Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 97 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Сот жүйесіндегі сот төрелер


Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ 7
1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінің түсінігі және оның маңызы 7
1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінің сот билігінің басқа принциптерімен ара қатынасы 19
2 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН СОТТАҒЫ ӨКІЛДЕР 48
2.1 Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар 48
2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар 69
2.3 Соттағы өкілдер 85
ҚОРЫТЫНДЫ 91
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 97

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен заңды мүдделерінің қорғалуы заңның үстемдігі қамтамасыз етілетін мемлекетте ғана мүмкін. Өз кезегінде мұндай мүмкіндік мемлекеттік механизмде биліктердің бөлінуі мен өзара іс-қимылын толық көлемінде істей шығуы және сот билігіне тән ерекше рөлдің атқарылуы арқылы іске асырылады.

Судьяның тек заңға бағындырылуы оның тәуелсіздігін қамтамасыз ететін басты шарт ретінде қаралды. Осыған байланысты судьяға заң қоятын талаптар мен міндеттерді анықтау.
Теориялық және практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың теориялық негізін заңгер ғалымдардың сот билігі, жүйесі және судьяның тәуелсіздігі мен сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар туралы тұжырымдамалыры мен ұсыныстарын құрайды.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы сонда жұмыстағы тұжырымдар қорытынды мен ұсыныстар сот жүйесінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негіздерін одан әрі ғылыми зерттеуге негіз болады, оның теориялық қорын кеңейтеді.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Жұмыс екі тараудан, бес параграфтан, қорытындымен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың көлемі алпыс алты бетті құрайды.

1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ
1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінің түсінігі және оның маңызы
Латын сөзі принцип негіз, бастапқы негіз, бастама, ереже ұғымдарын білдіреді. Сондықтан, сот билігінің принциптерін заң әдебиеттерінде басқаша, сот әділдігінің негіздері деп те атайды.
Сот әділдігі сот билігінен туындалатын, онымен сабақтас ұғым болғандықтан принциптерді сот билігінің немесе сот әділдігінің деп атау өзгешелікті білдірмейді, керісінше, бұл екеуі бір мағыналы ұғымдар.
Әрине, бұған дейін айтылып кеткендей, сот билігінің түсінігі сот әділдігі ұғымынан әлдеқашан кең және көлемді. Бұған, тіпті, сот әділігі сот билігінің бір (басты да, әрі негізгі) нысаны деп көрсетудің өзі дәлел. Сондықтан кең мағынасында қарастыра келе, тақырыпты судьяның тәуелсіздігі - сот билігінің демократиялық принципі деп атау сот әділігі сот билігі түсінігінен туындайтындығымен, екіншіден оны жүргізуші басты тұлға судья болғандықтан, судьяның тәуелсіздігі деп қарастырумен байланыстырып, уөж етуге болады. Демек, дәстүрлі терминологиялық атаудан аса бір ауытқу болмайды деген сөз.

1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінің сот билігінің басқа принциптерімен ара қатынасы
Судьяның тәуелсіздігі принципінің түсінігі мен маңызына байланысты мәселелер тараудың алдыңғы бөлімінде анықталып кетті.
Бұл бөлімде да қаралатын мәселелермен ұштастырыдып, одан әрі оны жетілдіру мақсаты алға қойылуда.
Судьяның тәуелсіздігі принципінің жалпы сот билігінің басқа да, әрқайсысы өз алдына дербес принциптерімен өзара тығыз байланыста болатыны сөзсіз.
Демек, ара-қатынас деген ұғым байланысты және арадағы айырмашылықтар мен ерекшеліктерді де түсіндірсе керек.
Принциптердің ара-қатынасына тиесілі әуелі анысың, одан кейін, әрине олардың дербестігін білдіріп, әрқайсысына төн қасиеттері мен мақсаттарына сәйкес бір-бірінен ерекшеленетін жақтарын қарастыру олардың сапалы мәнін және маңызын айқындайды.

2 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН СОТТАҒЫ ӨКІЛДЕР
2.1 Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар
1. Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар және іске қатысушылар
Оған: сот, сот мәжілісінің хатшысы, сот приставы, сот орындаушысы кіреді.
2. Іске қатысушы тұлғалар: АІЖК 44-бабы. Оған: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекет ұйымдары, ерекше өндіріс бойынша арызданушылар, 56 және 57 баптар бойынша арызданушы жекелеген азаматтар.
3. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар.
4. Соттағы өкілдер.
Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болатын АІЖ құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
АІЖ құқықтық қатынастарының ерекшеліктері:

2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар
Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар - куәлік жауап беру бұл – азаматтық істерді дұрыс шешуге қажетті мән – жайларды анықтауда заңда бекітілген тәртіпте жеке тұлға – куәнің нақты деректерді хабарлауы немесе айтып беруі. Осы үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды. Сонымен бірге куәлік жауап беру үшін кез-келген тұлға тартыла бермейді. АІЖК-нің 79-бабының 2-тармағы бойынша аталған тұлғалар куә ретінде жауап алуға жатпайды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сот билігінің мемлекеттік биліктің бір тармағы ретіндегі маңызы мен мәнін ашу, өуелі оның түсінігін және оның маңызын зерттеумен ұштастырынды.
Жалпы, билік феноменін, оның белінуі теориясын ежелгі уақыттан зерттеумен бұл меселелерге байланысты Аристотельдің, Ш.Л.Монтескьенің көзқарастары мен еңбектерінде айтылған ғұлама сөздері келтірілді.
Ежелден келе жатқан «бөлісіп ал да билей бер» -деген ереже мен еңбектің бөлінуінен шыққан теорияның мемлекет құрылысындағы басты мақсаты биліктер тармақтарының функциялары мен өкілеттіктерін жіктеуінде, осы арқылы әрқайсысы өз билігінің шеңберінде қызмет істеуін анықтауында. Мұндай қызмет барысында заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері бір-бірімен тежемелік өрі тепе-тендік жүйесі арқылы іс-қимыл жасау принципін басшылыққа алады.