Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 78 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Туристік жарнама


Жоспар
Кіріспе 3
1 Жарнама қызметтiнiң теориялық аспектiсi 8
1.1 Жарнаманын мәнi мен түрлерi 8
1.2 Жарнаманың әрекет етуiнiң негiзгi қағидалары 15
1.3 Туризм саласындағы жарнаманың ерекшелiктерi 20
2 «Ақмолатурист» АҚ - ның әрекет етуін талдау 37
2.1 «Ақмолатурист» АҚ ұйымдық құрлымы мен сипаттамасы 37
2.2 «Ақмолатурист» АҚ – ның қаржылық – шаруашылық әрекеті 47
2.3 Туристік кәсіпорынның дамуына жарнаманың әсері 57
3 Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары 63
3.1 Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің даму мәселелері мен перспективалары 63
3.2 «Ақмолатурист» АҚ –ның жарнама қызметінің тиімділігің арттыру жолдары 68
3.3 Жарнама қызметінде интернет жүйесің қолдану 71
Қорытынды 75
Пайдалынған әдебиеттер тізімі 78

Кіріспе
Жарнама ерекшелiктерi: қоғамдық сипатта болады, үгiттеуге қаражат қаблеттiлiгi бар сатушы жарнама арқылы өзiнiң хабарландыруын бiрнеше рет қайталай алады, мәнерлiк – түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады, иесiз жарнама монолог ретiнде ғана жасалады. Жарнама дегенiмiз белгiлi тапсырыс берген демеушiнiң атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекет.
АҚШ Маркетинг Ассоциациясының анықтамасы бойынша, жарнама дегенiмiз тауарларды, қызметтердi, идеяларды тұтынушыларға қарай жылжытуына арналған кез – келген әрекеттер нысандары және нақтылы жағдайды есепке ала отырып, анағұрлым тиiмдi тәсiлдер мен әдiстердi қолдана отырып, әлеуеттi тұтынушылардың назарларын жарнамалау объектiсiне аудару үшiн орындалатын ақылы қызметтер деп анықталған.
Жарнама ерекшелiктерi: қоғамдық сипатта болады, үгiттеуге қаражат қаблеттiлiгi бар сатушы жарнама арқылы өзiнiң хабарландыруын бiрнеше рет қайталай алады, мәнерлiк – түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады, иесiз жарнама монолог ретiнде ғана жасалады.

1 Жарнама қызметтiнiң теориялық аспектiсi
1.1 Жарнаманын мәнi мен түрлерi
Жарнаманың түрлерін тоқталмас бұрын біз маркетинг ұғымына тоқталып өткеніміз дұрыс. өйткені жарнама маркетингтің негізгі құраушысы.
Маркетинг термині компаниялар мен фирмаларда өндіруші, өткізуші әрекетін басқару құралы ретінде өткен ғасырда пайда болды. Маркетинг термині ағылшын тілінен аударғанда «market»+ «ing»=нарық - осы арықта жұмыс істеу /6/.
Маркетинг түсінігін көбінесе жарнама мен өткізумен шатастырады. Бірақ маркетингтің негізгі элементі өткізу емес екендігін білген жөн. Ф.Котлердің айтуынша, «өткізу маркетинг Айсбергтің тек ұшы», яғни маркетингтің негізгі мақсаты тұтынушы мен өндірушіге бірін-бірі табуға көмектесіп, оларды байланыстыру. Маркетинг негізі: тауар өндіру бағдарламасын өңдеу, нарықты зерттеу, жеткізуді ұйымдастыру және т.б. Сонымен, маркетинг нарықпен тікелей байланысты ғылым /4/.
Маркетингтің даму кезеңдері (эволюциясы):

1.2 Жарнаманың әрекет етуiнiң негiзгi қағидалары
Туризм қазіргі уақытта сыртқы экономикалық қызметтің жақсы серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады . Туризмнің ұдайы өсуі біртұтас әлемдік экономикаға әсер етуі сияқты бөлек елдер мен аймақтар экономикасына әсер етуі дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы мен құрылымына жалғасатын күрделі, тұрақты ұзақ мерзімді беталыстардың бірі болып табылады. Қызметі халықтың өзгеше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған туризмнің ұлттық экономикадағы ірі өз алдына салаға айналуы осыдан байқалады. Осы қажеттіліктердің алуан түрлілігі туристік кәсіпорындармен ғана қанғаттандырылып қоймайды, сонымен қатар экономика дамуына мултипликаттық әсері факторларының бірі ретінде туризм мәнісін себепші ететін басқа салалардағы кәсіпорындармен қанағаттандырады.

1.3 Туризм саласындағы жарнаманың ерекшелiктерi
Саяхатты туризм түрлеріне бөлуге, мотивациялық факторларды қолдануға болады. Бұлай түрге бөлуден адамды саяхатқа итермелеген негізгі себепті білеміз. Алайда саяхатқа бару себептері толық анықталмаса да , туризмді басқару жүйесіндегі 6 түрді айтуға болады.
Демалу мақсатындағы туризм. Берілген түр ағзаның физикалық пен психикалық демалуына негізделген. Сонымен қатар бұл топқа емделу және күш жинау үшін қолданылатын теңіз суы мен жағымды климаты бар курортты жерлер жатады.
Мәдениетпен танысу мақсатындағы туризм. Басқа елдің мәдениетімен танысу туризмі танымдық және діни (поломнический) болып бөлінеді. Танымдық туризмге тарихи, мәдени және географиялық көркемділіктер жатады. Танымдық туризм мақсатында саяхаттаушы туристер, көбінесе баратын елдің әлеуметтік пен экономикалық жағдайы қызықтырады. Діни (поломнический) туризмге ерекше дәстүрлі құндылықтары жатады.

2 «Ақмолатурист» АҚ - ның әрекет етуін талдау
2.1 «Ақмолатурист» АҚ ұйымдық құрлымы мен сипаттамасы
«Ақмолатурист» АҚ – мы Астана қаласындағы туристік бизнеспен 30 жылдан артық айналысып келе жатқан ірі туристік фирмлардың бірі. 1970 жылдан бастап фирма ішкі және сыртқы туризм, шетелдердегі туристер жіберу қызметтінің барлық түрлерін ұсынып келеді. Оның ішінде ең маңыздысы ішкі туризмді дамыту. Бүгінде «Ақмолатурист» АҚ – мының қала орталығында 273 орынға есептелген турист қонақ үйі бар. Бөлмелердің барлығы телефон, теледидар, радио, таңазытқыш тағы басқа қажетті құрал – жабдықтармен қамтамаыз етілген. Қонақ үй үш жұлдыз категориясына енген.

2.2 «Ақмолатурист» АҚ – ның қаржылық – шаруашылық әрекеті
Мекемелер нарықтық экономикалық жағдайда және кәсшорынның жаңа шаруашылық үлгісінде бұрын кездеспеген мәселелерге соқтығысуда. Олардың бірі - ішкі және сыртқы нарықта бизнес бойынша маманданган серіктес таңдау, себебі мекеме келешегінің тиімді дамуы тікелей соған байланысты.
Кез-келген мекеменің қаржылық; жағдайының тұрақтылығы туралы негізгі ақпараттық көзі ол - оның ақпараттық түйші болып табылатын және кәсіпорынды қоғам және серіктестіктермен байланыстырушы жалпы бухгалтерлік есепке негізделген есеп беру болып табылады. Нарықтық экоконмикалық қарым-қатынасқа ету барысында бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар саны көбейді. Қаржылық талдаудың өзінің қайнар көздері, мақсаты және әдістемесі болады. Қайнар көзі болып айлық, кварталдық және жылдық есеп беру болып табылады.

2.3 Туристік кәсіпорынның дамуына жарнаманың әсері
Қазір туризм индустриясы халықаралық сауда қызметі сегментінде жоғарғы денгейдегі ірі және динамикалық дамудағы салалардың бірі.2002 жылы халықаралық туризмнің еншісіне экспорттағы әлемдік кірістін 8% мен қызмет көрсету секторы экспортындағы 37% тиді.Туризм деңгейі жаңа көркем территориялардың пайда болу арқасында көтерілуі керек,себебі әлем туристік нарықындағы дәстүрлі аудандардың рекреационды сыйымдылығы шегіне жетті.Осыған байланысты қазақстан әлемдегі туристік нарығында өзінің орның алуға үлкен мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм әр жыл сайын еңбек етушілерге берілетін демалысқа байланысты туған,ол бір жағынан адамның демалысқа хұқығың мойындау болып табылады.Ол адамдар мен ұлттар арасындағы түсінiсу факторының дамуына септігін тигізеді.Әлемдік Туристік Ұйымның зерттеу анализіне,мамандандырылған халықаралық туризм ұйымдары мен мемлекеттің туризмді дамыту саясатына сүйенсек,туризді мемлекеттің әлеуметтік,мәдени экономикасына әсер ететін іс-әрекет ретінде түсінеді.

3 Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
3.1 Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің даму мәселелері мен перспективалары
«Ақмолатурист» АҚ – мының жарнама процессінің мағынасын түсіну үшін оның базалық негізің талдап, оны әр түрлі элементерге бөлу арқылы оған қатысушылардың әр түрлі стадия мен деңгейдегі әрекетің түсіну керек.
Жарнама беруші –жарнамалық агенттерге жарнама берушіжәне оның ақысын төлеуші бұл заңды және физикалық тұлға.
Жарнама берушінің негізгі қызметтері:

3.2 «Ақмолатурист» АҚ –ның жарнама қызметінің тиімділігің арттыру жолдары
Туристік фирманың тиімділігің анықтау дегеніміз фирманың еңбекті және жарнамаға кететін материалдық шығындарды тиімді қолдану мен фирманың жарнамалық әрекетің дұрыс ұйымдастыру мен жоспарлау болып табылады.
Жарнамның тиімділігің зерттеу дегеніміз – келесі факторлардың, яғни жарнаманың мақсатына аз шығын шығарып, сапасы төмен немесе әрекетсіз жарнаманы анықтап оның кемшіліктерін жоюға көмектесетің шараларды қолдану арқылы үлкен нәтижелерге жету,
Жарнама беруші егер өз тауарының қасиетін, ерекшілігін және үлкен айырықшылығын, бәсекелестерді, нарықты жақсы білмесе жарнаманың жетістігіне арқа арту мүмкін емес. Бұл жерде жетістіктің болмауы тауарды немесе қызметті ұсынушы адам қажет ақпаратты білмей өз имиджің өзі құрта бастайды.

3.3 Жарнама қызметінде интернет жүйесің қолдану
Маркетинг стратегиясын жүргізу. Турфирмалардың маркетингтік әрекетін ұйымдастыру жағдайы төменгі деңгейде.Маркетингтік стратегияны жасай тыры, мамандар ұлттық туристік өнім мен оның потенциалына сүйенуі тиіс. Оны іске асыру мақсатында келесі міндеттерді анықтауы керек. Дамыған елдерде Қазақстанды сапалы турөнімін ұсынатын туристік орталық ретінде формалау. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының турфирма жұмысшыларымен өткізілген сұхбат бойынша, ұлттық нарықта туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындар тәжірибеде маркетингттің бөлек элементтерін ғана қолданылатының білдік.Қазақстанның көп турфирмалары өзінің қызметін іске асыру барысында, негізгі салмақты бағалық және байланыстық саясатқа сүйене отырып, маркетингтін элементтерін қолданады.

Қорытынды
Қазіргі туризм әр жыл сайын еңбек етушілерге берілетін демалысқа байланысты туған,ол бір жағынан адамның демалысқа хұқығың мойындау болып табылады.Ол адамдар мен ұлттар арасындағы түсінiсу факторының дамуына септігін тигізеді.Әлемдік Туристік Ұйымның зерттеу анализіне,мамандандырылған халықаралық туризм ұйымдары мен мемлекеттің туризмді дамыту саясатына сүйенсек,туризді мемлекеттің әлеуметтік,мәдени экономикасына әсер ететін іс-әрекет ретінде түсінеді.