Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Макроэкономика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ұлттық есеп жүйесі – макроэкономикалық статистиканың негізі


Жоспар
1 Ұлттық есеп жүйесі – макроэкономикалық статистиканың негізі 3
1.1 Ұлттық есеп жүйесі туралы түсінік, оның мақсаты мен міндеттері. Ұлттық есеп жүйесіне көшу қажеттігі 3
1.2 Қазақстан Республикасының статистикалық практикасында ҰЕЖ-ні қолданудың негізгі кезеңдері және стратегиясы 6
1.3 ХШБ мен ҰЕЖ –нің теориялық және әдістемелік принциптері 14
Әдебиеттер 20

1 Ұлттық есеп жүйесі – макроэкономикалық статистиканың негізі
1.1 Ұлттық есеп жүйесі туралы түсінік, оның мақсаты мен міндеттері. Ұлттық есеп жүйесіне көшу қажеттігі
Ұлттық есеп жүйесі – елдегі экономикалық процестердің нәтижесін, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететін нарықтық экономиканың статикалық үлгісі. Бұл үлгіде қолданылатын көрсеткіштер белгілі бір шоттар мен баланстық кестелер түрінде беріледі. Ұлттық есеп жүйесі халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелеріне негізделген.
Ұлттық есеп жүйесінің негізгі мақсаты – экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономикалық саясатты жете зерттеп, белгіленген бағдарлама бойынша шешім қабылдау үшін әлеуметтік – экономикалық статистиканың әр түрлі көрсеткіштерін үйлесімді түрде қолдану.

1.2 Қазақстан Республикасының статистикалық практикасында ҰЕЖ-ні қолданудың негізгі кезеңдері және стратегиясы
Елдің табысы мен байлығын есептеу туралы ой ертеден пайда болды, бірақ алғашында экономикалық талдау жаса керектігі ескерілмеді. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда ұлттық байлық және ұлттық табысты зерттеуге әрекет жасалды, бірақ бұл зерттеулерде халық шаруашылығының негізгі көрсеткіштерінің өзара байланысты, ресурс айналымы есепке алынбады.
Ұлттық есеп жүргізу туралы ойды ең алғаш рет алғышын зерттеушісі Грегори Кинг айтты. Ол ұлттық есепті ұлттық табыс статистикасымен тығыз байланысты екені және материалдық игіліктерді бөлудің ерекшеліктерін қарастырды.
Француз экономисі Француа Кенэ алғашқы рет өз зерттеулерінде өнім қозғалысы мен табыс қозғалысының тұтастығын көрсетуге тырысты. Ол өнім мен табыс қозғалысын бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды, олар қоғамның экономикалық өмірінің айналымын көрсетеді деген ойды айтты.
Кенэнің 1758 жылы жарық көрген “Экономиаклық кесте” жұмысындағы ой-пікірлері кейінірек ұлттық есеп жүргізудің негізгі принциптеріне айналды. Ол қағидалар мынандай:
- экономиканы құрамдас бөліктерінің арасында дәлме-дәл сандық байланыс бар біртұтас жүйе деп қарастыру;
- осы жүйедегі қоғам мүшелерінің белгілі топтарын (экономикалық агенттерді) және оларды байланыстыратын экономикалық ағымдарды бөлу;
- өнім мен табыс қозғалысын талдау;
- жабық жүйедегі табыс пен таза өнімнің және қоғамдағы әр класс үшін ағымдардың тепе-тең болуын талап ету;
- қайта бөлу механизмнің міндеті, яғни экономикалық агенттердің бір ы ұлттық байлықтың экономикалық айналымға қатысатын және ұдайы өндірісте болатын бөлігін қалай өзгертетін, осы ұдайы өндірілетін құндылықтан экономикалық агенттердің барлық топтарына табыстың қалай бөлінетінін көрсету;
- ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін халық шаруашылығының арақатынасын сақтау.

1.3 ХШБ мен ҰЕЖ –нің теориялық және әдістемелік принциптері
Халық шаруашылығы балансы (ХШБ) деп марксистік тұжырымдамаларға негізделген, жоспарлы экономиканың дамуын сипаттау, талдау үшін қолданылған макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесін атайды. ХШБ кеңестер одағында алғаш рет 20-жылдары құрылды. Оның құрылымы өзі сипаттайтын экономиканың үлгісіне сай анықталады. Материалдық ресурстарды бір орталықтан бөлу принциптеріне негізделген бұл экономикалық үлгіде табыстарды бөлу, қаржы инструменттеріне байланысты операциялар сияқты процестердің маңызы төмендетілді. Халық шаруашылығы балансының негізі болып материалдық баланс (қоғамдық өнімді өндіру, тұтыну қор жинау балансы) саналады.