Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 17 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі 5
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі 5
1.2 Мемлекеттік бюджет құрылысы 8
1.3 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы 10
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 17

Кіріспе
Мемлекеттік бюджет дегеніміз мемлекет пен қоғамдық өндіріс қатысушылары арасында қоғамдық ұлттық өнімді мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражат қорларын ұйымдастыру мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, ұдайы өндірісті кеңейту мақсатында қолдану жолымен қоғамдық өнімді қайта бөлу процесінде туындайтын ерекше экономикалық қатынастар. Жалпы қоғамдық өнімді бөлудің дербес сферасы ретінде бюджеттің болуы қоғамдық құрылыммен анықталады. Қай мемлекетте болса да бюджеттің болуы шарт және оның мәні кірістері мен шығыстарының құрылымдарымен ашылады. Бүгінгі таңда қазақстандық бюджет ұлттық экономиканы басқарудың маңызды құралы болып табылады. Бәрімізге белгілі, қандай да бір реформаны жүргізу экономикаға, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымды дамытуға елеулі қаржы жұмсауды қажет етеді. Және де осы реформалардың негізгі ауыртпалығы республиканың қаржы сферасына түседі, өйткені қоғамдық өмірдің барлық салаларын: халық шаруашылығы, әлеуметтік қорғау, білім, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық, қорғаныс және басқаруды қамтитын экономикалық реформаларды жүргізуге қажетті мемлекеттің ішкі, сонымен бірге сыртқы қаржы ресурстарын қаржы сферасы ғана жұмылдыра алады.

1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастар болып табылады.
Мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар және халық арасында пайда болатын қаржылық қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Қаржы қатынастарының негізгі бөлігі ретіндегі бұл қатынастардың ерекшелігі олардың, біріншіден, қоғамдық өндіріс процесінде пайда болуынан, және, екіншіден, орталықтандырылған қаржы ресурстарының қалыптастыру, бөлу және пайдалануға бағытталуынан көрінеді.

1.2 Мемлекеттік бюджет құрылысы
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болу керек. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа да шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланыстарының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.

1.3 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді.

Қорытынды
Сонымен, мемлекеттік бюджет дегеніміз мемлекет пен қоғамдық өндіріс қатысушылары арасында қоғамдық ұлттық өнімді мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражат қорларын ұйымдастыру мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, ұдайы өндірісті кеңейту мақсатында қолдану жолымен қоғамдық өнімді қайта бөлу процесінде туындайтын ерекше экономикалық қатынастар. Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. Қай мемлекетте болса да бюджеттің болуы шарт және оның мәні кірістері мен шығыстарының құрылымдарымен ашылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті мынадай бөлімдерден тұрады: