Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 19 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Банктегі қаржылық есеп-қисап


Жоспар
Кіріспе 3
1 Міндеттемелер есебі 4
2 Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебі 5
2.1 Банк мекемелері несиелерінің есебі 5
2.3 Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі 6
2.4 Банктің капиталға қатысу үлесі 7
3 Қаржы есептілігін ұсынудың негізгі принциптері 10
3.1 Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері 10
3.2 Есеп саясатының. Негізгі принциптері 11
3.2.1 Шоғырландыру принциптері 11
3.2.2 Есепті сараланымдар бойынша ақпарат 12
3.2.2.1 Операциялық сараланымдар 12
3.2.3 Пруденциалдық талаптар 13
3.3 Тәуекелдерді басқару саясаты 14
3.3.1 Өтелімділік тәуекелі 14
3.3.2 Ақша тасқындарына қатысты пайыздық ставканың өзгеру тәуекелі 15
3.3.3 Баға тәуекелі 16
3.3.4 Әділ құн пайызы ставкасының тәуекелі 16
3.3.5 Кредиттік тәуекел 17
Әдебиеттер 19

Кіріспе
Қаржы есеп – қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты, өйткені іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп – қисаптар экономикалық категориялар емес, олар - аталған категорияларды іске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және төлем құралы ретіндегі функциясы пайдаланыларды. Қаржылық операциялардың уақытылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының қажетті бағыттары бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына, жолға қойылғандығына байланысты болып келеді. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады.

1 Міндеттемелер есебі
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін.

2 Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебі
Несие - бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде процент алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым – қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді.

2.1 Банк мекемелері несиелерінің есебі
Несиенің бұндай түрінің есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекітетін «Қысқа және ұзақ мерзімді несие беру» ережелеріне сай жүргізіледі. Несиелер қайтарымдылық, төлем және мерзімдік шарттары бойынша келісіп, коммерциялық негізде беріледі. Несие алу үшін шаруашылық субъектілері банк мекемесі басшысының атына өтініш береді.

2.3 Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі
Бухгалтерлік есептің бұрынғы стандарты бойынша шаруашылық субъектілерінің басқа субъектілерге несие беруіне немесе олардан несие алуына құқығы болмады. Нарықтық жолға көшу жағдайында экономикадағы тәртіптердің көбі өзгереді. Қазіргі кезде кәсіпорындар, ұйымдар, яғни шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарының қозғалысын еркін пайдалануға, яғни өз қалауы бойынша несие беру құқығына ие болды.

3 Қаржы есептілігін ұсынудың негізгі принциптері
3.1 Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері
Топтың осы шоғырландырылған қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес әзірленді. Аталған шоғырландырылған қаржы есептілігі, акцияға келетін пайда көрсеткіштерін қоспағанда, мың Қазақстан теңгесімен (бұдан әрі“мың теңге”) ұсынылды. Осы қаржы есептілігі кейбір активтер мен қаржы құралдарының құнын қайта бағалауды қоспағанда, есептеу әдісінің және “тарихи құн” принципінің негізінде әзірленген.

3.2 Есеп саясатының. Негізгі принциптері
3.2.1 Шоғырландыру принциптері
Шоғырландырылған қаржы есептілігі Казкоммерцбанктің және Банк бақылау жасайтын компаниялардың 31 желтоқсанда аяқталатын кезең ішінде жыл сайынғы негізде ұсынылатын есептілігін қамтиды. Егер компанияның қызметінен пайда алу үшін оның қаржы және шаруашылық саясатын айқындауға Банк басшылығының мүмкіндігі болса, ол Банк бақылау жасайтын компания болып есептеледі. Еншілес компаниялар сатып алған кезде олардың активтері, міндеттемелері мен шартты міндеттемелері сатып алынған күнгі әділ құн бойынша бағаланады. Сатып алу құнының сатып алынған сәйкестендірілетін таза активтердің әділ құнынан асып түсуі есепте іскерлік бедел ретінде бағаланады.

3.2.2 Есепті сараланымдар бойынша ақпарат
3.2.2.1 Операциялық сараланымдар
Топ өз қызметін негізгі үш операциялық сараланымда жүзеге асырады:
• Жеке клиенттермен жұмыс – жеке клиенттерге банк қызметтерін көрсету, жеке клиенттердің ағымдағы шоттарын жүргізу, жинақ салымдары мен депозиттерін қабылдау, инвестициялық жинақ өнімдерін беру, жауапты сақтау қызметін көрсету, кредиттік және дебеттік карталарға қызмет көрсету, тұтынушылық несиелер және жылжымайтын мүлікті кепілге салып несие беру.

3.2.3 Пруденциалдық талаптар
Белгіленген сандық көрсеткіштерге сәйкес капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатымен Топ капиталға және тәуекелді ескеріп өлшенген активтер бойынша бірінші деңгейдегі капитал жөніндегі ең төменгі сомалар мен нормативтерге қатысты талаптарды орындауға міндетті.
Норматив құнсыздануға резерв шегеріліп, активтер мен баланстан тыс міндеттемелер үшін Тәуекелдің мынадай бағаларын пайдалана отырып, Базель Келісімінде белгіленген ережелерге сәйкес есептелген:

3.3.2 Ақша тасқындарына қатысты пайыздық ставканың өзгеру тәуекелі
Ақша тасқындарына қатысты пайыздық ставканың өзгеру тәуекелі рыноктың пайыздық ставкалардың өзгеруіне байланысты қаржы құралдарымен операциялардан болашақ ақша тасқынының ауытқу ықтималдығына байланысты болатынын білдіреді. Актив-пассив операцияларын басқару жөніндегі комитет пайыздық ставканың өзгеру тәуекелі мен рыноктың тәуекелді, оң проценттік маржаны қамтамасыз ете отырып, Топтың пайыздық

3.3.3 Баға тәуекелі
Баға тәуекелі – бұл рыноктың бағалардың өзгеруі нәтижесінде, бұл өзгерістер жеке бағалы қағаздар немесе оның эмитенті үшін айрықша факторлардан, немесе рынокта айналыста жүрген барлық бағалы қағаздарға ықпал ететін факторлардан пайда болу-болмауына қарамастан, қаржы құралының құнындағы өзгерістер тәуекелі. Топ рынокта оның өнімдеріне жалпы немесе арнайы өзгерістердің ықпал етуіне байланысты рыноктық тәуекелге тұралайды. Рыноктық тәуекелді басқару үшін Топ рынок конъюнктурасының теріс өзгеруі нәтижесінде ұшырауы мүмкін әлеуетті залалдарды дүркіндік бағалауды пайдаланады және жол берілетін залалдардың шамасына баламалы шектеулер, сондай-ақ пайда нормаларына және кепілдікпен қамтамасыз етуге қатысты баламалы талаптар белгілейді.

3.3.4 Әділ құн пайызы ставкасының тәуекелі
Пайыздық ставкаға қатысты әділ құн тәуекелі – бұл рыноктық пайыздық ставкалардың өзгеруіне байланысты қаржы құралының құнындағы өзгерістер тәуекелі. Әділ құн пайызы ставкасының тәуекелін басқару үшін Топ рынок конъюнктурасының теріс өзгеруі нәтижесінде ұшырауы мүмкін әлеуетті залалдарды дүркіндік бағалауды пайдаланады.

3.3.5 Кредиттік тәуекел
Топ кредиттік тәуекелге, яғни қаржы құралдары бойынша бір тараптың өз міндеттемелерін орындамау және, соның салдарынан басқа тарапта қаржы залалының туындау тәуекеліне ұшырайды.
Тәуекелдерді басқаруды және олардың мониторингін белгіленген шеңберде Кредиттік комитеттер мен Банк Басқармасы жүзеге асырады. Кредиттік Комитеттің кез келген тікелей іс-әрекетінің алдында кредиттік процестер бойынша барлық ұсыныстарды тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің менеджері немесе Менеджмент тәуекелі департаменті қарайды және бекітеді. Тәуекелдерді басқару жөніндегі күнделікті жұмысты Кредиттік департаменттің басшысы немесе бөлімшелерді. Кредиттік қызметтері жүзеге асырады.