Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Конвертерлік болат өндіру тәсілі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Конвертерлік тәсілді жетілдіру


Жоспар

1 Конвертерлік тәсілді жетілдіру 3
1.1 Конвертер шегенінің төзімділігін арттыру 3
1.2 Конвертерде скрапты пайдалану технологиясын жетілдіру 4
1.3 Шойынды конвертерде балқытуға дайындау 5
1.4 Конвертер балқымасын жетілдіру және болатты агрегаттан тыс өңдеу 7
1.5 Конвертерлік үрдісті автоматтандыру 8
Әдебиеттер 11

1 Конвертерлік тәсілді жетілдіру

Дүниежүзілік конвертерлік болат өндіру практикасы химиялық құрамы және мөлшері әр түрлі шойындарды пайдаланумен, конвертерлік балқыма технологиялық режімдерінің әр түрлілігімен және қорытылатын болат маркаларының көптігімен ерекшеленеді. Сондықтан конвертерлік үрдістерді жетілдіру шаралары қарастырылады. Кейінгі жылдары тәсіл негізінен мына бағыттарда өрбіді. [16]:

1.1 Конвертер шегенінің төзімділігін арттыру

Металлургия өндірісі дамыған алдынғы қатарлы елдерде конвертер шегенінің төзімділігін арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.
Шеген төзімділігінің артуына үрлеме уақытын қысқарту оң әсерін тигізеді. Ол үшін сапалы шикіқұрамдық материалдар пайдаланып, балқыманың басында қож түзілу үрдісін тездету, соңына қарай доломитті әкпен қожды көпіршіту. Температура көтеріліп кетпеу үшін жылу режімін басқару, балқыманың химиялық құрамын анықтау, температураны өлшеу және т.б. үрдістерді механикаландыру әрі автоматтандыру.
Металлургиялық зауыттарда конвертер шегенінің төзімділігін арттыру мақсатымен торкреттеудің әр түрі қолданыс тапты. Жаксы көрсеткіштерге оттегі, отын (коксик, пропан және т.б.) және ұнтақ (әк,доламит,магнезит) қоспасымен,алаулы торкреттеуде қол жетті. Алауда жұмсарған отқатөзімді ұнтақ, конвертер шегеніне жаксы жабысып, шеген төзімділігін екі есе арттырды.

1.2 Конвертерде скрапты пайдалану технологиясын жетілдіру

Дүниежүзілік конвертерлік болат өндіру практикасында, скрап мөлшерін арттыру және оны дайындау технологиясын жетілдіру шаралары қарастырылуда. Сондай шаралардың біріне скрапты алдын ала қыздырып қолдану жатады.

1.3 Шойынды конвертерде балқытуға дайындау

Болат сапасына қойылатын талаптардың жоғарылауынан, конвертерлік болат өндіру практикасында мынадай сұлба қалыптасты: шойынды домна пешінен тыс өңдеу, шойынды конвертерде үрлеу, балқыманы конвертерден тыс өңдеу. Конвертердің негізгі міндеті: фосфордың, оттегінің және азоттың төменгі мөлшерімен әрі температураны қамтамасыз ету. Бұл технологияны тұрақтандыруға, өндіріс тиімділігін арттыруға, жарамды металл шығымын жоғарылатуға әрі жоғары сапалы көрсеткіштерге жетуге ықпал етеді.
Шойынды домна пешінен тыс өңдеуде, оны күкіртсіздендіру кеңірек тараған. Шойынды күкіртсіздендіру қозғалмалы миксерде немесе шөміште жүргізіледі. Бірінші әдіс көбінесе Жапонияда қолданыс тапқан. Шойынды күкіртсіздендіру конвертер цехынан тыс арнайы станцияда жүргізіледі. Екінші әдіс негізінен металлургиясы дамыған Америка мен Европа елдерінде қолданылады. Қозғалмалы немесе тұрақты миксерден шөмішке ағызылып алынған шойынды конвертер цехының стендінде күкіртсіздендіреді.

1.4 Конвертер балқымасын жетілдіру және болатты агрегаттан тыс өңдеу

Кешенді өңделген шойынды пайдалану, тиімді аз қожды технология бойынша болат қорытуды мүмкін етті. Шойында кремний мен фосфор концентрациясының төмендеуінен, әк шығыны азайып қож мөлшері 2–4%–ды құрады. Оның үстінде, “Kawasaki Steel” фирмасының зауытында, 4–5 балқыма бойы алдыңғы қожды конвертерде қалдыратын болды. Жаңа технологияның нәтижесінде жарамды металл шығымы 1–2%–ға көтерілді. Аз қожды технология металды конвертерде қосындылауға мүмкіндік туғызады. Мысалы, “Nippon Steel” фирмасының (Оита) зауытында марганец кенін пайдаланып, конвертер металын қосындылау өндіріске енгізілді. Марганец кенін конвертерге салып, болат ағызу тесігінен ұсақ коксты газбен үрлегенде, марганец тотығының тотықсыздану дәрежесі 75%–ға жетті.

1.5 Конвертерлік үрдісті автоматтандыру

Конвертерлік болаттың сапасы және оның техника–экономикалық көрсеткіштері үрдістің автоматтандырылған дәрежесімен анықталады. Технологияны стандарттау және автоматтандыру болат сапасын тұрақтандыруды қамтамасыз етудің, басты шарттары болып есептелінеді.
Алдыңғы қатарлы елдерде, конвертерлік үрдісті автоматтандыру, өлшеу құралдары мен динамикалық басқару жүйесін жетілдіру негізінде шешілуде. Көбінесе сынама алатын, температураны өлшейтін, металдың тотықтану дәрежесін анықтайтын өлшеу техникасы, көмекші фурманың түрлі конструкциясына негізделген.

Әдебиеттер

1 Металлургическая теплотехника. В 2 томах. Том 2. Конструкция и работа печей. Кривандин В.А., Неведомская И.Н., Кабахидзе В.В. и др.– М. : Металлургия, 1986. – 542 с.
2 Абдрахманов Е.С., Тусупбекова М.Ж. Огнеупоры для металлургических и литейных печах. – Павлодар: НИЦ ПГУ им. С.Торайгырова, 2006. – 86 с.
3 Металлургия стали. Явойский В.И., Кряковский Ю.В., Григорьев В.П. и др – М. : Металлургия, 1983. – 584 с.
4 Кудрин В.А. Металлургия стали. – М. : Металлургия, 1989. –560 с.
5 Бигеев А.М. Металлургия стали. – М. : Металлургия, 1988. –480 с.
6 Толымбеков М.Ж. Болат балқыту өндірісінің негіздері. 1–бөлім. – Алматы: РБК, 1994. – 164 б.