Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Менеджмент

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 31 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару 7
1.1 Сапаны жаппай басқару (TQM) 11
1.2 Сапаны басқарудың жапон әдісі 20
1.3 Еуропаның сапаны басқару әдісі 24
1.4 Сапа басқарудағы ұлттық тәжірибе 26
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31

Кіріспе
Соңғы онжылдықта ғылыми-техникалық қатынаста дамыған мемлекеттерде түрлі салаларда көптеген сандық әдіс-тәсілдер және түрлі өнім сапасын бағалау жиі қолданылып жүр. Автомобильдер мен сауда қорабы, тұрғын үй пәтерлері мен ракеталық қару, азық-түлік өнімдері мен қала тұрғын комплекстері және көптеген түрлі заттардың сапасын бағалайды.
Қазіргі уақытта әр түрлі еңбек өнімдеріне қолданбалы қосымша сала қалыптасып келеді. Бұл жүйеде өзінің спецификалық зерттеу объектісін (жалпы принциптері мен сапаны бағалау әдістері), өзінің спецификалық зерттеу пәнін (адам еңбегі жемісінің жиынтығы), өзінің спецификалық математикалық аппаратын, өзінің спецификалық проблемаларын, математикалық, физиологиялық және социологиялық мінезі бар.

1 Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару
Сапаны басқару теориясымен танысқан уақытта негізінде оның менеджментпен байланысы туралы сұрақ туады. Сапаны басқару мен жалпы менеджмент жүйесі арасындағы байланысты көру үшін сапаны басқару эволюциясының тәсілдерін қарастырған жөн.
Сапаны басқару дайын өнімнің шығу сапасынан басталды. Әр жеке бұйымның сапасын басқарудың механизмін 1905 жылы Фредрик Уинслоу Тейлор жүйесі берді. Бұл жүйе өнім сапасына талапты, калибр деп аталатын, шаблон түрінде бекітті. Бақылауда мамандар (инспекторлар) орындайды. Тейлор жүйесі өнімді сапалы және сапасыз (брак, дефект) деп бөлді.
Сапаны басқаруда санақ басы ретінде алынған Тейлордың ғылыми басқару мектебі жалпы менеджменттің де негізі. Тейлор жүйесі «жұмысшының өз ойын және жүйелі есеп, өлшеуден кейінгі пайдалы қолдануға болатын амалын» ауыстыратын заң мен ережені негізге алған.

1.1 Сапаны жаппай басқару (TQM)
Сапаны жаппай басқару – басқару практикасы мен сапаға ұмтылуға негізделген кәсіпорын философиясы. Ендеше, сапа – кәсіпорын өзегі. Сапаны жаппай басқару кез-келген кәсіпорынның басқарудағы жаңа жолы, яғни сапаға бағытталған, кәсіпорынның барлық мүшелеріне негізделген және тұтынушы талабын қанағаттандыру мақсатына негізделген.

1.2 Сапаны басқарудың жапон әдісі
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Жапонияда сапаны жетілдіру мемлекеттік саясат рингіне дейін көтерілді. Бұл мемлекетте сапа мәселесін шешу қысқа мерзімде жоғары нәтиже көрсетті.
Жапонияда барлық кәсіпорындарда бірыңғай жүйені қалыптастырған жалпы бақылау принципі бойынша жұмыс істейтін сапаны басқарудың үлкен базасы қалыптасты, бұл процесс президенттен бастап қарапайым қызметкерлерге дейінгі барлық персоналмен жүзеге асырылды. Сапаны басқарудың жапондық әдісінің негізгі принциптері келесі:

1.3 Еуропаның сапаны басқару әдісі
Кез келген компания өз бетінше бір мұнара. Сапаны басқару мәселесі бойынша Еуропалық қор (European Foundation for Quality Management) жүйелендірген көптеген сапа басқару критерилерін ұсынады, олар кез келген компанияның немесе оның бір бөлімінің қызметін эффективті жетілдіруге үлес қосады.
EFQM-нің методика әдісінің қолданылуы Еуропада сапа бойынша үлкен дәрежеге жетіп отыр. Олар:

1.4 Сапа басқарудағы ұлттық тәжірибе
Алдыңғы қатарлы іскерлікті дамыту туралы сөз болғанда сапаны жетілдірудің ұлттық тәжірибесі туралы айтпау мүмкін емес. Біздің мемлекеттерде (ТМД шеңбері) сапа басқарудың келесі концепциялары бар:
- БИП (ақаусыз өнімнің шығарылуы) концепциясы
- КАНАРСПИ (алғашқы өнімнің сапа, сенім, ресурстары)
- НОРМ концепциясы
- КСУКП (сапалы өнімді басқарудағы аралас жүйе) концепциясы
БИП – бұл ақаусыз жұмыстың концепциясы. Ол өзінің көрінісін 1955 жылы Саратов облысындағы кәсіпорынға енгізілген ақаусыз өнімді Саратов жүйесінде шығару. Бұл жүйенің негізінде өнімнің ақаулықтарын анықтау мен жою емес, олардың пайда болу себептерін айқындау механизмі жатыр.
Өзінің жауапқа тартылатынын білген жұмысшы ақаулықтың себептері сапасыз материалдар мен құрал-жабдықтар болған жағдайда, маман мен құрал-жабдықтар қызметіне, бас механиктің қызметіне қанағаттан бағандығы туралы жеткізеді, соның нәтижесінде техникалық тәртіп қатаң сақталып тұрады.

Қорытынды
Өкінішке орай, қазіргі кезде ТМД елдерінің тауарлары мен сервистері әлемдік рынокта бәсекеге жарамсыз болып отыр. Алайда сапаны басқару саласындағы ұлттық және шетелдік тәжірибені белсенді пайдалану жақын келешекте позитивті нәтижелер беруі әбден мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Вахрушев В. Принципы японского управления.- М.: ФОБЗ, 1992.-207с.
2. Воскобойников В. Новые подходы к управлению качеством продукции.// Экономика и жизнь.- 1993.-дек.(50).- с.15.
3. Гличев А.В. Современное представление о механизме упраления качеством продукции.//Стандарты и качество.- 1995.- 3.
4. Мишин В.М. Проектирование систем качества конкурентоспособной продукции машиностроения. М.,1991.
5. Руководство по качеству./Воронежское акционерное самолетостроительное общество.- Воронеж,1993