Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Менеджмент

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 34 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 6
1.1 Қолдану саласына талдау 6
1.1.1 Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу 6
1.1.2 Менеджменттегі жоспарлау 13
1.3 Менеджердің ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты 16
1.4 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар 17
1.3.1 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар 18
1.4 Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы 27
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 29
2.1 Кіріс құжаттар 29
2.2 Шығыс ақпараттары 30
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмыс тақырыбы «Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі» болып келеді. Жұмыс мақсатына келетін болсақ, ол қазіргі кезге сай менеджер жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.

Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады
Курстық жұмыстың мақсаты – менеджер жүйесінің мәнін ашып көрсету, және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни менеджмент жүйесінің түсінігі кіргізіледі. «Менеджмент» АҚ-ның зерттелетін объектісі ретінде сипаттамасы, оның ұйымдық құрылымы берілген. Бұл бөлімде ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.
Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша жасалған жобалық шешімдер қарастырылған.

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Қолдану саласына талдау
1.1.1 Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу
Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпоративтік бизнес пен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны менеджер деп айтамыз. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдалануды және интеграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді.. Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметтерін басқаруды теориясымен іс-тәжірибесі.
Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.

1.1.2 Менеджменттегі жоспарлау
Өзінің жұмыс істеуі үшін кез келген экономика тұрақты экономикалық өсуді ұстап отыру үшін экономикалық жүйені, нығайтуға және тұрақтандыруға ұмтылу үшін қолдануға болатын басқарудың ең пәрменді тетіктерін пайдалануды көздейді. Бұл үшін оларды ылғи іздеу керек.
Мұндай тетіктер көп. Бірақ, басқарудың шеберлігі – қажетті кезеңде бір немесе бірнеше тетікті таңдап, олардың қолдануы экономикалық қалыпты жұмыс істеуге әкелетінінде болып тұр. Осындай өзін-өзі тарихи ақтаған тетіктердің бірі – жоспарлау. Басқару жүйесінде ол экономикалық тәуелсіздік пен экономикалық өсу жолына түскен әлемнің көптеген елдерінде ХХ ғасырдан бастап кеңінен қолданыла бастады.
Халық шаруашылығын жоспарлаудың бұрынғы тәжірибесін бағалауға болады. Бір жағынан, ол волюнтаристік (өмірдің негізгі ерік деп санайтын реакцияшыл философиялық ағым) және нұсқаушылық (директивті) сипатта болады. Мемлекеттік жоспарларға заңды күш берілді, бекітілген көрсеткіштердің біреуін орындамаудың өзі өте жағымсыз салдарларға әкеп соқтырады. Мемлекеттік жоспар экономикалық үстемдіктің формасын, бұрынғы кеңестік республикалардың әлеуметтік-экономикалық дамуында бүрленбеген құлдырауды өзінше көрсететін. Бұл жерде экономикалық үстемдіктің жоспарында жоспарлаудың өзі басқарудың әдісі ретінде емес, керісінше субъект шешуші рөл атқаратын.

1.3 Менеджердің ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты
Менеджмент ақпарат жүйесі – бұл менеджменттің барлық деңгейлерін жоспарлауда, ұйымдастыруда, бақылауда және басқаруда оны ақпаратпен жабдықтауға арналған мәліметтерді өндеу жүйесін білдіреді. Егер жоғарғы менеджерлер сыртқы ақпаратты үлкен көлемде қолданса, ал орташа және төменгі буындағы менеджерлер көбінесе, нақтырақ ішкі ақпаратқа сүйенеді.менеджердің ақпаратқа деген тұтынушылығының әр түрлілігін зерттей отырып, басқару қызметінің түрлерін үш дәрежеге бөлуге болады: стратегиялық, басқарушылық бақылау және жедел бақылау. Мұндағы стратегиялық жоспарлау – бұл ұйымның мақсатына. Сол мақсаттардың өзгеруіне, әрі оларға жету үшін қорларды қолдану мен осы қорларды алуға , қолдануға, орналастыруға себепші болатын стратегия жөніндегі қабылдау барысын болжау.

1.4 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл қолданушыларға олардың сұраныстарына сәйкес түрде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және жеткізу үшін арналған. АЖ бағдарламалық құралдар кешенінен шешілетін есептерді өзіне қосады. Қолданушы үшін жүйе ыңғайлы және жақсы интерфейске және санкцияланған әрекеттерден қорғауға ие болуы қажет
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық - уақыттық байланыстардың тұрақты тәртібі және элементтер мен ішкі жүйе бөлімдерінің арасындағы қатынасы, ішкі жүйенің атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.
АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі – бұл есептердің және есептер комплексінің немесе ішкі жүйелерінің жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды.
Ақпаратты жүйе тұрғызу мақсаты,ол фирма менеджерінің жұмысын автоматтандыру. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет. Бұл талаптар мыналар:

1.3.1 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.

1.4 Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқаруында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді.Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.
Ақпараттық жүйелер - бұл күрделі жүйе болып келеді.
Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементтерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жүйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.
Әдетте декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі.

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Кіріс құжаттар
Кіріс ақпараты – бұл клавиатурадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.
Қайта өңдеуге түсетін ақпарат бақылаудан өтуі қажет. Ең аз қажет етілетін бақылау пайдаланушының визиалды бақылауы болып табылады, сонымен қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде бағдарламалық бақылау қарастырылған. Есепті шешу кезінде қосымша әдістер мен бақылау формалары қарастырылуы қажет.

2.2 Шығыс ақпараттары
Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.

ҚОРЫТЫНДЫ
Фирма менеджері осы курстық жұмыста айтылған талаптарды орындаған кезде жұмысының тиімділігі артады деген ойдамын. Егер де біз тек осы саламен ғана шектеліп қоймай барлық салының жұмыс істеуін автоматтандыратын болсақ онда біз дамыған мемлекеттер қатарына қосылуымыз анық сияқты.
Қазіргі кезде жүйелерді автоматтандыру өте күрделі үрдіс болып табылады, ол білікті білімді мамандар қажет етеді осы мамандар арқылы аталған мәселелерде шешуге болады деп есептеймін. Нарықтық экономикада уақытты өте бағалайды егер де фирма менеджерлерінің жұмысы автоматтандырылған болса уақыт тиімділігі болар еді. Тұрғызылған ақпараттық жүйе фирма менеджерінің жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатады, арттырады. Бұл ақпараттық жүйе мәліметтерді өңдеуге, топтастыруға мүмкіндік береді, менеджер базасынан кез келген кәсіпорындар туралы ақпараттарға оңай және тез арада қол жеткізуіне жағдай жасайды.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Менеджмент», К.Бердалиев,Алматы: Экономика, 2005.
2. «Кәсіпорын экономикасы», А.Қ Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов, Алматы, 2003ж.
3. «Бухгалтерлік ақпараттық жүйе», Е.Т.Төлегенов, Алматы, 2001.
4. «Экономикадағы ақпараттық жүйелері» Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “. Оқу құралы. Алматы, 2001
5. «Ақпараттық жүйелер теориясы», Қ.С. Байшоланова, Алматы: Экономика -2002ж.
6. Диго С.М. Проектирование и использование баз данных. – М.: Финансы и статистика, 1995
7. .Бухгалтерские информационные системы: Учебное пособие/ Тулегенов Э.Т., Бралиева Н.Б., Л.А. Стороженко, И.А. Матвеева. – Алматы: Экономика,1999. – 120 с.