Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Конвертерлік болат өндіру тәсілі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Түптік ауа үрлеме конвертерінде болат қорыту үрдісі


Жоспар

1 Түптік ауа үрлеме конвертерінде болат қорыту үрдісі 3
1.1 Болат қорытудың бессемерлік үрдісі 3
1.2 Болат қорытудың томастық үрдісі 7
Әдебиеттер 12

1 Түптік ауа үрлеме конвертерінде болат қорыту үрдісі

Конвертерге құйылған шойынды агрегат түбінен ауамен үрлеу арқылы болат алу үрдісін түптік ауа үрлеме конвертерінде болат қорыту тәсілі деп атайды [12] .
Түптік ауа үрлеме конвертерінде болат қорыту тәсіліне бессемерлік және томастық үрдістер жатады. Конвертерлік үрдістер, бұрынғы болат қорыту тәсілдерімен салыстырғанда, өте жоғары өнімділігімен ерекшеленеді.

1.1 Болат қорытудың бессемерлік үрдісі

Конвертерлік болат қорыту тәсілін алғаш 1855–жылы ұсынған Генри Бессемер.
Химиялық құрамы мен температурасы қойылған талапқа сай шойынды, қышқылды түптік үрлеме конвертерінде, 12–15 минут ауамен үрлеу арқылы болат қорытуды бессемер үрдісі деп атайды.
Бессемер конвертерінің құрылысы мен жұмысы. Бессемер конвертері (сыйымдылығы 15–35т), 1.1–суретте көрсетілгендей, цилиндрлі орта тұсы (1), жоғарыдан асимметриялы конуспен (7) жалғасып, төменгі жағынан түбі (3) мен ауа қорабы (4) бекітілген, болат қорытуға арналған агрегат.
Конвертердің шегені (5) қышқылды динас кірпішінен (350–450 мм) қаланған. Кварц пен шамот ұнтағына отқатөзімді балшық қосып жасалған конвертер түбіне (3) ауа үрлеуге арналған соплолары (6) бар (0,20–0,35 МПа қысыммен) шамот фурмалар орнатылған.

1.2 Болат қорытудың томастық үрдісі

Батыс Европа елдерінде (Англия, Франция, Бельгия, Люксенбург, Германия, Швеция және т.б.) фосфорлы темір кенінің мол қоры болуы, кеннен алынатын жоғары фосфорлы (1,6–2,2%) шойыннан болат қорыту жолын іздеуге мәжбүр етті. Осы салада жүргізілген ізденіс жұмыстары нәтижесінде, 1878–жылы Сидней Томас конвертер шегенін отқатөзімді негізді материал шайырдоломиттен қалап, фосфорлы шойыннан болат қорытудың томастық үрдісін ашты.
Томас үрдісінің ерекшеліктері. Конструкциясы бойынша томас конвертерінің бессемер конвертерінен сондайлық айырмасы жоқ, бірақ сыйымдылығы (18–65т) үлкенірек.

Әдебиеттер

1 Металлургическая теплотехника. В 2 томах. Том 2. Конструкция и работа печей. Кривандин В.А., Неведомская И.Н., Кабахидзе В.В. и др.– М. : Металлургия, 1986. – 542 с.
2 Абдрахманов Е.С., Тусупбекова М.Ж. Огнеупоры для металлургических и литейных печах. – Павлодар: НИЦ ПГУ им. С.Торайгырова, 2006. – 86 с.
3 Металлургия стали. Явойский В.И., Кряковский Ю.В., Григорьев В.П. и др – М. : Металлургия, 1981. – 584 с.
4 Кудрин В.А. Металлургия стали. – М. : Металлургия, 1989. –560 с.
5 Бигеев А.М. Металлургия стали. – М. : Металлургия, 1988. –480 с.
6 Толымбеков М.Ж. Болат балқыту өндірісінің негіздері. 1–бөлім. – Алматы: РБК, 1994. – 164 б.