Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 50 стр.

Год: 2009

Предварительный просмотр

Үлкен Үштік конференциялардағы АҚШ дипломатиясы


Мазмұны
Кіріспе 3
І-тарау. Үлкен Үштік конференциялардағы АҚШ дипломатиясы 7
1.1 Москва және Тегеран конференцияларындағы АҚШ дипломатиясы 7
1.2 Қырым конференциясындағы АҚШ-тың позициясы 11
1.3 АҚШ Потсдам конференциясында 22
Қорытынды 50

Кіріспе
1941 жылы 22 маусым күні Германия соғыс жарияламастан, Совет Одағына қарсы соғыс қимылдарын бастады. Сол күні-ақ АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт Кеңес Одағына әскери және материалдық көмек беруге әзір екендігін мәлімдеді. 1941 жылы күзде Москвада АҚШ пен Кеңес Одағының делегацияларының кездесуінде бұл көмек нақтыланды.
1941 жылғы Москва түбіндегі жеңіс, 1942 жылдың аяғындағы Сталинград майданындағы және 1943 жылғы Курск түбіндегі жеңістер АҚШ пен Англия басшыларының Кеңес Одағымен Германияға қарсы күресте Одақ құруға итермеледі.
Соғыс барысында АҚШ, КСРО және Англия басшыларының қатысуымен болған Тегерандағы, Ялтадағы және Потсдамдағы конференциялар жайлы айтқанда олар қандай мерзімде, қандай тарихи кезеңдерінде өткізілгеніне көз жүгіртуіміз керек.

Диплом жұмысында мынадай міндеттер өз шешімін табады:
- Екінші дүниежүзілік соғыс барысында АҚШ дипломатиясының басты бағыттары;
- Үлкен Үштік конференциялардың шешіміне АҚШ дипломатиясының тигізген ықпалы;
- Москва конференциясының өту барысы және ондағы АҚШ дипломатиясы;
- Тегеран конференциясы және ондағы АҚШ позициясы.
- Қырым конференциясы және оның шешімдеріне АҚШ дипломатиясының тигізген ықпалы;
- Потсдам конференциясы және ондағы шешімін тапқан мәселелердің мазмұны;
- Германияның сөзсіз тізе бүгіп жеңілуі және оның соғыстан кейінгі тағдырының шешілуіне АҚШ дипломатиясының тигізген ықпалы.
Диплом жұмысы кіріспеден, 1 тараудан және қорытынды, сілтемелер, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-тарау. Үлкен Үштік конференциялардағы АҚШ дипломатиясы
1.1 Москва және Тегеран конференцияларындағы АҚШ дипломатиясы
Екінші дүниежүзілік соғыс барысында АҚШ көптеген халықаралық конференциялар жұмыстарына қатысып, көптеген келісім-шарттар қабылдады.
Америка тарихында мұхиттың аржағындағы мемлекеттермен мұндай көп келісім - шарт еш уақытта қабылданған емес еді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ президенті мұхиттың аржағына Халықаралық конференциялар жұмысына қатынасу үшін үш рет баруға мәжбүр болды.
1943 жылы 19 қазан - 30 қазан аралығында АҚШ, Совет Одағы және Англия сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Москва қаласында конференция болып өтті.
Москва конференциясы АҚШ, КСРО және Англия үшеуі бірігіп Германия фашистеріне соққы беру және халықаралық бейбітшілікті сақтау үшін Халықаралық Ұйым құру керектігін айтты. Сондай-ақ Европа мәселесімен айналысатын «Европалық консультативтік комиссия» құрды. Италия және Австрия туралы да шешім қабылданды.

1.2 Қырым конференциясындағы АҚШ-тың позициясы
Қырым конференциясы 1945 жылы 4-11 ақпан аралығында Қырымдағы Ялта қаласының маңындағы Ливадия қалашығында өтті.
Конференцияға КСРО, АҚШ және Англия басшылары қатысты. Конференцияда майдандағы жағдай жан-жақты талқыланып, Германияға қарсы соғыс операцияларын бұдан да күшейту мақұлданды. АҚШ және Англия Қызыл Армияның Германияға қарсы соғыстағы жетістіктеріне қызғанышпен қарап, оны Европаға тереңдеп енуіне қандай болсын кедергі жасамақшы болды.
Қырым конференциясында Үштік Германияның сөзсіз тізе бүгетініне сенді және оны тез арада іске асырудың жолдарын белгіледі. Сонымен қатар соғыстан кейінгі Германияны қайта құру жолдары және оны толық қарусыздандырып, демократиялық қоғам құрудың жолдары қарастырылды (6).
Одақтастардың Германияны оккупациялап, оған АҚШ, КСРО және Англияның бақылау орнататындығы айтылды. Оккупацияның мақсаты және Одақтастардың бақылау орнатуы, Германияны қарусыздандыру, Германия милитаризмі мен нацизмін жою. Одақтас державалар Германияның барлық қарулы күштерін таратуды бес штабты жоюды, барлық соғыс құралдарын жоюды, соғыс техникасын шығаратын өнеркәсіп орындарын жабуды және барлық әскери қылмыскерлерді жазалауды ұсынды. Барлық нацистік, милитаристік ықпалы бар-ау деген қоғамдық мекемелерді, өнер басқа да салаларды тарату конференция мүшелерінің мақсаты Германия халқын жою емес, тек ұлтшылдықты, милитаризмді тұншықтыру екендігін мәлімдеді.

1.3 АҚШ Потсдам конференциясында
Потсдам конференциясы 1945 жылы 17 шілде – 2 тамыз аралығында Берлин маңындағы Потсдам қаласында өтті.
Берлин (Потсдам) конференциясы КСРО, АҚШ және Англия мемлекеттерінің басшыларының қатысуымен (17 шілде-2 тамыз 1945 жылы) Ұлы Отан соғысының барысындағы ең ақырғы конференция болды. Бұл конференцияның бір ерекшелігі ол соғыс біткеннен кейін өз жұмысын бастады.
Гитлерлік Германия екінші дүниежүзілік соғыста ойсырай жеңілді. 1945 жылы мамырда үш Ұлы держава АҚШ, КСРО және Англия мемлекеттерінің өкілдерінің қатысуымен, Германия басшылары сөзсіз тізе бүгу актысына қол қойды. Гитлерлік Германияны жеңуге үш Ұлы держава КСРО, АҚШ және Англия қатар басқа да елдердің Армиясы мен халықтарының еңбегінде атап өту керек. Берлин конференциясының міндеттері КСРО, АҚШ және Англия халықтарының фашистік Германияны жеңуін бекіту және соғыстан кейін Европада бейбітшілікті орнату және дамыту мәселелерін түпкілікті шешу болды (23).

Қорытынды
КСРО, АҚШ және Англия басшылары И.В.Сталин, Ф.Д,Рузвельт және У.Черчилльдердің қатысуымен болған Тегерандағы, Америкадағы, Ялтадағы және Потсдамдағы конференциялар екінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық тарихында ерекше орын алады.
Конференцияның материалдарынан, шешім қабылдануда АҚШ, Англия және КСРО басшыларының кейбір мәселелерде көзқарастарының тіпті қарама-қайшы болғандығын көреміз. Бұл қайшылық АҚШ-тан Англияның өз мүдделерін капиталистік тұрғыдан бағалап, соғыстан қалай да болмасын пайда табуды ойлады. Бірақ сол кездегі тарихи жағдай соғыстың барысы үш ел басшыларының дұрыс баға беріп тиісті дұрыс шешімдер қабылдауына әсер етті.