Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Фармацевтика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 17 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстанының дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы 4
2 Қазақстан республикасының фармацевтикалық нарығын талдау 6
Қорытынды 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 17

Кіріспе
Қазіргі замандағы әлемдік медицина әртүрлі дәрілік препараттардың шамамен он мыңдай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі дамуы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500 миллион АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр. Ішкі күштер жылына қажеттіліктердің тек 6 пайызын қамтамасыз етеді. Қалғаны жақын және алыс шетелден импортталады. Осыған байланысты, бүгінгі күні республиканың денсаулық сақтау басқармасы шетелден дайын дәрілік препараттарды сатып алу үшін қажет валюталық құралдардың бар болуына 94 пайыздан астам тәуелді.

1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы
Халық пен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелерін дәрілік препараттармен және арнаулы медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету маңызды әлеуметтік мәні бар проблемалардың қатарына жатады. Халықтың ауру – сырқауының жалпы жоғары деңгейі салдарынан медикаменттерді тұтынудың ұлғаюы сипат алады. Осыған байланысты дәрілік препараттарға сұраныс анықталады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 6,5 мың фармацевтикалық қызметтің объектілері әрекет етеді. Олардың ішінде 2 % өнеркәсіптік өндірістер, 8 % дәріханалық қоймалар, 90 % дәріханалық ұйымдардың тармақталған желісі. ҚР дәріханалық ұйымдардың 98 % жеке меншікте, 3 % мемлекеттік меншікте болып отыр.
ҚР фармацевтикалық өнеркәсібінің тұрақты даму тенденциясы бар. Егер 1997 жылы соммасы 9 миллион АҚШ долларын құрайтын дәрілік препараттар шығарылса, 1998 жылы – 10 миллион доллар, ал 1999 жылы - 11,5 миллион АҚШ доллары. 1997 жылы дәрілік препараттардың 132 түрі өндірілді, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 30-40 % өсіп, 700 түрді құрады.

2 Қазақстан республикасының фармацевтикалық нарығын талдау
Қазақстанда дәрілік препараттарды өндірумен айналысатын 100-ге тарта кәсіпорын тіркелді. 2005 жылы жалпы соммасы 3,16 миллион теңгені құрайтын медициналық препараттар өндірілді, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 110 %-ке жоғары. Айта кететін жайт, 2005 жылы медициналық препараттардың экспорты 305,8 миллион теңгені құрады.
Қазақстан Республикасын медициналық препараттармен негізгі жабдықтаушылар препараттарды әкелу көлемінің қысқару ретімен келесі кестеде көрсетілген:
Кесте 1 - ҚР медициналық препараттармен негізгі жабдықтаушылар.

Қазақстандағы нарықтық қарым – қатынастардың дамуымен байланысты тауарлардың әртүрлілігінің өсуі тек қана азық – түлік тағамдарының нарығына ғана емес, сондай-ақ дәрілік препараттар нарығына да үлкен әсерін тигізді. Қазіргі уақытта дәрілік препараттар нарығында әлемдік фармацевтикалық нарықтың барлық танымал өндірушілері ұсынылған. Бұл жағдай тұтынушыға өзіне негұрлым ыңғайлы және тиімді дәріні таңдауға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы дәрілік препараттар нарығын қарастыралық. TNS Gallup Media Asia компаниясының Қазақстаннның он бір ірі қалаларында жүргізген пікір – сұрауларының нәтижелері Қазақстанда дәрілік препараттарды бүкіл халықтың 80 пайызы пайдаланатынын көрсетті.
Халық арасында неғұрлым кең тараған дәрілік препараттар болып бас ауруына қарсы дәрілер және ауырмайтын етуге (жансыздандыруға) бағытталған дәрілер саналады. Осындай препараттарды дәрілік препараттарды алатын тұтынушылардың 72,5 пайызы сатып алады. Екінші орында – суық тию мен тұмауға қарсы дәрілерді тұтынушылардың 54,3 пайызы сатып алады. Ал үшінші орында – тұтынушылардың 40,7 пайызы сатып алатын жөтелге қарсы дәрілер тұрады (кесте 2).
Кесте 2 – Жарты жыл бойынша дәрілер мен медициналық препараттарды сатып алу.

Қорытынды
Қазақстанда фармацевтикалық өнеркәсіптің инфрақұрылымы нашар дамыған. Фармацевтикалық машина жасау жоқ болып отыр. Өндірілген дәрілік препараттарды өткізу жүйесі қажетті деңгейде жасалмаған. Осындай жағдайда фармацевтикалық саланы тиімді басқару жүйесін құру оның жемісті қалыптаса бастауының маңызды факторларының бірі болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, фармацевтикалық өнеркәсіп өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде белгілі бір мемлекеттік жеңілдіктер жүйесі болмай дами алмайды.
Қазақстандағы фармацевтикалық нарықтың дамуын талдау келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы. Үкімет. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өнім өндірісін дамытуды мемлекеттік қолдау туралы: 18 шілде 1997 ж. Қаулысы// ҚР қаржы Министрлігінің Информбюллетені.- 1997.- № 8.- 29 бет.
2. Қазақстан Республикасы. Президент. ҚР фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы: Жарлығы// ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы.- 1997.- № 39.- 58 бет.
3. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту шаралары туралы: 1993 ж. 18 қараша № 1149 Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулысы.