Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекет басқару

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 86 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық - методологиялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық - методологиялық негіздері 5
1.1 Темір жол көлігінің экономикалық маңызы мен орны 5
1.2 Қазақстан Республикасы темір жол көлігін мемлекеттік басқару органдары және олардың қызметтері мен экономикалық - әкімшілік механизмдері 9
1.3 Теміржол көлігін басқарудың шетелдік тәжірибесі 20
ІІ Қазақстан Республикасы темір жол көлігінің экономикалық жағдайын бағалау 31
2.1 Қазақстандағы темір жол көлігін қайта құрылымдау нәтижелері 31
2.2 Қазақстанның 1993-2003 жылдардағы темір жол көлігінің дамуын талдау 47
ІІІ. Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары 66
3.1 Темір жол көлігінің даму перспективалары 66
3.2 Темір жол көлігін мемлекеттік басқарудың экономикалық-әкімшілік механизмдерін жетілдіру 78
Қорытынды 83
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 85
ҚОСЫМША 86

КІРІСПЕ

Әлеуметтік бағытталған рыноктық экономикаға өту жағдайындағы мемлекет ролінің мәселесі Қазақстан үшін актуальды болып табылады. Ол әліге дейін дискуссия және түрлі бағалау пәні болып қалады, бірақ экономикалық өсудің міндетті және маңызды құраушысы сияқты белсенді саясатты өткізуге көну керектігі мағыналас.
Қазақстан Республикасының темір жол саласы экономикасы тиімді мемлекеттік реттеудің теориялық және практикалық сұрақтары саланы зерттеу әлі өзіндік зерттеу пәні болмады. Темір жол саласының экономикасын мемлекеттік реттеудің қалыптасуы, басқа рынок біздің мемлекет ерекшелігін ескеретін жаңа ғылыми құрастыруды енгізуді талап етеді. Бұның барлығы осы мәселелерді терең зерттеу қажеттігін алдын ала анықтайды.
Темір жол Қазақстандықтардың өміріне енгелі қашан. Темір жол көлігінсіз ел экономикасын елестету де қиын. Поездар миллиондаған адамдар үшін үйреншікті, әрі қайталанбас қозғалыс құралына айналды. Темір жолдың арқасында Қазақстан тәуелсіздігі қанатын қатайтып, нығая түсті десек қателеспеспіз. Еліміздің темір жол көлігінің үлесіне жалпы жүк айналымының 70%-ы, жолаушы тасымалы айналымының 60%-ы тиіп отыр. Осы жайт, тек темір жол магистралінің бүгінгі жұмысын үлкен жауапкершілікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның болашағын байыптылықпен бағдарлап жасауды жүктейді.

І Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық - методологиялық негіздері

1.1 Темір жол көлігінің экономикалық маңызы мен орны

Көлік экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі болып саналады. Қазақстанның теміржол, автомобиль, әуе, ішкі су және құбыр көлігі кіретін жеткілікті түрде дамыған көлік жүйесі бар. Қазақстанның көлігі республика халық шаруашылығы салалық кешендерінің (агроөнеркәсіп, отын - энергетика, тау-кен металлургия, құрылыс және т.б) қалыптасуын ескере отырып, экономика салалары мен өндіріс түрлерінің ғана емес, аумақтық кешендерінің өзара байланысын қамтамасыз ете отырып дамыды.
Республикамызда барлық көлік түрлерінің ең динамикалық дамуы өткен ғасырдың 70-80 жылдары болды. 90-шы жылдары басталған ТМД елдеріндегі экономикалық құлдырау барлық көлік түрлері үшін тасымал көлемінің жалпы төмендеуіне әкеліп соқты. Көлемдердің тұрақтануы мен өсуі 1999 жылдың соңынан басталды.

1.2 Қазақстан Республикасы темір жол көлігін мемлекеттік басқару органдары және олардың қызметтері мен экономикалық - әкімшілік механизмдері

Қазақстан Республикасындағы көлік туралы Қазақстан Республикасының 1994ж. 21 қыркүйектегі № 156- XIII заңы (ҚР Президентінің 27.06.96ж № 2832 жарлығымен; ҚР 28.12.98ж. № 338- 1; 06.12.01ж № 260-11; 15.12.01ж № 272-11; 24.12.01ж №276-11;08.05.03ж. № 414-11 Заңдарымен енгізілген өзгерістермен) Қазақстан Республикасы көлігінің құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметінің негіздерін айқындайды.
Жалпы көлік туралы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылған:
Қазақстан Республикасының көлігі - оның аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен, сондай ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистралдық көлігі.
Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін, әрі осыған белгіленген тәртіппен берілген лицензиясы немесе рұқсаты бар, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде көлік құралдарын иеленуші заңды немесе жеке тұлға.
Көлік кәсіпорыны - жүктерді, жолаушыларды, теңдеме жүкті тасымалдау, көлік құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнінде шаруашылық коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға, ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес іс-әрекет жасайды.

1.3 Теміржол көлігін басқарудың шетелдік тәжірибесі

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде басқа шаруашылық салаларына қарағанда көлік үкіметтің, жергілікті органдардың, сондай ақ кәсіпкерлік бірлестіктердің тарапынан көбірек басқарылады, бақыланады және реттелінеді.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекет жалпы пайдаланымдағы көліктің дамуы үшін жауапкершілікті өзінен басқаға жүктей алмайды және оның шаруашылық қызметінің маңызды бағыттарын жоспарлы реттеу элементтерінен бас тарта алмайды. Күрделі салымдар саласында ол не инвестициялық процеске тікелей қатысады, не көлікке қаржы тартуға қатысты жекеменшік капиталдың қызметін реттеу функциясын өзіне алады.
Теміржол көлігін басқарудың дәстүрлі моделі XX ғасырдың басына қарай қалыптасты да, содан бері негізгі ерекшеліктері бойынша өзгеріссіз қалып келді. Бұл тарихи қалыптасқан модель тым қатаң және мемлекетке тым тәуелді. Елдердің көпшілігінде бұл өзінің табиғаты жағынан тым тәуелді. Елдердің көпшілігінде бұл өзінің табиғаты жағынан тым селқос әрі үлкен мекемелер, олар көлік рыногындағы өзгерістерге дер кезінде бейімделе алмайды, сондай - ақ жұмыстың нақты нәтижелері үшін тікелей жауапты емес.

ІІ Қазақстан Республикасы темір жол көлігінің экономикалық жағдайын бағалау

2.1 Қазақстандағы темір жол көлігін қайта құрылымдау нәтижелері

Он тоғызыншы ғасырдың 60-шы жылдарына қазақ халқының әлеуметтік экономикалық өмірінде және оның орыс және басқа ұлттармен мәдени байланыс орнатуында, аймақтық жалпы дамуында үлкен маңызға ие болған Қазақстанның Ресейге қосылу процесі аяқталады. Ресей бұл байтақ аймақты капиталистік қатынас кеңістігіне тартып, оның жалпы ресейлік қарқына енуіне жағдай жасады.

2.2 Қазақстанның 1993-2003 жылдардағы темір жол көлігінің дамуын талдау

1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауы, біртұтас мемлекеттің бұрынғы экономикалық және көлік байланысының үзілуіне әкеп соқты. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін, оның территориясындағы бұған дейін, Кеңес Одағының жол қатынастары министрлігінің тікелей бағынысында болып келген 3 темір жол, яғни Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темір жолдары толықтай өндірістік және қаржылай дербестікке ие болды. Алайда олар жаңа жағдайда жұмыс істеуге бейімделмеген болып шықты.
Экономикадағы құлдырау, тасымалдауға берілетін жоспардың тоқтатылуы, бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасындағы шаруашылық байланыстың үзілуі, тұрғындардың тұтынушылық қабілетінің төмендеуі, саланы қаржылай экономикалық дағдарысқа ұшыратты. Соның салдарынан 1991 жылдан 1999 жылы Қазақстан темір жолының жүк айналымы 3.6 есеге, жолаушылар тасымалының айналымы 2 есеге дейін төмендеп кеткен.
Бұл жағдай үлкен өндірістік шығындарға батып, инвестициялық қызметтері толығымен тоқтатқан және негізгі қорлары ескірген, бір бірінен дербес жұмыс істеп жатқан 3 темір жолды нақты қадағалаудың мүмкін еместігін байқатты.

ІІІ. Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары

3.1 Темір жол көлігінің даму перспективалары

Темір жол көлігін дамытудың негізгі мақсаттары:
- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, республиканың жолаушылар, жүк, почта және багаж тасымалына қажеттілігін толық және толассыз қанағаттандыру;
- саланың 2006 жылға қарай одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жаңа сапалы деңгейге көшіру;
- отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығындарын төмендету, көлік қызметтерінің сапасын арттыру, олардың ассортименттерін кеңейту;
- теміржол көлігінің қызмет етуінің экономикалық қауіпсіздігіне қол жеткізу;
- баламалы көлік коридорлары арқылы тасымалдар бәсекелестігінің тұрақты үдеуі жағдайында Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру;
- жоғары технологиялық импорт алмастырудың көлемін арттыру болып табылады.
Темір жол саласы басымды орын алатын Қазақстан көлігінің тұрақты жұмыс істеуі шикізаттық бағдардағы экономикамыздың қызмет етуінің ажыратылмас шарты болып табылады.

3.2 Темір жол көлігін мемлекеттік басқарудың экономикалық-әкімшілік механизмдерін жетілдіру

Көлік саясаты саланың күрделенген ішкі ұйымдастырылуына және темір жол көлігінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің және мемлекеттің функциялары мен жауапкершіліктерін айқын шектеуге барабар және сапалы деңгейге көтерілуі тиіс.
“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” жабық акционерлік қоғамына қатысы бойынша уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі болып табылады, бұдан басқа мемлекеттік басқарудың қолданыстағы жүиесінің күшіне қарай уәкілетті орган функцияларының бір бөлігін тарифтік реттеу саласында Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі және мемлекеттік мүлікке иелік еті бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атқарады.

Қорытынды

Сыртқы сауданың өсуі, транспорттық құраушыны қайта бағалауды және жақын перспективада жұмыс істейтін стандартты тәсілдемені талап етеді, бірақ орта мерзімді жоспарда оның қарастыруын талап етеді. Сондықтан Қазақстанның маңызды міндеті Еуропа мен Азия арасында нақты транзиттік көпір ретінде өзінің географиялық жағдайын тиімді пайдалану мақсатымен осы жүзжылдықта тауар қаржы ағымында өзінің орнын табу. Тасымалдаудың өсуі өндірістік, региондарда халықтың жұмысбастылығының өсуіне әкеледі, солай болғандықтан тасу көлемдерінің бірден төмендеуі темір жол көлігі саласының қозғалмалы составын техникалық жағдайын жақсарту мен сақтауға және кадрларды дайындау мен қайта дайындауға қаражаттардан айырылды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

I. Заңнамалық және құқықтық актілер.
1. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсанындағы Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім).
2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1шілдедегі Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім).
3. “Қазақстан Республикасының көлік туралы” Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 қыркүйектегі заңы.
4. “Темір жол көлігі туралы” Қазақстан Республикасының 2001жылғы 8 желтоқсанындағы заңы.
5. “Табиғи монополиялар туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі заңы.
6. “Акционерлік қоғам туралы” Қазақстан Республикасының 2003жылғы 13 мамырдағы заңы.
II. Арнайы басылымдар
7. Қазақстан Республикасының теміржол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы.
8. Қазақстан Республикасының теміржол көлігін қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы.
9. “Қазақстан темір жолы” республикалық мемлекеттік кәсіпорынның 2001-2004 жылдарға арналған даму жоспары.