Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ақша-несие саясаты


Жоспар
Кіріспе 3
І –Тарау. Төлем балансы және оның мәні 4
1.1. Төлем айналымы түсінігі 4
1.2. Төлем айналымы әрекет етуі бойынша қатынастарды реттеу 6
ІІ – Тарау. Төлем айналымы және ақша-несие саясаты 10
2.1. Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері 10
2.2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер 11
2.3. Валюталық саясат және оның төлем балансындағы маңызы 12
ІІІ- Тарау. Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары 14
3.1. Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны 14
3.2. ҚР-ның ақша-несие саясатының қазіргі даму ерекшеліктері 16
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер 22

Кіріспе
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздың ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі.

І –Тарау. Төлем балансы және оның мәні
1.1. Төлем айналымы түсінігі
Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А. Жандосов пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер және т.б. келесі күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті қоса алғанда) әрекет етеді.
Банк функциясының ішкі нысаны – төлем айналымы бойынша әсері – банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:

1.2. Төлем айналымы әрекет етуі бойынша қатынастарды реттеу
Банктің негізгі функцияларының бірі (қызметтің негізгі бағыттары) төлем айналымы бойынша әрекет ету функциясы болып табылады. Банктің функциялары қаражаттарды құраудан, несие беруден, төлем айналымына әсер етуден, өзге де функциялардан тұрады. Бұл функциялардың әр қайсысы жоғарыда аталған топтарға бөлінуге орай белгілі бір операциялардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Төлем айналымы әсер ету жөніндегі операцияларға банк әр түрлі төлем операцияларын олар бойынша орындауды міндетіне алады: чектерді төлеу, аударымдар жасау, вексельдер және өзге де құжаттар бойынша төлемдер қабылдау және т.б. Осы операциялар арқасында банктер жалпыға ортақ кассирлерге айналады.

Қазіргі кезде көптеген банктер өз стратегияларын өзгертті. Кәсіпкерліктің барлық салаларына белсенді түрде жүре отырып және шағын бизнесті қамти отырып, олар жаппай клиентураға, яғни халықтың әл ауқаты нашар топтарға бағытталады. Ол қазіргі кездегі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді [5].
Біз дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің қазіргі кездегі несие жүйесін сипаттаушы маңызды мәселелеріне тоқталдық. Өз экономикасын нарықтық жолда қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесінің қазіргі кездегі даму тенденциялары үлкен қызығушылық туғызады, өйткені нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді. Республикамыз үшін шетел тәжірибесін толығымен меңгерген тиімді болады, өйткені экономикалық нарыққа өтудің ең басында тұр. Ал Батыс болса мұнда бұрыннан қызмет етуде [8].

ІІ – Тарау. Төлем айналымы және ақша-несие саясаты
2.1. Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері
Бағалардың ұтымды жүйесін қалыптастыру қатаң ақша –несие және икемді салық саясатын көздейді. Мемлекет тапшылықсыз бюджетті қамтамассыз ету үшін және инфляцияға қарсы күрестің барлық шараларын қолдануға міндетті. Бұл шараларда мемлекеттік шығындарды қысқартудың, ақылға сиымды шеңберде бюджеттің салық базасын ұлғайтудың, ең әрі кеткенде халық шаруашылығының барлық салаларындағы тиімсіз өндірістерге жәрдемақы беруді шұғыл қысқартудың өзара байланысты қадамдары көзделінеді. Ал мұндай шаралар өнім өндірушілердің ешқайсысын да жігерлендірмейді. Мемлекеттік бюджеттен онда да ақша басатын станоктың жұмысы есебінен қаржы алуға және беруге арқа сүйеу әлде қайда жеңіл сияқты.

2.2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер
Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша- несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді.
Еліміздің ақша-несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор.
Несиені өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударады:

2.3. Валюталық саясат және оның төлем балансындағы маңызы
Әлемде нарық экономикасында несие жүйесі екі дәрежеде қызмет атқарады, олар «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді. Осыған сәйкес экономикалық талдау да макроанализ және микроанализ деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Еңбекке тарту, процент пен ақшаның жалпы теориясы » деген еңбегінде батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан.
Микроэкономикада - жеке буын немесе негізгі экономикалық буынның қызмет ету саласы. Микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты табыс табу [17].
Макроэкономикада - бұл жалпы экономикалық процестер саласы, қоғамдық фирмалардың жиынтығы болып табылады.

ІІІ- Тарау. Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары
3.1. Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны
Халықаралық ақша-несие саясаты - бұл қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу шарты бойынша өзге елге валюталық және тауар ресурстарының несиеге берілуін қадағалайтын саясат.
Халықаралық несиелік қарым қатынастардың негізгі формалары әр түрлі. Олар заемдық қаражаттарды пайдалануда дүниежүзілік шаруашылықтың қажеттіліктерінің өсуін керек етеді. Халықаралық ақша - несие саясаты олардың тағайындалуына, экономикалық мазмұнына, несиені беру көздерін қамтамасыз етеді.

3.2. ҚР-ның ақша-несие саясатының қазіргі даму ерекшеліктері
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады [3].

Қорытынды
Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің даму жолында шетелдермен төлем балансы және оның ақша-несие және валюталық саясатын, олардың өзара байланысы мен даму ерекшеліктерін қалыптастыру мен нарық талаптарына түсіру міндеттерін жоспарға алып, бұл мәселенің кезек күттірмей шешілу еліміздің экономикасы мен ертеңі үшін ауадай қажет екендігін айқындады.
Ақша-несие саясатын пайдалана отырып, мемлекет инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі дәрежесі тән экономиканы құруға ұмтылады. Бұл міндетті орындау үшін ол ақша ұсынысына бақылау орнатуы керек.