Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 36 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігінің теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі 5
1.2 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ықпал ететін факторлар 7
1.3 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштері 17
2 «СП ЕРКА» ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ 20
2.1 «СП ЕРКА» ЖШС-нің жалпы экономикалық жағдайы 20
2.2 «СП ЕРКА» ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау 23
3 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ 28
3.1 Өндіріске жаңа негізгі құрал енгізу қажеттілігі 28
3.2 Өндіріс процесін автоматтандыру 30
Қорытынды 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі 36

Кіріспе

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсірейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары сапалы өнім шығару үшін жаңа технологиямен жасалған негізгі құралдарды тиімді пайдалану керек.
Негізгі құралдар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Кез-келген кәсіпорын өзінің негізгі құралдарының жағдайын, құрамын және пайдалану тиімділігін бақылап отыру қажет. Өйткені кез келген уақытта негізгі құралдардың құрамын, жағдайын біліп отыру арқылы оның тиімділігін арттырудың жолдарын табуға болады және де егер де кез-келген оқыс жағдай болса, оның кәсіпорынның жұмысына кері әсерін тигізбестен бұрын алдын алуға болады. Сол себептен де кәсіпорынның негізгі құралдарын тиімді пайдалану әрбір кәсіпорынға маңызды. Негізгі құралдарды тиімсіз пайдалану нәтижесінде өндіріс көлемі азаяды және сол кезекте кіріс азаяды, әрине ол табысқа кері әсерін тигізеді.
Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Осы жазылғалы отырған курстық жұмыс нақты осы өндірістік кәсіпорындарының негізгі құралдарының тиімділігін талдау жайлы болмақ. Себебі олар - өндірістік кәсіпорынның тиімділігіне тура әсерін тигізеді және оның жоғарылауына немесе төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі

Негізгі құралдар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі құралдар - ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз.
Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады.
Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі құралдар - өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі құралдар - бұл қор өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын - машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі құралмен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер)-өндірістік емес құралдарға жатады. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік құрылымға кіретін-тұрғын үй қоры, мәдени-тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала-бақша, мектеп т.б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен барлық негізгі құралдар төмендегідей болып бөлінеді:

1.2 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ықпал ететін факторлар

Негізгі капитал өнімді капиталдың бір бөлігі болып табылады. Әдетте ол жабдықтар машина, станок, үйлер мен алып құрылыстың құнынан еніп кетеді. Оның ерекшелігі сонда, ол дайындалатын өнімге өзінің құнын бөлшектеп енгізіп отырады. Егер станок 10 жыл қызмет етсе, ал оның құны 100 мың долларға тең болса, ол 1 жылда өндірілген өнімге 01,-ге өзінің құнын бөлшектеп жайлап енгізу процесін амортизация дейміз. Табиғи тозу өндіріс процесінің әсерінен ғана болып қоймайды, оған табиғат күші де әсер етеді. Станок шіриді, ірі үйлер құлайды. Ал моральдық тозудың екі түрі бар:

1.3 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштері

Өндірісте негізгі құралдардың белсенді бөлігінің құны арқылы кәсіпорынның мүмкіндігіне қарай дамыған сайын қордың тиімділік көрсеткіштері жоғарылап, кәсіпорынның техникалық деңгейі және қуаттылығы артады.
Негізгі құралдарды есепке алғанда және жоспарлағанда, сонымен бірге негізгі құралдардың өндіріс қуаттылығын анықтағанда табиғи және құн түрдегі көрсеткіштері қолданылады.
Жұмыс істеп тұрған негізгі құралдары төмендегідей бағаланады:
- бастапқы құны бойынша, оған қорға ие болғандағы құны, оның жеткізу және құрастырып орналастыру шығындары кіреді;
- қалпына келтіру құны бойынша, яғни оған негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесіндегі құны жатады;
- қалдық құны бойынша, яғни бастапқы құнының немесе қалпына келтірілген құнның тозу құнының айырмашылығымен анықталады.
Негізгі құралдардың қалдық құнын мына формуламен анықтауға болады:

2 «СП ЕРКА» ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

2.1 «СП ЕРКА» ЖШС-нің жалпы экономикалық жағдайы

«СП ЕРКА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2002 жылдың күзінен бері халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін қорғасынды - кальцийлі аккумуляторлық батареялар шығаруда. Кезінде Үкіметтің импортты алмастыру бағдарламасына сай салынған кәсіпорын алғашқы өнімдерін бергеннен бастап «Жоғары сапа – қолжетімді баға» стратегиясымен жұмыс жүргізуде. Технологиялық желілерге арналған құрал-жабдықтарды таңдауда ең үздік мамандар Швеция, Италия, Германия және АҚШ-тағы зауыттарға жіберіліп, қазіргі ең озық өндірістік желілерге іріктеу жүргізген. Осының нәтижесінде шығарылған өнімдері үлкен сұранысқа ие болған серіктестік 2004 жылы «TSC group» корпорациясының құрамына еніп, осы корпорацияның құрылымдық бөлімінің бірі ретінде жұмыс істеуде. Корпорация серіктестіктегі өндірісті жетілдіру үшін 6 млн. АҚШ долларын салды. Қазір кәсіпорынның өндірістік қуаты 30 пайызға дейін артып, зауытта 400-дей адам еңбекпен қамтылған. Ағымдағы жылы жұмысшылардың орташа еңбекақысы 33000 теңгені құрап, оларға көрсетілетін тұрмыстық қызмет жақсаруда.

2.2 «СП ЕРКА» ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау

Өндірістік әлеуеттің жағдайы кәсіпорынның негізгі қызметінің тиімділігін арттырудың негізгі факторы. Негізгі құралдарды тиімді пайдаланғанда оларға деген қажеттілік төмендейтіндігін дәлелдеу қажет емес. Сондықтан өндіріс үрдісіне қорлардың қатысу деңгейін бағалау қажет. Осы мақсатта әртүрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың кейбіреуі кәсіпорынның жалпы қызметін сипаттайды, оларды жалпылама көрсеткіштер деп атайды. Басқалары жекелей жұмыс орындарындағы, кәсіпорын бөлімшесі шегіндегі қорлардың пайдаланылу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Оларды жеке көрсеткіштер деп атайды. Жалпылама көрсеткіштерге қор қайтарымы, қор сыйымдылығы және рентабельділік жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдарды пайдаланудың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау үшін есепті кезең басындағы негізгі құралдардың бастапқы құны, есепті кезең соңындағы негізгі құралдардың бастапқы құны, негізгі құралдардың қалдық құны, жинақталған тозу сомасы немесе амортизация сомасы туралы мәліметтер қажет болады. Осы мәліметтер негізінде негізгі құралдардың жағдайына толыққанды талдау жасауға қол жеткізе аламыз.
Кәсіпорын қызметінің қалыпты жүруін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдармен қажетті деңгейде қамтамасыз етіп қана қоймай оларды жыл сайын жаңартып отыруға және өндірістік үрдісте пайдаланылмайтын, өнімділігі мен тиімділігі төмен бөлігін басқа мақсатта пайдалануға немесе мүлдем есептен шығаруға да мән берілу қажет. Бұл жағдай кез-келген кәсіпорынның меншік иесі мен басқарушысы үшін де маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
2 – кесте. Негізгі құралдарды пайдаланудың салыстырмалы көрсеткіштері

Кәсіпорындағы негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін едәуір айқын көрсететін көрсеткіштердің қатарына қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы, қормен қарулану, негізгі құралдардың табыстылығы және т.б. жатқызуға болады, сондай-ақ, өндірістік үрдіске тікелей әсер ететін негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесін анықтаудың да маңыздылығы жоғары. «СП ЕРКА» ЖШС–гі бұл көрсеткіштердің мәндерін есептеп, келесі кесте (3-кесте) түрінде көрсетуге болады.
3– кесте. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер

3 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Өндіріске жаңа негізгі құрал енгізу қажеттілігі

Ұлттық экономика шикізатты өндіруде техниканың жаңа үлгілерін пайдаланып, автоматтандырылған – механикаландырылған еңбекті қолдансам, шикізатты өңдеуден өнім өндіруге, содан кейін тұтынушыға дейін өнімді жеткізуге дейін барлық технологиялық тізбектілік жаңа техника, технологияға, алдыңғы қатарлы инновациялық жетістіктерге негізделуі тиіс. Жаңа техникамен қаруландыру әртүрлі жолмен кәсіпорынға белсенді түрде капиталдарды тарту, инновациялық үрдістерді басқарудың жаңа нысандарын енгізудің қажеттілігі туып отыр.
Еңбек, қор, капиталдың пайдалану деңгейлерін жақсарту еңбек өнімділігінің артуына, өндіріс тиімділігін көтерудің ең басты факторы болып табылады. Өндіріс тиімділігін көтерудің басты шартына өндірістің техникалық деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін шикізат, материал, энергия, тауарлар өндіретін салаларды жедел турде дамыту жатады.

3.2 Өндіріс процесін автоматтандыру

Қазіргі кезде кәсіпорын өндірісті өндірістік процесті толықтай автоматтандыру арқылы жетілдіру бағытымен қозғалып келеді. Кәсіпорынның ғылыми – техникалық саясаты игерілген өнімнің сапалық сипаттамаларын үнемі жақсартып отыруға бағытталған және бағдарламаларды құрастырудың негізінде жүзеге асырылып отырады.
Өндірісті шығарылатын өнімді техникалық жаңартуға арнап бағыттау әрекеті өнімді жаңарту және бәсекелес фирмалар шығаратын балама өнімдердің техникалық – экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында өзгерістер мен жетілдірулерді енгізудің тиімділігі тәрізді мәселелерді шешуді ескереді.
Өндірісті жақсартылған қасиетке ие бұйымдарды шығаруға арнап бағыттау өндіріс шығындарын азайту мен өндіріс технологиясын жетілдірудің тұрақты қажеттілігін ескерумен мұндай іс - әрекеттің мақсатқа лайықтылығы мен тиімділігін анықтауды қажет етеді.

Қорытынды

Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және көтеру экономиканың басты міндеті болып отыр. Осыған байланысты кәсіпорын қызметінің көлемдік сипаты, өндіріс шығынын және тиімділігін анықтау әдісі экономиканы басқарудың түрлі дәрежесіндегі экономист жұмысының мағынасы болуы тиіс. Экономикалық кадрларды даярлау барысында, әсіресе, студенттерге негізгі және айналым капиталын, пайдалануды сапалық және сандық талдау әдісін, кәсіпорынның экономикалық тиімділігін және оның инвестициялық қызметін бағалау әдістерін мен өнім өндірісіне жұмсалатын шығынды есептеу және калькуляциялау әдістерін оқыту қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Интернет жүйесі: www.google.kz;
2. Интернет жүйесі: www.kase.kz;
3. Кәсіпорын экономикасы, Г. Ө, Жолдасбаева;
4. Кәсіпорын экномикасы, К. Ж. Оразалин;
5. Кәсіпорын экономикасы, А. Қ. Мейірбеков; Қ. Ә. Әлімбетов.