Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Психология

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 50 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қарым-қатынас


Мазмұны
Кіріспе 3
I Бөлім. Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау 6
1.1 Психология ғылымында қарым-қатынастың теориясы 6
1.2 Зейін психологиясы және оны теориялық талдау 13
II Бөлім. Студенттердің зейіні мен қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері 22
2.1 Зейін және қарым-қатынас 22
2.2 Студенттік шақтағы зейін мен қарым-қатынастың психологиялық сипаты 24
III Бөлім. Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу 28
3.1 Эксперименталды зерттеу әдістемесіне сипаттама 28
3.2 Эксперименталды зерттеу әдістемелеріне сипаттама 29
3.3 Зерттеудің нәтижелерін талдау 33
Қортынды 39
Әдебиеттер тізімі 41
Қосымша 45

Кіріспе
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
Жұмысымыздың өзектілігі :

I Бөлім. Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау
1.1 Психология ғылымында қарым-қатынастың теориясы
Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасаудың ерекше формасы. Қазіргі кезде қатынас мәселесін психология, философия, әлеуметтану - осы сияқты әр саладағы ғылымдар жан-жақты зерттейді. Мысалы, 60 жылдары Б.Д. Парыгин қарым-қатынасты әлеуметтік психологияны зерттейтін бірден-бір пән ретінде бөліп қарастырады. Сондықтанда қарым-қатынас таза психологиялық құбылыс, күрделі және көп жақты процесс сияқты талданады.

1.2 Зейін психологиясы және оны теориялық талдау
Зейінді өзіндік процесс немесе адамдардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі болып табылады деген сұрақ кейінгі он жылда, әсіресе советтік әдебиеттерде күрделене түсті. Егер 1920-1930-шы тіпті, 1940-шы жылдардағы мақалаларда жоғарыдағыдай айтылса,қазіргі кезде зейінді қалай түсіну жайлы сұрақтар талдануда. Советтік психологияда зейін адамның психикалық іс-әрекетке бағыттылығы немесе шоғырлануы сияқты анықталмайды.

II Бөлім. Студенттердің зейіні мен қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері
2.1 Зейін және қарым-қатынас
Біріншіден адамдарда сыртқы қарым-қатынасты қалыптастыратын ерікті зейіннің жоғарғы формасы қалыптасады. Сондай-ақ осы кезде адам зейін актілерін реттеп отыратын белгілі нормаларды меңгереді. Өзінің жеке зейінін реттеу жайлы белгілі көріністері бар. Айталық көптеген бірлестіктерде қарсыласқа ұзақ уақыт көз аламай қарау әдепсіздік болып саналады. Бұл зейін, сондай-ақ ол үнемі еріксіз болады. Мысалы сіз метрода кетіп бара жатырсыз, және ұзақ уақыт біреуден көз алмай қарап тұрсыз. Басқа адамның реакциясы немесе сіздің зейініңіздің объектісі – не ашулану, не түсінбеушілік болады. Неге? Өйткені адамның басқа адаммен қатынасқа түсуіне байланысты зейін салу не салмау жоспарына қатысты саналы қалыптасатын немесе тұрмыстық практикада жинақталатын нормалар бар.

2.2 Студенттік шақтағы зейін мен қарым-қатынастың психологиялық сипаты
Студенттерде зейін дамуының бағыттылығы олардың болашақ мамандығына деген талаптарына сәйкес көрінуі керек. А.И.Богословский зерттеген бірінші курс студенттерінің кейбір психикалық сапаларын бірнеше жылдың ішінде әр түрлі әдістемелермен арнайы зерттелген көрсеткіштері бойынша мектептен студенттер ұжымына көшкен жеткіншектердің зейін ерекшелігіне қарағанда, қызығушылықтары мен дағдылары тез өзгереді. Осы жағдай жоғарғы оқу орнының оқытушыларын бірінші курс студенттерінің жақсы оқуы үшін қажетті сапаларын қалыптастыруға міндеттейді. Зерттеуде студенттердің зейін диапазонының күштілігі 0,7-10-нан 700-900шартты бірлікке тең болды (Добрынин әдістемесі бойынша).

III Бөлім. Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу
3.1 Эксперименталды зерттеу әдістемесіне сипаттама
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануын) эксперименталды зерттеу. Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануын) эксперименталды зерттеуге әдістемелерді таңдап алу.
2. Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануын) анықтайтын таңдалған әдістемелерді жүргізетін студенттер тобымен танысу.

3.3 Зерттеудің нәтижелерін талдау
Зейіннің көлемінің деңгейін зерттеу әдістемесін талдау.
Тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтиже тексеру кестесі арқылы салыстырылады. Егер сіз белгілі бір уақытта 18 немесе оданда көп санды дұрыс қойсаңыз, онда сіздің зейін көлеміңіздің деңгейі нәтижелі іс-әрекетті орындауға жеткілікті, жақсы. 15-17 сан болса, сіздің зейін көлеміңіздің деңгейі қалыпты. 12-14 сан - сіздің зейін көлеміңіздің деңгейі орташа, яғни оны жаттықтырудың мәні бар. 11 немесе оданда аз – сізге міндетті түрде зейініңіздің көлемін жаттықтырумен айналысу керек.

Қортынды
Қорыта келгенде зерттеу барысында үш бөлім қарастырылды.
Бірінші бөлімде қарым-қатынас пен зейін мәселелеріне жеке теориялық талдаулар жасалды. әлеуметтік психология мен жалпы психология аймағында осы мәселелерді көптеген ірі психологтар жан-жақты зерттеген (А.А.Леонтьев, Б.А.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, Т.А.Рибо, У.Джеймс, Д.Н.Узнадзе және т.б.).
Екінші бөлімде студенттердің зейіні мен қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері қаралды. Өйткені зейін адамдардың барлық іс - әрекет түріндегі қарым –қатынасының және күнделікті қарым–қатынасының маңызды психологиялық факторы болып табылады. Зейіннің қасиеттері қарым –қатынас пен адамдардың өзара қатынасының қажетті психологиялық компоненті бола отырып, айналадағы адамдармен байланысының тереңдей түсуіне мүмкіндік туғызады.
Қарым–қатынас процесінде өз ойын жеткізу мен басқа адамның ойын жеткізуде де зейіннің маңызы өте зор.

Әдебиеттер тізімі
1. Леонтьев А.А. Психология общения М.: 2005. с. 46-67, 159-199.
2. Бодалев А.А. Личность и общение М.: Педагогика1983. с. 21-54.
3. Возчиков В.А. Общение и коммуникация НИЦ БиГПИ 2000. с.18-31.
4. Станкин М.И. Психология общения Воронеж: 2000. с. 304-310.
5. Андреева Г.М. Социальная психология М.: Аспект Пресс 2004. с. 71-84.
6. Отв. Ред. Ломов Б.Ф. Психологическое исследования общения М.:Наука 1988. с. 10-13.
7. Бодалев А.А. Проблемы общения в пихологии // Психол. журн. 1983. Т4. №1. с.160-165.