Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 42 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Қаржы нәтижелерін талдау


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1-Бөлім. ЖШС «Игілік-Фининвест» фирмасының экономикалық ұйымдастыру сипаттамасы 5
1.1 Қаржы нәтижелерінің теориялық сипаттамасы 5
1.2 ЖШС «Игілік-Фининвест» фирмасының техникалық экономикалық сипаттамасы 12
2-Бөлім. Қаржы нәтижелер есебін ұйымдастыру 18
2.1 Негізгі қызметтен түскен табыс есебі 18
2.2 Негізгі емес қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі 19
2.3 Жиынтық табыс (зиян) есебі 24
3-Бөлім. Қаржы нәтижелерін талдау 29
3.1 Нақты салыстырмалы табыс көрсеткіштерін талдау 29
3.2 Қаржы нәтижелер есебін және олардың қолданылуын тексеру 38
ҚОРЫТЫНДЫ 40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 42

КІРІСПЕ

Қазіргі нарықтық жағдайда бухгалтерлік есеп шаруашылық субъектілерінде маңызды орын алады. Ол бухгалтерлік есеп стандарттарындағы жалпы қағидалар мен негіздемелер негізінде, субъектілердің табысы мен шығысының есептілігінің бухгалтерлік есептің жұмыстық шоттар жоспарында, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру Заңы» және «Салық және басқа да бюджетке міндетті заңына сәйкес. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша білікті органдардың басылымдарындағы нұсқаулар, өзгертулер мен ұсыныстар бойынша құралады. Республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесі максималды түрде халықаралық бухгалтерлік стандартқа жақын актуалды түрде қарастырылған.
Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдың мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет. Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне тиетіндігіне дау жоқ.

Дипломдық жұмысты жазу кезінде Қазақстан Республикасының Үкімет үйінің қаулылары және заң актілері білімді экономистердің теориялық және тәжірибелік бағыттары, жұмыстары қолданылды. Бұл жұмыста статистикалық экономика – математикалық және жеке ауқымды зерттеу әдістерін қолдана отырып «Игілік-Фининвест» ЖШС –тің қаржылық есеп беру мәліметтеріне талдау жасалған.
Жұмыстың бірінші бөлімінде «Игілік-Фининвест» ЖШС технико-экономикалық сипаттамасы мен теориялық аспектілері қарастырылады. Яғни, көптеген білімді экономистердің теориялық, тәжірибелік бағыттары және жұмыстары қолданылады.
Екінші бөлімінде қаржылық есептеме туралы сипаттамамен қоса оның есебін ұйымдастыру, оның ішінде – негізгі қызметтен түскен табыс есебі мен шығын есебі, ерекшеліктері қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде қаржылық нәтижелердің аудиті жүргізіледі. Ол жиынтық табыс есебінен құралатын нақты және салыстырмалы табыс көрсеткіштерінің аудитінен тұрады.
Мұнда қаржы көрсеткіштерінің деңгейін және өсіңкілігін талдау, рентабельділік көрсеткіштеріне кестелер түрінде талдау жасалған. Сонымен бірге тапсырыс берушілер өздерінің шешімдерін қабылдауына, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді одан әрі жақсартуға әсерін тигізетін аудиттің маңыздылығы қарастырылған.
Сонымен қатар дипломдық жұмыс соңғы қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Қорытындыда зерттелген «Игілік-Фининвест» ЖШС –тің фирмасының қол жеткізген табыстары мен кемшіліктері айтыла келіп ұсыныстар келтіріледі.

1-Бөлім. ЖШС «Игілік-Фининвест» фирмасының экономикалық ұйымдастыру сипаттамасы

1.1 Қаржы нәтижелерінің теориялық сипаттамасы

Нарықтық экономика шарты бойынша кәсіпорынның экономикалық мақсаты табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы нақты және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы сипатталады. Нақты табыс көрсеткіші – бұл табыс пен пайданың жиынтығы. Шет елдерде «табыс» ұғымы келесі мағынада анықталады: «Табыс – бұл экономикалық пайданың өсуі, есеп беру мерзіміндегі активтердің ұлғаюы және капиталдың көбеюі міндеттемелердің азаюы (өтелінуі) негізінде. Мұндай табыстарға: дайын өнімдерден, сатып алынған товарлардан және көрсеткен қызметтерді сатудан тыс табыс; дивиденттер, роялти, пайыз (процент) түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады.
Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің «Табыс» деп аталатын № 5 стандартына сәйкес есептелінеді.

1.2 ЖШС «Игілік-Фининвест» фирмасының техникалық экономикалық сипаттамасы

«Игілік-Фининвест» өндірістік - коммерциялық фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылы қыркүйек айында, Алматы қаласында құрылған.
Фирма Қазақстан Республикасы заңдары белгілеген шаруашылық қызметін, жүргізу шарттарын қадағалай отырып, жарғы мен құрылтайшылар келісім-шарты, ары қарай «Құрылтай құжаттары», негізінде құрылған және соны басшылыққа ала отырып қызмет атқарады. Фирма өз аты жазылған дөңгелек мөр бұрыштама белгімен басқа да заңмен белгіленген міндетті мәліметтерге ие.
ЖШС «Игілік-Фининвест» фирмасының мақсаты табыс табу фирма қызметінің арқауы:
- полиграфиялық қызмет көрсету.
Фирма заңды тұлға құқығына ие, яғни, ол оқшауланған мүлікке ие, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарға ие бола алады, азаматтық қатынастарға түсуге, міндеттерге ие болуға, сот не төрелік орындар немесе аралық соттарда талапкер не жауапкер болуға құқылы.
Фирма мүліктері ақшалай қаржылар және басқа да мүліктерді енгізу жолдарымен құралып, оның меншігі болып есептеледі.

2-Бөлім. Қаржы нәтижелер есебін ұйымдастыру

2.1 Негізгі қызметтен түскен табыс есебі

Негізгі қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі. Негізгі қызметтерден түскен табыстардын есебі 70-бөлімшесінің «Негізгі қызметтен түскен табыстар» шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегі синтетикалық, әрі пассивтік шоттар жатады:
701 - «Дайын өнімді сатудан түскен табыс» шоты. Бұл шотта өнімді сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқы көрсетілген қызметтерден
түсетін табыстар көрсетіледі. Аталған шотты өнімді, жұмыстарды және қызметтерді жасайтын материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындар пайдаланады. Есепті кезең бойы 701-шоттың кредитінде дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.
701-шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде келтірілген.

2.2 Негізгі емес қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі

Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебін есептеу үшін шоттардың типтік жоспарының «Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебі» деп аталатын бөлімшесі арналған және оған келесі пассивтік күрделі шоттар жатады. 721-шоты «Материалдық емес активтерді сатудан түскен табыс» материалдық емес активтерді сатудан келген табыстарды жинақтауға арналған.

2.3 Жиынтық табыс (зиян) есебі

Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп баптарын жіктеу мен есепке алудың тәртібін заңды тұлғалардың ретімен әзірлеп, есеп беру мақсатын айқындау үшін бухгалтерлік есепке алудың 3-стандарты «қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп» негізделген.
Стандарт сондай-ақ әдеттегі қызметпен алынған табыс пен шығындардың, төтенше жағдайлардан, тоқтатылған операциялардан болған табыс пен залалдың әртүрлі баптардан, есептік бағалаулардағы, есеп жүргізу саясатындағы өзгерістерд есепке алу және қаржы есептеріндегі елеулі қателіктерді түзету кезінде ашып көрсету тәртібін айқындайды.

3-Бөлім. Қаржы нәтижелерін талдау

3.1 Нақты салыстырмалы табыс көрсеткіштерін талдау

Нарықтық заманның шартына сай кәсіпкерлік қызметтің мақсаты – пайда табу. Пайда, кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруын, материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге пайдаға салынатын салық негізінде бюджет табысын қалыптастырады. Сол себептен, пайда кәсіпорынның қызметінің негізгі нәтижесі болып табылады.
Өнімді көп көлемде шығаруға болады, бірақ, ол сатылмаса немесе пайда түсірмейтін бағамен сатылса, онда, кәсіпорын ауыр қаржылық жағдайда болады.
Қаржылық талдаудың маңызды құрам бөлігінің бірі – пайданы қалыптастыруды талдау.
Пайданы талдау оны қалыптастыру ретімен байланысты.

3.2 Қаржы нәтижелер есебін және олардың қолданылуын тексеру

Нарықты экономика кезеңінде аудит тәжірибе жөнінде кәсіпкерлік қызметкердің бір түрі ретінде басты рөл атқарады. Осыған байланысты төмендегідей функцияларды орындауға тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ

Шаруашылық субъектілерінің қызметін зерттеуде қаржы нәтижелері есебі және талдауы өте маңызды рөл атқарады. Ал қаржы нәтижелерін талдау өз кезегінде, қаржы менеджментінің элементі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруді қолданушылардың бәрі, өз қызметтеріне шешім қабылдау үшін, қаржы нәтижелер есебі мен талдауын қолданады.
Кез-келген кәсіпкерлік қызметтің соңғы мақсаты табыс табумен қорытындыланады. Сондықтан, шаруашылық субъектісінің басшысы, қаржы нәтижелер талдауына қарай отырып, ғылыми негізделген, дұрыс, қолайлы басқарушылық және қаржылық шешім қабылдауы қажет.
ЖШС «Игілік-Фининвест» фирмасының бухгалтерлік есебі типтік шоттар жоспарын, бухгалтерлік есеп стандарттарын және оған әдістемелік мінездемелерін қолдану негізінде жүргізілген.