Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Год: 2004

Полный просмотр работы

Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде


Жоспар
Кіріспе 3
1 Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі 4
1.1 Қаржы-несие мекемелерінің теориялық сипаттамасы 4
1.2 Маманданған қаржы-несие мекемелері 8
1.3 Қаржы-несие мекемелерінің теориялық сипаттамасы 9
1.3.1 Ломбард 9
1.3.2 Өзара несие қоғамдары 9
1.3.3 Ипотекалық компаниялар 9
1.3.4 Инвестициялық компания (қор) 10
1.3.5 Несиелік серіктестік 11
1.3.6 Микрокредиттік ұйымдар 12
1.3.7 Сақтандыру компаниясы 12
1.3.8 Жинақ мекемелері 13
1.3.10 Несие-жинақтау ассоциациялары 14
1.3.11 Ақша нарығының өзара біріккен қорлары 14
1.3.12 Қаржы компаниялары 14
1.3.13 Бюджеттен тыс қорлар 15
1.3.14 Жинақтаушы зейнетақы қорлары 15
1 3.15 Әлеуметтік сақтандыру қоры 15
1.3.16 Еңбекпен қамту мемлекеттік қоры 16
1.3.17 Міндетті медициналық сақтандыру қоры 16
1.3.18 Кастодиан 16
1.4 Қаржы-несие мекемелерінің функциялары 16
1.4.1 Ломбард 16
1.4.2 Ипотекалық компания 17
1.4.3 Инвестициялық компания 18
1.4.4 Несиелік серіктестік 19
1.4.5 Зейнетақы қоры 20
1.5 Қазақстанда қаржы-несие мекемелерінің дамуы 20
1.5.1 Сақтандыру компания 20
1.6 Ипотекалық компания 27
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер 33

Кіріспе
Қазақстанда өтіп жатқан нарықтық қатынастар экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл астам ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеуге өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсерімейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Курстық жұмыстың тақырыбы - «Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде»
Курстық жұмыстың өзектілігі – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың элементін білдіретіндіктен қаржы-несие мекемелерінің мәнін ашу, қаржы-несие мекемелерінің экономикадағы орны мен ролін, атқаратын қызметтерін, Қазақстандағы дамуын сипаттауға негізделген.
Жалпы негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие мекемелерінің экономиканы тұрақтандырудағы мәнін, оның экономикаға әсер ету маңызын, оған қатысушы субъектілердің немесе қарыз берушінің пайыз түрінде табыс алуын анықтауға негізделе отырып теориялық жағын неғұрлым ашып көрсету.

1 Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі
1.1 Қаржы-несие мекемелерінің теориялық сипаттамасы
Несие жүйесі – жалпы банктердің ( ұлттық және коммерциялық ) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік мекемелердің жиынтығы.
Көптеген мемлекеттерде несие жүйесі туралы екі ұғым қалыптасқан:
• Несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы;
• Қаржы-несие мекемелерінің жиынтығы;
Несие қатынастары несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие жүйесі қаржы-несие мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорынға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарының қарызға беруі.

1.2 Маманданған қаржы-несие мекемелері
Маманданған қаржы-несие мекемелері кез келген елдің несие жүйесінің маңызды буыны. Олар қарыздық капиталдар нарығының кішкене аясында ғана қызмететеді. Бұл әр түрлі мамандалған қаржы-несие мекемелерінің жиынтығы: сауда жинақ мекемелері инвестициялық компаниялар және қорлар, несие-жинақтау мекемелері, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мекемелердегі өзара көмек кассалары, ломбардтар және т.б. Бұл мекемелер өздерінің бастапқыдағы дамуында коммерциялық банктер орындамайтын операцияларды орындаған. Бұл мекемелердің несие банктерден айырмашылығы – халықтың жинағын тарту арқылы ресурс жинақтау, ал коммерциялық банктер өз пассивтерін негізінен заңды тұлғалардың уақытша бос қаражатын тарту.Ал, қазіргі кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға және компанияларға қызметкөрсетуге байланысты коммерциялық банктермен өзара бәсекеге түседі, яғни коммерциялық банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылық жоғалтады. Дәстүрлі емес операцияларды кеңейту арқылы бұл мекемелер банктік нарыққа еніп келеді.

1.3 Қаржы-несие мекемелерінің теориялық сипаттамасы
1.3.1 Ломбард
Ломбардтар – бұл жылжитын мүліктердерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімді ссудалар беретін несиелік мекеме.
Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде пайда болған.

1.3.2 Өзара несие қоғамдары
Өзара несие қоғамдары - шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін коммерциялық банктерге қызметінің сипаты жағынан ұқсас келетін несиелік мекеме.

1.3.3 Ипотекалық компаниялар
«Ипотека» деген термин ең алғаш рет біздің эрамызға дейінгі І-ІІ ғасырларда Рим қаласының территориясында пайда болған. Ежелгі Грецияда біздің эрамызға дейінгі XІV ғасырларда пайда болды. Ипотека термині «hyrotheke» - «кепілдік, кепілзат, кепілге салу» деген мағынаны білдіреді. Ипотекалық несие дегеніміз – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие. Ипотекалық несие жеке тұлғаларды несиелеудің бір түрі болып табылады. Ипотекалық несиенің экономикалық жағынан - бұл банктен немесе басқа да қаржы ұйымдарынан ссуда алу мақсатымен жылжымайтын мүлік кепілінің алуан түрлілігі болып табылады. Қарапайым тілмен айтсақ, ипотека дегеніміз - қарыз ақшаға үй сатып алу. 2002 жылғы 1 қыркүйектегі «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ипотекалық несие дегеніміз – кепілге берілген жылжымайтын мүлік немесе ондағы үлесі кепіл берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі мен пайдалануында қалатын кепіл түрі. Жылжымайтын мүлік – жер учаскесі, ақ үйлер, ғимараттар және жермен байланыстағы өзге де мүліктер. Ал осы қарыз ақшаны ол ипотекалық компаниядан ала алады.

1.3.4 Инвестициялық компания (қор)
«Инвестиция» ұғымы ол латын тілінен шыққан «салу» қаржы салу немесе қаржыландыру, қаржы тартуды білдіреді. Басты мақсаты экономиканың нақты салаларына қаржы салу арқылы пайда табу.
Инвестиция құрамына: мүліктер, байлықтар, материалдық және интеллектуалдық құндылықтар кіреді.

1.3.5 Несиелік серіктестік
Несиелік серіктестік – банк болып табылмайтын, өзінің қатысушыларына несие беру және қызмет көрсету мақсатында құрылған, өз қызметін Ұлттық банктен қарыздық және басқа да банк операцияларын жүргізуге асырушы заңды тұлға. Несиелік серіктестік жабық акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік түреді құрылатын және өз қызметін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым. Несиелік серіктестіктің қатысушылары жарғылық қорының елу пайыздан астамы мемлекетке жататын өкілетті атқарушы және сот билігінен, қаржылық капиталы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ, оны тіркеген мемлекеттің заңымен сәйкес келетін оффшорлық аймақтағы компания статусы бар заңды тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) болуы мүмкін.

1.3.8 Жинақ мекемелері
Жинақ мекемелері – жергілікті басқару органдары, не пошта ұйымдастырған мемлекеттік мекемелер, яғни ол капитал ретін пайдалануға болмайтын ұсақ жинақтар мен табыстарды өзінде жинақтайды. Жинақ мекемелері XX ғ. 30-40жылдарынан бастап жеке жинақ мекемелері түрінде болды. Оның мынандай түрі бар:

1.3.10 Несие-жинақтау ассоциациялары
Несие-жинақтау ассоциациялары – клиенттерге кері сатып алынатын және процент түрінде табыс түсіретін сертификат сату арқылы капиталы құрылатын мекеме. Ассоциация капиталының көп бөлігі ипотекаға салынады.
Несиелік одақтар – бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер. Оны кәсіподақтар, ірі кәсіпорындар, шіркеулер ұйымдастырады. Олар негізінен АҚШ-та, Ұлыбританияда, Канадада кең таралған.
Олар негізгі екі типте болуы мүмкін:

1.3.13 Бюджеттен тыс қорлар
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекет оларды белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тарта отырып, оперативтік дербес негізінде жұмсайтын қаржылай қаражаттарды қайта бөлу және пайдалану нысандардың бірін білдіреді. Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторлары және қатысушылары ретінде бола алады, себебі, біріншіден, ақшалай қаражаттарды пайдалану, оларды жинақтау уақытымен дәл келмейді, ал екіншіден, инвестициядан түсетін табыстар сол немесе басқа қордың шығынын қаржыландыратын қосымша табыс болып табылады.
Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға жататындар:

1.4.2 Ипотекалық компания
Сонымен, ипотекалық компания – жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл компаниялар пассивтерінің басым бөлігі ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да бағалы қағаздарды құрайды.
Салалық және аумақтық компаниялардың мамандану дәрежесі олардың активтері мен пассивтерін құрау ерекшеліктері белгілі бір мөлшерде олардың қызмет аумағына, сондай-ақ клиенттерінің шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру ерекшеліктерімен байланысты болып келеді.
Ипотекалық несиенің қағидалары:

1.6 Ипотекалық компания
Қазақстан Республикасында ипотекалық несие жүйесі екі деңгейлі болып келеді. Бірінші деңгейінде ипотекалық несие беретін банктер мен банкілік емес ұйымдар түріндегі бастапқы кредиторлар, екіншісі осы кредиторлар берген ипотекалық несиелер бойынша талап құқықтары мен кепілдік құқықтарын сатып алуды жүзеге асыратын қайта қаржыландырушы ұйым. Еліміздің мұндай ұйым Ұлттық Банк 2001жылы ақпан айында құрған «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ. Осы Компания қазақстандық азаматы үшін өте тартымды, себебі:

Қорытынды
«Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі» атты курстық жұмысым қорытындыласам қаржы-несие мекемелері нарық экономикасындағы несие жүйкесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді. Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болғандықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды.

Қолданылған әдебиеттер
1. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер», Экономика, Алматы - 2001
2. Сейткасимов Г.С. «Банковское дело», «Қаржы-қаражат», Алматы - 1998
3. К. Жуйриков, И. Назарчук, Р.Жуйриков «Страхование: теория,практика, зарубежный опыт», ОФ «Бис», Алматы - 2000
4. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», «Қазақ университеті», Алматы - 2000
5. Мақыш С.Б. «Ақша, несие, банктер: практикум», «Қазақ университеті», Алматы - 2004
6. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары», ИздатМаркет, Алматы – 2004