Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 55 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ұстаздың деонтологиялық даярлығы және оның қалыптасуы


Жоспар

1 Ұстаздың деонтологиялық даярлығы және оның қалыптасуы 3
1.1 Ұстаздың деонтологиялық даярлығының мәні мен мағынасы 3
1.2 Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығының құрылымы 11
1.3 Болашақ ұстаздардың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру 25
Әдебиеттер 55

1 Ұстаздың деонтологиялық даярлығы және оның қалыптасуы

1.1 Ұстаздың деонтологиялық даярлығының мәні мен мағынасы

2020 стратегиялық жоспары бойынша Қазақстан 2020 жылға дейін қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болуы керек. Ол үшін оны іске асыратын адам капиталының бәсекеге қабілелеттілігін арттыру мәселесі шешуін күтуде. Осыған орай қазақстандықтардың интеллектуалдық әлеуетін, кәсіптік құзырлығын, рухани байлығын, жан саулығы мен тән саулығын қамсыздандыру әрекеті - кезек күттірмейтін мәселенің бірі
Еуропа аймағындағы жоғары білім беруге қатысты ережеде (Лиссабон, 1997ж.) «жоғары білім беруді жетілдірудің және кемелдендірудің кілті, ол адамзат қоғамының баға жетпес мәдени және ғылыми жетістігінің көрсеткіші, әрі әлемде бейбітшілікті бекітудің, халықтар мен елдер арасындағы өзара түсіністіктің негізі» екендігі көрсетілген..
Соңғы кезде қоғамның дамуына байланысты кәсіби білім берудің алдына қойылған міндеттерінің мазмұны да айтарлықтай өзгерді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес «білім беру жүйесінің басты міндеті – жан–жақты дамуға, кәсіби шеберлікті жетілдіруге, жеке тұлғаны ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптастыруға жағдай жасау» болып отыр.

1.2 Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығының құрылымы

«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көреген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадыда жақсы сақтайтын, … еш нәрсені ұмытпайтын…, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.., мейілінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, табиғатынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, жақындарына да, жат адамдарына да әділ.., жұрттың бәріне өз білігінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп…, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек…» деп, ғұлама ойшыл Әл-Фараби ұстаз тұлғасына деген талапты көрсеткен.
Қазақтың хәкімі Абай Құнанбайұлы ұстаздық еткен адам тұлғасына көп көңіл бөліп, олардың біліктік мінездемесі мыналардан құралады дейді:
«1)батыл; 2) жарылқаушы (өзіңді және өзгені); 3) мейірімді; 4) сүйікті; 5) кешіруші; 6) қорғаушы; 7) айыпты жабушы; 8) қызық беруші; 9) пайда беруші; 10) басқарушы; 11) кірсіз, жаны таза; 12) негізі бар; 13) күнәсін біліп, оны тазарта алушы және т.б.. Мұнда Абай жалпы ғылымнан қуат алған ізгілікті, парасатты адамның тұлғалық моделін жасаған».

1.3 Болашақ ұстаздардың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру

Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру түсінігіне негіз болатын ойшылдардың ақылдарын келтіре кетейік. Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың әйгілі ойшыл философы Әл-Фараби болды. Әл-Фараби «Бақытқа жету жолына меңзеу» деген тамаша еңбегінде кісінің жан дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор білгірлікпен жан-жақты да, терең зерттеп, талқыға салады. Мұнда Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт – әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілеті бар. Ол: а) ерекше жаралған дене құрылысы; ә) жан құмарлықтары; б) ой парасаты. Бұл қабілеттер өзінен-өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде түгелдей жақсылық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқтықты жеңудің жолы – аталған үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, терісін оңдап, дұрысын ілгері дамыту, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой-парасатын оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже тудыратын дәрежеге көтеру.

Әдебиеттер

1. А.Х. Маслоу Самоактуализация: ағылшын тілінен аударма. – Мәтіндер. – М., 1982.
2. А.Н. Джуринский История педагогики. – М.: Владос, 2000.
3. Философский словарь// И.Т.Фролов, Г.Н. Кузьменконың ред. бойынша – М.: Советская энциклопедия, 1983.
4. Асылов Ұ., Нұсқанбайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері (Оқу құралы), Алматы, Рауан, 1998
5. Философия /Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. Авторлар коллективі. Редакциясын басқарған Кішібеков Д., Алматы, Рауан, 1991
6. А.С. Кобликов Основы юридической деонтологии. – СПб., 2008.
7. Н.И. Запорожец Книга для чтения по истории средних веков. – М., 1986.
8. П. Монро История педагогики. – М., 1961
9. Ф.Хофман Мудрость воспитания. Педология. Педагогика. – М., 1979.
10. Г.Е. Жураковский Очерки по истории античной педагогики. – М., 1963.
11. Платон. Сочинения: В 3-х т. – М., 1968. – Т.1.
12. С.М. Каиров История развития системы образования Китая// Образование за рубежом. – 2006. – № 2. – С. 19-28.