Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Арал проблемасы


Жоспар
Кіріспе 3
1 Арал проблемасы 6
1.1 Арал теңізінің экологиялық ахуалы 6
1.2 «Возрождение» аралы алапат апаттың араны 9
1.3 Қатерлі ауруларға шалдыққан аралдықтар 17
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер 22

Кіріспе
Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді.

1 Арал проблемасы
1.1 Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Арал теңізінің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал шаруашылығымен және көкөніс - бақша өсірумен айналысады. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік - экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты жұмыс істеген.

1.2 «Возрождение» аралы алапат апаттың араны
Арал теңізі және оның экологиясы туралы айтқанда «Возрождение» аралына тоқтамай өтуге болмайды. Возрождение аралы бұрынғы Кеңес Одағының 1992 жылға дейінгі ең құпия әскери нысаны болып келді. Онда орналасқан полигон 1980 - жылдардың соңына дейін бірнеше кодты атаулары бар биологиялық қару мен жабдықтарды сынақтан өткізіп отыратын жасырын мекенге айналды. Бұлар негізі « Аральск – 7, «Бархан» және «ПНИЛ – 52 «( полевая научно - исследовательская лаборатория ) деп аталатын нысандар арқылы жүзеге асып жатты.
Ертеректе Арал теңізінің алып айдынында 300 – ден аса аралдар болған екен. Қазіргі таңда бұлардың арасындағы ең ірілері – Барсакелмес пен Көкарал жермен бір жағалауын ұштастырып, түбекке айналып кетті. Ал, бір кездері Возрождение, Комсомол, Шағала, Константин және Лазарев аралдары үлкен бір аралға бірігіп, бүгінде Возрождение деген ортақ атқа иеленіп отыр. Бұл аралдың өзі Қарақалпақ жеріндегі Мойнақ қаласы тұсынан құрлықпен шектесіп кетуге шаққа қалып тұр.

1.3 Қатерлі ауруларға шалдыққан аралдықтар
Осы жерде ойға оралатын бір жәйт, соңғы жылдары облыстың Арал ауданы төңірегіндегі әр жерден бір бубонды обаның ошағы бұрқ етіп қалып жүр. Дәрігер қауым әзірге оны түйе үстіндегі бүргеден көруде. Ал, сол бүргеге осы аса қауіпті дерт қайдан жұқты екен? Осыны ойлаған жан бар ма? Бәленің бәрі аралда жатқан жоқ па? Болмаса әуеде жарылған атом жарылыстарының әсері қандай? Сол сияқты соңғы жылдары тайлы - таяғымен келіп, аралдан темір - терсек теріп жүрген жергілікті тұрғындардың ауру жұқтырып алулары да тым қиын емес қой. Қалай дегенде де, шырмауықтай шұбатылған шым - шытырық жұмбақтар көп. Енді оны түбегейлі шешу алдағы күндердің еншісінде болса керек.

Қорытынды
Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағытында Орталық Азиядағы бес мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстанның президенттері бірнеше рет кездесті. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес, көптеген Шығыс елдерінің тыныс - тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі - жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т. б. мемлекеттер.

Қолданылған әдебиеттер
1. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» Ә. Бейсенова, Т. Есполов
2. Арал теңізінде орналасқан арал// «Егемен Қазақстан» 2004 жыл, 28 сәуір
3. Арал аспанындағы атом жарылыстары//»Егемен Қазақстан» 2003 жыл, 29 қазан
4. Арал өңірінің экологиялық проблемалары//»Атамекен» 2004 жыл, 24 маусым