Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 15 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Банктік депозиттерді сақтандыру шетелдік және отандық тәжірибе


Жоспар
Кіріспе 3
1 Депозит және депозиттік салымдарды кепілдендіру туралы түсінік. 5
1.1 Депозиттік салымдар және оның мәні 5
1.2 Шетел мемлекеттеріндегі банктік депозиттерді сақтандыру 8

Кіріспе
Мен бұл банктік депозитті сақтандыру: шетелдік және отандық тәжірибе деген курстық жұмысты алу себебім, ол өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені Қазақстан қазіргі кезде экономика мен қаржы саласында кейбір қиындықтарды бастан өткізуде. Сондықтан да Қазақстан Республикасының президенті халықтың банкке деген сенімін арттыру үшін депозитті сақтандыру шаралары қолданған болатын.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржы ұғымы мен мәнін түсіндірілген. Онда депозиттің теориялық анықтамасы, құрылу жолдары, оның функциялары туралы айтылған. Жалпы түрде депозитті сақтандыру ұйымдастыру мен қолдану әдістері, негізгі концепциялары берілген.

1 Депозит және депозиттік салымдарды кепілдендіру туралы түсінік
1.1 Депозиттік салымдар және оның мәні
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері Конституцияға, «Қазақстан Республикасының банктері мен банктік қызмет туралы» 1995 жылдың 31 тамызындағы Қазақстан республикасының заңға сәйкес депозиттік операцияларды жүргізеді.
«Қазақстан Республикасының банктері мен банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «депозит - бір тұлғаның екінші тұлғаға - банкке (соның ішінде Ұлттық банкке) оларды номиналды түрде қайтару шартымен, бірінші ретте талап еткенде сондай-ақ белгілі бір мерзім өткеннен кейін қайтарылу шартына байланыссыз,толығымен немесе бөліктеп, алдын - ала келісілген өсіммен немесе өсімсіз, тікелей депозиторға (салымшыға) немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлғаға берілетін ақшалар».

1.2 Шетел мемлекеттеріндегі банктік депозиттерді сақтандыру
Көптеген мемлекеттерде салымшыларды қорғау, банкте кризисті болдырмау мақсатында жинақталған тәжірибелері бар. Олардың тәжірибелерінен жасаған қателіктерді жасамауымыз керек, ал жетістіктерін өзіміздің тәжірибемізде қолдануымыз қажет. Бүкіл әлемде салымшыларды кепілдендіру тәжірибесі бар, олар банкте салымшыларды сақтандыру түрінде жүзеге асырылады. Депозиттерді сақтандыру бойынша әр бір елдің тәжірибесі әр түрлі. Салымдарды сақтандыру жүйесі әлемдік банк тәжірибесінде 60 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Салымдарды сақтандыру жүйесі қазіргі кезде дүние жүзінің 70 - тен астам елінде: АҚШ-та, Жапонияда, Германияда, Түркияда және тағы басқа да дамыған және дамушы елдерде бар. Қай елді алсақ та салымдарды сақтандыру жүйесінің нәтижесі оң.