Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 51 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері


Мазмұны

Кіріспе 3
Ι-бөлім. Қоғамның әл-ауқатын қамсыздандырудағы экономикалық өсу теориялары 6
1.1 Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі
заманғы теориялары 6
1.1.1 Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты 7
1.1.2 Неокейнстіктердің экономикалық өсуге болжау жасау 10
1.1.3 Н. Калдор моделі 12
1.1.4 Р. Солоудың неоклассикалық өсу моделі 16
1.1.5 Экономикалық өсудің қазіргі жаңа көзқарастарының сипаты 16
1.1.6 Эндогенді өсу теориясы 17
1.1.7 У. Ростоу: экономикалық өсу стадиялары 18
1.2 Экономикалық өсу, мәні және оның факторлары 20
ΙΙ-бөлім. ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері 26
2.1 ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін
индустриялы-инновациялық саясаты 26
2.2 Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру 34
2.3 Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен өндірілуінің тиімділігі 39
Қорытынды 48
Қолданылған әдебиеттер тізімі 50

Кіріспе

Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық экономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүние жүзіне таныла бастады. Жақын арада Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында өтпелі кезеңде жетістіктерімізді атап, осы уақыттағы және болашақтағы ұстанатын жолымызды, яғни экономика салаласындағы атқаратын қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсетті. Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында айқындалған стратегиялық бағдарламаның негізінде, біз жас буын оқымыстылар, ғалымдар өз үлестерін аянбай қосатыны белгілі.
Ұлттық экономикамыздың жеткен жетістіктерімен қоса әліде болса, шешілмеген осал тұстарымызда баршылық. Біздің борышымыз Қазақстанның өркениетті, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуы үшін аянбай еңбек етуімізді талап етеді.

Ι-бөлім. Қоғамның әл-ауқатын қамсыздандырудағы экономикалық өсу теориялары

1.1 Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі
заманғы теориялары

Кез-келген қоғамның гүлденуінде немесе құлпырауында маңызды роль ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орынды алған бұл теориның таралуының обьективті негізгі – социализімнің күшеюі мен екі әлемдік жүйелердің экономикалық жарысы болып табылады.Экономикалық қарқынының проблемасы имперализнің колониалды жүйесінің қалауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердің экономикалық артта қалуның алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу қарқынымен байланысты.

1.1.2 Неокейнстіктердің экономикалық өсуге болжау жасау

Болжаулар ретсіз және конъюктураның өзгеруін алдын-ала болжау мақсатын көздеді. Ал қазірде болжаулар экономикалық саясаттың міндеттерін шешу мақсатын көздейді: тиімді экономикалық өсуді, толық жұмысбастылықты, инфляцияның алдын-алуды қамтамасыз ету және т.б. Қазіргі экономистер және тұтас экономикалық институттар жекелеген елдердің және әлемдік капиталистік экономиканың экономикалық дамуын болжауға көп көңіл бөлуде. Мұндай болжамдар үш түрлі болады:
- ұзақ мерзімді (10-25 жыл)
- орта мерзімді (3-5 жыл)
- қысқа мерзімді (1 жыл)
Қазіргі буржуазиялық саяси экономияның маңызды, жаңа элементтерінің бірі ұзақ мерзімді болжамдар жасау болып табылады. Бұл бағыттағы экономистер болжамдар жасауда екі түрлі әдісті қолданады. Біріншісі, индивидуалды жоспарлар мен фирмалардың болжамына анкеталық сауалнамаларға негізделген микроталдауға сүйенеді. Мұндай мәліметтер мемлекеттік секторға қатысты мәліметтермен қосылады. Біруақытта мемлекеттік және жеке индивидтердің жоспарлары құрылады. Мұндай әдістің кемшілігі сауалнама жолымен алынған мәліметтердің күдіктілігі болып табылады, өйткені фирмалар өздерінің нақты мақсаттары туралы хабарлап отыруға мүдделі емес. Жоспар негізіне жеке кәсіпорындардың мүдделері жатады, бұл бүкіл экономика аумағында ірі проблемаларды шешуде мемлекеттің араласуын шектейді.

1.1.3 Н. Калдор моделі

Неокейнстік экономикалық ойдың өкілдері Дж. Робинсон, Н. Калдор, Л. Назинетти және т.б. әртүрлі бағыттарда тепе-тең, балансталған экономикалық өсуді зерттеу дәстүрін жалғастырды. Тепе-тең өсу моделін нақты өсу моделіне жақындатуға ұмтыла отырып, олар бұл модельге ұлттық табыстың пайда мен жалақы арасында бөліну, жетілмеген бәсеке, инфляция, өнімнің тұтыну және өндіріс игілігіне бөліну факторларын қосты. Кейнстік теорияға сәйкес инвестициялар экзогенді болып табылады – олар пайда нормасын анықтайды. Сондықтан Калдор бойынша жағдай келесі 2 сценарий негізінде сипатталады:

1.1.4 Р. Солоудың неоклассикалық өсу моделі

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өсу теориялары соғысқа дейінгі дағдарыстық кезеңмен салыстырғанда басқаша дами бастады. 1950- жылдары көптеген батсы елдерінде тұрақты өсу кезеңі басталды. 1950-жылдың ортасынан бастап, экономикалық өсу теорияларының дамуының жаңа кезеңі басталды, ол 1970-ж дейін жалғасты.

1.1.5 Экономикалық өсудің қазіргі жаңа көзқарастарының сипаты

Ұзақ мерзімді экономикалық өсудің себептерін түсіндіруде неоклассикалық талдаудың әлсіздігі дәстүрлі теорияның көңілінің толмауына әкелді. Олардың жағдайына сәйкес экономикада ұзақ уақыт мерзімде өсудің қандай да бір ішкі көздері жоқ. Мұндағы талдау капитал мен еңбек ресурстарының арақатынасы ұзақ мерзімді жоспарда тепе-теңдікке жететінін көрсетуге бағытталады. Мұндай біржақты әдісте сыртқы «шоктардың» немесе техникалық прогрестің жоқтығы нәтижесінде кез-келген экономиканы нольге әкеледі. Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ - нің өсуі технологиялардың өзгеруінен пайда болатын уақытша құбылыс ретінде қарастырылады. Мұндай теория әлемдік экономиканың әртүрлі бөліктерінде ұзақ мерзімді экономикалық өсудің феноменін түсіндіре алмауы таң қаларлық емес.

1.1.6 Эндогенді өсу теориясы

Жаңа теория эндогенді өсуді – қоғамдық өндіріспен басқарылатын елдегі экономикалық жүйені анықтайтын ЖҰӨ-нің тұрақты артуын талдауға бағытталады.
Неоклассикалық теорияға қарағанда бұл модель ЖҰӨ-нің өсуін ұзақ мерзімді тепе-теңдіктің табиғи өнімі ретінде қарастырады. Өсудің жаңа теориясының басты мақсаты – факторлар мен өсу темпінде ел аралық алшақтықты түсіндіру болып табылады.

1.1.7 У. Ростоу: экономикалық өсу стадиялары

Оның пайда болуы көбінесе 3-әлемде сфералардың әсер етуі үшін болған 1950-60 ж.ж жүргізілген қарулы соғыс кезеңіндегі саяси күреспен байланысты. Бұл теорияның ең көрнекті өкілі американ экономисті және тарихшысы У. Ростоу болды. Оның теориясына сәйкес әлсіз даму жағдайынан шығу кез келген ел өтуге тиісті стадиялар немесе қадамдар сериясымен сипатталады. У. Ростоу өзінің «Экономикалық өсу стадиялары» кітабында былай дейді: «Кез келген қоғамның экономикалық құрылғысы мына 5 түсініктің бірінің көмегімен түсіндіріледі:

1.2 Экономикалық өсу, мәні және оның факторлары

Қажеттіліктердің жоғарлауы, дәстүрлі ресурстарды пайдалану, халық санының өсуі екі бірегей міндетті: экономикалық өсу мен экономиканың тиімділікті шешуді көздейді. Экономикалық өсу жасалынатын пайдалылықтардың көлемінің көбеюі, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы болып табылады.

ΙΙ-бөлім. ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері

2.1 ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін
индустриялы-инновациялық саясаты

Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылады.
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның нарықтағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізатты күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бірақ жолы бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту.

2.2 Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру

Қазақстан өнеркәсібі Кеңес Одағы кезінде шикізат өндіру бағытында, шикізат көзіне жақын аймақтарда ірі зауыттар мен комбинаттар салу кезінде дамыды. Қазақстан жері Кеңес Одағының ірі шикізат базасы болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ұлттық экономиканың шикізат бағыттылығын өзгертіп алу қиынға түсті, өйткені сол кездегі мемлекеттің негізгі міндеттері – жоспарлы экономиканы нарықтық экономикаға өткізу, экономикалық және әлеуметтік қайта құру сакясатын жүргізу, шаруашылық тіршілігін сақтап қалу болатын. Сол себепті осы жылдары, керісінше, экономиканың шикізат бағыттылығы одан әрі күшейе түсті.

2.3 Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен өндірілуінің тиімділігі

Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздеріең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастырылады, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталады.
Экономикалық ғылымдар және экономикалық тәжірибесі көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиімді модернизациялауды қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе ҚР үшін өте маңызды, өйткені 1990 жылдан бастап елімізде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндірістің техникалық деңгейі құлдырады, ғылыми өнімдекрдің шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциалымыз қысқарып кетті, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелімен жойылды, еліміз өзінің ішкі сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан ЖІӨ көлемі де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейін азайды.

Қорытынды

Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылады.
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның нарықтағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізатты күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бірақ жолы бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту.
Қазіргі таңда ел экономикасы дамудың шешуші факторлары – ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз.