Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тәрбие әдістері


Жоспар
1 Тәрбие әдістері 3
1.1 Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөнінде түсінік 3
1.2 Сана қалыптастыру әдістері 4
1.3 Іс-әрекет ұйымдастыру әдістері 11
1.4 Ынталандыру әдістері 16
1.5 Педагогикалық қолдау, оның мәні және ұйымдастыру жолдары 22
1.6 Тәрбие әдістерін таңдау 24

1 Тәрбие әдістері
1.1 Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөнінде түсінік
Тәрбие әдістері – бұл тәрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тәсілдері. Мектеп тәжірибесіне орай әдістердің және бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне және қылық - әрекетіне ықпал жасау тәсілдері.
Әдістер түрі сан - алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шәкірттерінің білімдік күш-қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып және басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог әрекетіне тәуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, әдіс формасы да сондай әрі сонша – бұл заңдылық. Әлбетте, әдістердің бәрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол әдістің түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет. Нақты мақсатқа байланысты дайындалған көп әдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін.

1.2 Сана қалыптастыру әдістері
Тәрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тәрбиенің бірінші сатысы - оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет әрекет - қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мән-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған әдістер тұлға санасын қалыптастыру әдістері атамасын алған. Бұл топ әдістері екінші кезеңде іске қосылатын – сезім, көңіл-күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса, тәрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды.

1.3 Іс-әрекет ұйымдастыру әдістері
Тәрбие көзделген әрекет - қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. Тұлға тәрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс-әрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-әрекет ұйымдастыру мен қылық қалыптастыру тәрбие процесінің өзегі ретінде қарастырылады. Аталған топтағы әдістердің бәрі тәрбиеленушілердің практикалық іс-әрекетіне негізделген. Мұндай іс-әрекетті басқару үшін педагог оны құрамды бөліктерге – нақты істер және қылықтарға жіктейді.
Қажетті тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған әдісі – жаттықтыру. Балада қалыптасатын қылық, әрекеттің қай-қайсысы да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың қалай жазатынын әңгімелеп, жазуға, атақты күйші өнерін көрсетіп, домбыра тартуға үйрету мүмкін емес. Тәрбиеленушіні мақсатты бағытталған белсенді әрекетке ынталандырмай, жоспарланған мінез бітісін де орнықтыруға болмайды. Жаттықтыру мәні – талап етілген әрекеттерді көп мәрте қайталаумен автоматты орындалу дәрежесіне жеткізу. Жаттығулар нәтижесі – тұлғаның бекіген сапалары: әдеттер мен дағдылар.
Жаттықтыру істерінің тиімділігін келесі шарттар анықтайды:

1.4 Ынталандыру әдістері
Тәрбиеленушіні белгілі іс-әрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын әдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл әдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. XX ғасыр педагогикасы және бір өте әсерлі ынталандыру әдісі – жарыстыру әдісін алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дәстүрлі ықпал әдістеріне қосымша субъектив - прагматикалық әдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы. Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тәрбие маған не береді, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер пайда қандай және қаншалықты деген сұрақтарды үстемелеп қоятын болды. Осы секілді пайдакүнемдік – прагматикалық бағытты ескере отырып, кейбір шет ел педагогикалық жүйелері тәрбие процесін тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы коммерциялық қатынас сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас өзегі – пайда.

1.5 Педагогикалық қолдау, оның мәні және ұйымдастыру жолдары
Тәрбие процесінің нәтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тәуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:

1.6 Тәрбие әдістерін таңдау
Тәрбие әдістерін таңдау – күрделі проблемалардың бірі.
Тәрбиешінің кәсіби қызметтерін орындау барысындағы тәрбие әдістерін таңдауы әрі оларды пайдалануы көптеген қалыптасқан шарттар мен мүмкіндіктерге тәуелді. Мұндай шарттар түрі: ниеттенген тәрбие мақсаттары мен міндеттері; тәрбиеленушілердің жас және даралық ерекшеліктері; тәрбие мезеті; шәкірттердің қызығулары мен қажеттері; оларды қоршаған әлеуметтік жағдайлар; тәрбиеленуші қатысқан топтың қалыптасу деңгейі; күтілген нәтижелер; тәрбиешінің өз басы мүмкіндіктері.
Тәрбие әдісін таңдау негізінде тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы гуманистік қатынас болуы шарт. Қолданылатын әдістердің тиімділігі келесі жағдайларға байланысты: таңдалған әдістің шынайы әрі нақты шарттарға сәйкестенуі; әдісті қолдану мезетіндегі тәрбиеленушілердің психологиялық қалпын кәсіби көрегендікпен сезе білу; әрқилы тәрбие әдістерін өзара үйлестіре пайдалану; таңдалған әдісті тәрбие шараларымен толықтыра түсу; әрбір әдісті қисынды нәтижеге жеткенше орынды пайдалану.