық топқа жіктеу

Өмірдің барлық саласын қамтып ішкі мазмұны жағынан өте бай болып келетін тілімізге бейнелі және мәнерлі рең бертін, өзіндік құрылысы мен белгі мағынасы болатын фразеологизмдер көптеп кездеседі.
Фразеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын құрылыс материялы. Фразеологиялық тіркестер қай қайсысы болмасын бәрі де алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болады.

2.3 Сапалық мағынаны білдіретін фразеологизмдер

Түр – түсті білдіретін сын есімдермен қатар сапалық мағынаны білдіретін сын есімдерде фразеологиялық бірліктер құрамында кездеседі:
Жақсы айтты Дұрысын сөйледі, орынды сөз сөйледі.
Жақсы ата Беделді, текті қабырғалы ата баласы.
Жақсы атанды жақсы атты болды, ауызға ілінді.
Жақсы ат жоқ Қанша бейнеттеніп, тырбынса да, мақтау ала алмады, еңбегі зая болды.
Жақсы атты болды Тәуір атанған, ел аузына ілінген, мақтаулы атқа ие болған кісі.
Жақсы атты көрінді Жағымпазданды, жалпақтады.
Жақсы аты келеді Аброй – атағы, мақтауы саған болады.
Жақсы – жаманды ажыратты Өлер жерін білді, оң мен солын таныды.
Жақсы жатып, жәйлі тұрыңыз Ұйықтар кезде, жатар алдында айтылады.
Жақсы ит өлігін көрсетпейді Өзін ешкімге қорлатпайды, көз түрткі болмай шетке кетеді.

2.4 Көлемі мен аумағын білдіретін фразеологизмдер

Үлкен есеппен жасады Белгілі бір пікірмен істелді, алдына зор мақсат қойды.
Үлкен үй көне. Үлкен ата, кәрі әже отырған үй.
Жолы үлкен Бас рудың адамы, не атасы, әкесі үлкен кісі туралы айтылады; қызмет бабы жоғары кісі туралы да айтылады.
Қолақпандай үлкен Еңгезердей, сойдауыттай.
Кіші бесін Күн төбеден ауып, кешкірген кез. Тек мойындары ырғайдай, беттері торғайдай болғанда, кіші бесін кезінде бір қалың қамысқа жетті (қазақ ертегісі).
Кіші дәрет сындырды Түзге отырды.
Кіші пейіл Мінезі сынық, сыпайы, инабатты.
Ауырдың үсті,жеңілдің астымен жүрді ауырмен жеңілдің арасынан өтті Істің оңайына жүретін, ауыр бейнетсіз, жанға жайлы жағына ұмтылатын кісіге айтылады.
Жеңіл жүрді Жылы киімсіз, жеңілтек Киммен жүрді.
Жеңіл жүрісті Жұбайының көзіне шөп салы, жат мінезге түскен кісіге айтылады.
Жеңіл тиді Ауыр болмады, оңайға соқты.
Аузы жеңіл Не болса, соны айта салатын жеңіл мінезді кісі.
Кең балақ, жалпы етек Қолынан іс келмейтін, олақ, салдыр салақ, шаруасы ұқсап жатпайтын кісі.

3 Қатыстық сын есім компоненті фразеологизмдер

Жалпы фразеологиялық тізбектер құрамында сапалық сын есіммен қатар қатыстық түрі де қатысады. Мысалы :
Көкірегі көзді, көзі ашық, надан ұқпас сөзді
Сөзді ұғар көкірегі болса көзді
Қадырын жақсы сөздің білер жанға
Таппай айтпа, оған да айтар кезді. (Абай)
«көзді» қатыстық сын есім «көзді» зат есіміне – ді сын есімін тудырушы жұрнақ арқылы жасалған бұл « көкірегі көзді» фразеологизмде тура мағынасында емес, ауыспалы мағынасында қолданылған.
-лы, - м, - ді, - ды, - ты, - ті, жұрнақтары арқылы жасалған сын есім компонентті фразеологизмдер .
Тоқсан баулы ақ көбе Эпостық жырларда кездесетін батыр киетін сауыт.
Буулы сөз Іште жатқан, айтыла алмай жатқан сөз.
Дау төрт бұрышты, қамшы екі ұшты дауды әр саққа жүргізіп айта беруге болады деген мағынада.
Ақ бұйрықты өлім 1. тағдырдың дегенмен болған тура қаза.

Қортынды

Қандайда бір ұлттың ерекшелігі ең алдымен оның тілі, ана тілі болып табылады. Біздің ана тіліміз, қазақ тілі – қазақ халқының байлығы. Осы тіліміздің үлкен бір саласы - Фразеология яғни тұрақты тіркестер.
Фразеологизмдер тіл – тілдің бәрінде бар құбылыс. Бұларды тілдің бөлекше бір сипаттаған элементтері деп атауға болады. Тілдің байлығы, тілдің сұлулығы, тілдің өткірлігі дегеніміздің айырықша көріне жері осы Фразеологизмдер маңы.
Ғылымдағы Фразеологизм проблемасының мейлінше қиын проблема екенін байқау қиын емес.осыларды ғылыми проблема ретінде қарастыратын әр алуан еңбектерді қарастырсақ мұның не қилы мәселелері айқындала түседі.
Қазақ Фразеологизмдерінің осындай бір мәселесі – олардың сөз таптарына қарай жүйелену мәселесі жәйлі. Тілімізде Фразеологизмдердің осы уақытқа дейін бір шама зерттеу жұмыстары жүргізілген, ал есімді Фразеологизмдер туралы зерттеу жұмыстары әлі де болса жоқтың қасы деп айтуымызға болады.
I тарауда Фразеологизмдер мен сын есімдердің қазақ тілі білімінде зерттелуі жәйлі есімді Фразеологиялық тіркестердің күрделі сөздерден айырмашылықтары, Фразеологизмдердің сөз табына қатысы жайлы, Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі туралы сөз болады.
Фразеологизмдердің құрамындағы сыңарлардың әр қайсы әр басқа мағыналар емес, барлығы жиналып келіп бір тұтас Фразеологиялық мағынаны білдіреді.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Кендебаев Г. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы : Ғылым, 1977
2. Аманосолов С. 11 халық мұғалімі №4, 1940 – 1959бет.
3. Аханов К. Тіл білімінің негізі. – Алматы : местеп, 1973.
4. Сәрсебаев Р. Қазақ тілі фразеологиясы. – Алматы: қазақ университеті 1973.
5.Сыздыова Р. Қадырғали Жалаиридің Жалш – ат – тауарихаттн шығармашылық тұрақты тіркестер . – Алматы : Санат, 1996.
6. Фортунатов Ф.Ф. Сравнительное языкозноние . – избранные труды. М. І, М,1956.
7. Терентьев М. Грамиатика турецкая , персидская, киргизская и узбекская. – м. спб. 1878.
8. Мұсабаев Ғ Қазақ тіліндегі сын есім шырайларын – Алматы : оқу – педагогика баспасы, 1951.