Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Статистика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Статистика пәнінің ғылыми негіздері


Жоспар
1 Статистика пәнінің ғылыми негіздері 3
1.1 Статистика түсінігі 3
1.2 Статистика пәні 6
1.3 Статистиканың әдістемесі 8
Әдебиеттер 12

1 Статистика пәнінің ғылыми негіздері
1.1 Статистика түсінігі
Статистиканың алғаш рет пайда болуы практикалық сұранымдарға тікелей байланысты. Ерте замандарда - ақ қарулы күштер қатарына лайықты адамдардың санын білу, салық салынатын нысандарды белгілеу қажеттігі туындады, соның нәтижесінде халықтың саны, жынысы, құрылымы жөніндегі мәліметтерге мұқтаждық пайда болды. Бұл сұраным мемлекетті өз халқының саны мен құрамдық өзгерістерін тұрақты бақылап отыруға мәжбүр еткен. Азаматтық қарым-қатынастар дамыған сайын оларға тікелей байланысты оқиға - құбылыстарды тіркеп отыру қажеттілігі де күшейе түскен. Сондықтан да туылу, өлу, некелесу, ажырасу сияқты хал актілерін жазып отыру тәртібі орнатылған, бертін келе адамдарды бір орыннан екінші орынға ауысуына байланысты қозғалысын (миграциясын) тіркеу тәртібі белгіленген. Ауыл шаруашылық, сауда, қолөнершілік, өнер кәсіпорынды салалардың және экономикалық байланыстардың дамуы шаруашылыққа қатысты оқиғалар мен әдіс - амалдарды тұрақты бақылап отыруды талап еткен. Соның нәтижесінде ғана баға және сауда статистикасы, өнімдерді өндіру және бөліп орналастыру статистикасы, экономикалық статистиканың басқа да тармақтары туындап, дамыған.

1.2 Статистика пәні
Статистика дегенде статистика зерттейтін объект, оның сипаты мен даму заңдылықтары, статистикалық ойлау мен ұғындырудың мазмұнын құрайтын оқиғалар, олардың мәнінен туындайтын себеп пен салдар, статистика ғылымының мазмұнын айқындайтын білімдер шеңбері көзделеді. Бұл мәселеге статистиканың қолданылу салаларының да қатысы бар.
Статистика бұқаралық сипаттағы құбылыстар мен процестерді зерттейді. Олар бірер материялар жиынтығында және өзара байланысты жиынтықтар ортасында жүреді. Бұл ретте құбылыс сөзі қоғам өмірінде, тұрмыста, табиғатта, қысқаша айтқанда, материялық әлемде шын мәнінде болған нақты оқиғаны білдіреді. Мәселен, жанұяда бала туылуы, мұнай немесе бидай өндіру көлемі, жұмысшылар саны, жауын-шашын, қоршаған ортаның ластануы, т.б.. Процесс сөзі оқиғалар ағынын, олардың белгілі бір мекен-жайда, орында және уақыт аралығында қандай жылдамдықпен жүретінін, жүзеге астынын не аспайтынын, өзгерісін, құбылыстардың даму барысын білдіреді.

1.3 Статистиканың әдістемесі
Бұқаралық құбылыстар мен процестер барлық салаларда жүріп жатады, олардың жүру жағдайлары да, құрылыстары да сан қилы. Демек, бұндай құбылыстар мен процестердің көптеген формалары мен түрлері бар. Әсіресе, әлеуметтік тұрмыстағы құбылыстар мен процестер өзінің күрделілігімен және өзара байланыстарының көптігімен ерекшеленеді. Сондықтан да олардың бойындағы статистикалық заңдылықтардың көріністері де алуан түрлі болады. Оларды кез келген бірыңғай әдістің көмегімен үйрену мүмкін емес. Бұл үшін арнайы әдістер, амалдар кешені, білім құралдары қажет. Жалпы алғанда әдістеме сөзінің төмендегідей мағыналары бар: