Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Дене тәрбиесі

Тип: Реферат

Объем: 21 стр.

Полный просмотр работы

Нашақорлық

Жоспар
1 Нашақорлық-қоғам дерті 3
2 Проблеманың жай-күйін талдау 7
3 Нашақорлықтың бастапқы алдын алу 13
4 Есірткіні теріс пайдаланатын адамдарды емдеу және әлеуметтік оңалту 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 21

1 Нашақорлық-қоғам дерті
Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі қарастырылған. Алайда, ол елде мұндай іс-шараларды сынап-мінеушілер де шығып отыр. Олар нашақорлықты түп қазығымен жойып жіберуі мүмкін емес екенін, өйткені есірткі пайдалану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің ажырамас бөлігі екендігін алға тартуда. Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.

Экономикалық салада - бұл өтпелі кезеңде есірткі бизнесінің дамуы мен нашақорлықтың өсуі үшін жағдайлар туғызатын экономикалық проблемалардың шиеленісуі. Орталық Азия елдеріндегі есірткі ахуалының нашарлауына ықпал ететін факторлардың қатарында халық кедейшілігінің жоғары деңгейінің сақталуын, жұмыссыздықты және көлеңкелі шаруашылық қызметінің дамуын айтуға болады.

Солай бола тұра, проблема өткірлігі бәсеңдер емес, оған бір-бірімен өзара байланысты бірқатар факторлар әсер етеді, олардың бірі біздің еліміз арқылы есірткі, ең алдымен Ауғанстанда жасалған есірткі трафигінің күшеюі болып табылады. Ауғанстанмен шекаралас өңірлерде есірткіге қарсы белдеу ұру жөніндегі құқық қорғау шаралары кешенін іске асыруды шұғыл қолға алу қажеттілігі барған сайын артып отыр.

3 Нашақорлықтың бастапқы алдын алу
Қазақстандық қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік мәдени факторлары (моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы, батыстық мәдениеттің жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруі) ұлт денсаулығының негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін өзекті етеді.

4 Есірткіні теріс пайдаланатын адамдарды емдеу және әлеуметтік оңалту
Тәуелсіз сарапшылардың бағалаулары бойынша есірткіні шамадан тыс пайдаланудан Қазақстанда әр тәулікте төрт адам қайтыс болады. Елде соңғы 12 жылда нашақорлықпен ауыратын адамдардың жалпы саны 10 есеге, оның ішінде жасөспірімдер арасында 17 есеге артты.

Қазақстан Республикасының наркологиялық емдеу-алдын алу мекемелерінің құрылымдарын, технологияларын, штаттық қамтамасыз етілуін және материалдық-техникалық базасын қазіргі заманғы наркологиялық көмекті ұйымдастырудың заңнамада бекітілген стандарттарына қатаң түрде сәйкес келтіру, қазіргі заманғы әлеуметтік індеттерге тартылуға халықтың, психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруды тікелей қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының халқына психотерапиялық,

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Егемен Қазақстан газеті. 2006 №25
2. «Основы физиологии человека» Агаджанян, Власова, Ермакова.
3. Маринова Ю , Никитина А.А. «Возростная физиология»