Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Философия

Тип: Реферат

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

Адастырушы діни ағымдар

Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking, Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған. АҚШ-тағы Станфорд университеті профессорларынан Луиги Лука Кавалли-Сфорза (Luigi Luca Cavalli-Sforza) және әріптестері 40 жыл бойы дүниежүзіндегі 5 мыңдай тілді зерттей келе, оларды ірілі-ұсақты 17 топқа бөліп, түп негізінде барлық тілдер бір көне тілден тараған деген тұжырымға келген. АҚШ Коломбия университетінен Ральф Солеки (Ralph Solecki) Солтүстік Ирақтағы Шанидар (Shanidar) үңгірінде 1957 жылы жүргізген қазба жұмыстарында табылған заттар осыдан 60 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамдарының діни нанымының болғандығын дәлелдеген (көбірек мәлімет үшін мына еңбекті оқыңыз: Roger Lewin, The Origin of Modern Humans, W.H. Freeman and Co., New York, 1993).

Адам баласы жаратылысындағы оң және теріс қабілеттері, күшті һәм әлсіз жақтары бойынша Жаратушының саф дініне қол сұға отырып, көпшілік жағдайларда дінді бұрмалап, дінге өзгерістер енгізіп, діннің бақилық сипатын фәнилендіріп, ізгілік пен бақытқа жеткізуші арнасын ауыстыруға талпынумен болды. Тарихта болған күрделі уақиғаларды терең зерттегенімізде есі сау адамға қорқынышты яки жиіркенішті көрінуге тиісті көптеген іс-амалдардың «дін үшін» немесе «діншіл» атанған топтың бастамасымен болғандығын көреміз.

Жоғарыда келтірілген мысалдарға тағы да көптеген мысалдарды қосуға болады. Осы тақырып бойынша баяндама жазуға дайындық жасағанымда, ғылым-білім және технологияның дамыған ғасыры болып табылатын заманымызда адамзатқа өте зиянды діни ағымдар мен философиялық үрдістердің көп таралғандығын көріп таң қалғаным бар. Қазіргі адамзат ғылым мен технологияның шексіз дамығанына қарамастан бұрынғыдан да ырымшыл, хұрафашыл және ақыл-еске симайтын негізсіз де мағынасыз нәрселерге сенгіш болып кеткен сияқты. Жиһандастыру дәуіріндегі технократизм, индивидуализм және әсіре-материализмнің қыспағында әбден қиналған адамзат бақытты жаңсақ жолдар мен азғын жамағаттардан іздейтін сыңайлы.

Бүгінгі күні Қазақстанда христиандықтың елімізге кейінгі жылдары келімсектер арқылы келген жаңа формалары миссионерлер арқылы кең таратылуда. Лютерандар, баптистер, методистер, меннониттер, 7. күннің адвентистері, пентекостал шіркеулері, пресвитериандар, елуліктер, мун шіркеуі, виссериан шіркеуі, евангелистер, Йеһоуа куәгерлері деп тізбектеп санап шыға алмайсың. Бұларға қоса елімізде «ұлттық ислам» мен «ұлтсыз ислам» орнатуға ұмтылатын «уникалды» топтар да бар. Жалпы, сектология ғылымы елімізде әлі қалыптасқан жоқ десек артық болмас.