Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Шаңғы спорт


Жоспар

Кіріспе 3
1 Шаңғы спорт 4
1.1 Жалпы жағдай 4
1.2 Сырғанау адымның фазалары 4
1.3 Негізгі жағдай 6
1.4 Қимылдың сыртқы сипаттары 8
1.5 Ауыспалы екі адымды жүріс 9
1.6 Ауыспалы екі адымды жүрісті үйрету 15
Қорытынды 19
Әдебиеттер 20

Кіріспе

Шаңғымен жылжудың дұрыс техникасы дегеніміз қимыл жүйесі, олар арқылы шаңғышы өз қимылының жоғары жетістігіне жетеді. Басқаша айтқанда, шаңғымен жылжу техникасы шаңғышыға белгілі бір нәтижеге жету үшін оның дене күшінің дамуына сәйкес келетін мүмкіндігін жүзеге асыруға көмектесуі керек. Алайда егер шаңғышының жұмыскерлік қабілеті төмен болса, ең дамыған техника да жоғары спорттық жетістіктерге әкелмейді. Және керісінше, егер қимыл әрекеттері жақсы дамыған спортшы дамыған техниканы меңгермесе, спорттық жетістіктерге жете алмайды. Бұл техника мен спортшының дене бітімінің күш жұмсау қабілетінің өзара байланыстылығымен түсіндіріледі. Шаңғымен жылжу техникасының көрсеткіштері болып табиғилық, нәтижелілік, жылдамдық және үнемділік табылады.

1 Шаңғы спорт

1.1 Жалпы жағдай

Шаңғышы-жарысушының көптүрлі қимыл-қозғалысын жақсы түсіну үшін тұтас қимылдарды белгілі бір бөлімдерге бөліп қарастырған жөн. Шаңғы жүрісінің шаңғышылармен жиі қолданылатын негізгі тәсілдерінің бірі - жеке сырғанау адымдардан тұратын ауыспалы екі адымды жүріс. Қимыл фазалары деп шартты түрде аталған сырғанау адымының бөлімдері өзара жеке дене мүшелері қимылының сипаты жағынан емес, өзара байланысқан топтар жағынан бөлінеді.

1.2 Сырғанау адымның фазалары

Сырғанау адымының әрбір фазасының өзінің жеке сипаттары бар – орындалу уақыты, жылдамдығы, сырғанау ұзынды және т.б.
Жалғыз сырғанау адымы екі кезеңге нақты бөлінген – шаңғының сырғанауы, мұнда шаңғышы бір шаңғымен сырғанайды және шаңғының қозғалыссыз тұруы, мұнда итерілістің алдында сырғанаудың соңынан сол шаңғымен кідіріс жасалады. Бұдан кейін екінші шаңғымен екінші сырғанау адым жасалады. Сөйтіп, шаңғышы оң және сол аяқтарын ауыстырып сырғанау адымдарын жасайды.
Ауыспалы адым жасағанда шаңғышы-жарысушы екі шаңғымен қатар жүрмейді.
Шаңғымен сырғанау кезеңі үш фазаға бөлінеді, ал итеріліс кезеңі екі фазаға бөлінеді.

1.3 Негізгі жағдай

Шаңғы жүрісінің көп түрлілігіне қарамастан, олардың жалпы негізгі элементтері бар.
Отыру. Дененің және оның жеке бөлшектерінің оптималды жағдайы, олар қиылысқан жерде шаңғымен жүру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

1.4 Қимылдың сыртқы сипаттары

Жүрістің түрлі тәсілдерін қарастырмас бұрын қимылдың сыртқы сипаттарына тоқталған жөн.
Қимыл құрылымы – жүріс циклындегі шаңғышы қимылдарының белгілі өзара байлынысы мен құрылымы.
Шаңғы жүрісінің циклы – бірізді өзара байланысқан қимылдар жиынтығы, олардың нәтижесінде шаңғышы қозғалысты бастаған жағдайға қайта оралады. Ол аяқталған қимылды құрайды, ол жылжу процесінде міндетті түрде қайталануы тиіс. Жүріс циклының уақыт және кеңістік мөлшерлемесі бар.
Циклдың ұзақтығы – уақыт аралығы (м/сек), оның мерзімі біткеннен кейін шаңғышы қозғалысты бастаған жағдайға қайта оралады.
Циклдың ұзындығы – бір циклда шаңғышының тігінен өткен қашықтығы.
Аяқты тіреу уақыты – итерілістің басынан аяғына дейінгі аралық; сілтеу аяғын ауыстыру уақыты аяқпен итерілістің аяқталуы кезінде басталып, оған дененің салмағы салынғанда аяқталады.

1.5 Ауыспалы екі адымды жүріс

Қозғаушы және тежеуші күштің өзара байланысына байланысты екі адымды жүрістегі цикл ұзындығы 3,5-6,5 м шамасында құбылады, ал ұзақтығы 0,8-1,5 сек шамасында. Ең кең тараған қарқындық – минутына 40-75 цикл; жазықтағы қимылдың орташа жылдамдығы 4-6,4 м/сек тең келеді.
Ауыспалы екі адымдағы жүрістегі сырғу адымы анализінің қолайлылығы үшін шартты түрде оны екі кезеңге бөліп қарастырайық – қозғау салу және сырғанау. Қозғау салу кезеңі екі фазаға бөлінеді: аяқты бүгу және тік ұстау арқылы итрілу; сырғанау кезеңі үш фазаға бөлінеді: амортизациямен сырғанау, аяқты тік қою және топпен.

1.6 Ауыспалы екі адымды жүрісті үйрету

Ауыспалы екі адымды жүріс. 1 мақсат. Сырғанау адымын үйрену – таяқсыз жүру.
1. Шаңғышы тұрысын меңгеру
Тәсілдер:
1.1 Бір орында шаңғышының тұрысын бірнеше рет орындау.
1.2 Осыны қолдармен жұмыс істеп орындау.
1.3 Негізгі тұрыста түзу беткейлерден құлама жасау.
Әдістемелік нұсқаулар: жаттығуларды орындау кезінде аяқтардың бүгілу деңгейіне, дененің, бастың қалыбына, дене салмағанының үлестірілуі, жамбастың тірек үстінен орналасуына көңіл аудару. Қолдар қатаң түрде параллельді, еркін, оптимальді амплитудамен жұмыс істейді. Көлденең тербелістерді болдырмау.

Қорытынды

Шаңғы тебу спорты мемлекеттік оқу орындары мен қарулы күштерінде міндетті бөлім болып табылады. Оның міндетіне арнаулы кіріспелі қолданбаны, шаңғымен қозғалудың негізгі техникасын, құрылған нормативтік көрсеткіштерді орындау және шаңғыны қолданумен байланысты кейбір қарапайым білімді жетілдіруді оқыту кіреді.

Әдебиеттер

1 Аграновский М.А. Лыжный спорт. – М. : ФиС, 1983. – 101 с.
2 Аграновский М.А. Лыжный спорт. – М. : ФиС, 1966. – 28 с.
3 Бутин И.М. Лыжный спорт. – М. : Академия, 2000. – 61 с.
4 Бутин И.М. Проложи свою лыжню. – М. : Просвещение, 1985. – 112 с.
5 Бутин И.М. Лыжный спорт. – М. : Просвещение, 1983. – 66 с.
6 Матвеев Э.М. Лыжный спорт. – М. : ФиС, 1966. – 28 с.