Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 23 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Дүкен жайлы хабар беретін мәліметтер базасы


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Есептің қойылымы 4
2 Есептің алгоритмі 4
3 Теориялық бөлім 5
3.1 Мәліметтер базасын ұйымдастыру 5
3.2 BDE Administrator 5
3.3 Мәліметтер базасының кестесін құру 7
3.4 Кестенің қасиетін беру 9
3.5 Paradox форматының кестелері 13
3.6 Компоненттер парағы 14
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23

Кіріспе

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады. \1\
Мәліметтер базасы - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.

1 Есептің қойылымы

Бұл курстық жұмыстың мақсаты - деректер базасын құру және онымен жұмыс істеу. Delphi программалық жүйесінде дүкен жайлы хабар беретін мәліметтер базасын құрдым.

2 Есептің алгоритмі

1.BDE Administrator - ды ашып, біздің мәліметтер базасына керекті драйверді таңдаймыз (STANDART). Диалогтық терезенің оң жағында PATH параметріне құрылған каталогтың жолын көрсетеміз.
2.Деректер базасын құру үшін ең алдымен Database Desktop арқылы бізге керекті кестелерді құрамыз. Сонымен қатар, бас кестенің қосымша кестелермен байланыстыру үшін бас кестеде екінші индекстерді тағайындау керек. Бас кестені қосымша кестелермен байланыстыру керек. Барлық құрылған кестелерді BDE Administrator - да көрсетілген каталогқа сақтау керек.
3.Содан кейін Delphi - ге кіріп, кестелер және менюі бар жаңа форманы жасаймыз, сақтаймыз.

3 Теориялық бөлім

3.1 Мәліметтер базасын ұйымдастыру

Мәліметтер базасы кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды. Мәліметтердің ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:
• иерархиялық;
• желілік;
• реляциялық;
• объектілі - бағытталған.
Иерархиялық модельде деректер ағаш тәріздес (иерархиялық) құрылым түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз. Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының деректер базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.

3.2 BDE Administrator

DELPHI қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE ( Borland DataBase Engine- Borland фирмасының деректер базасының процессоры ) арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.
Жергілікті деректер базасы және онымен жұмыс істейтін қолданба бір компьютерде орналасады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйе жергілікті сәулетке ие. (Сурет 1.1)

3.3 Мәліметтер базасының кестесін құру

Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып , бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көп қолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін ( деректер, кілттер, индекстер т.б құрайтын ) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мысалы: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.
Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына:

3.4 Кестенің қасиетін беру

Validity Checks - бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі 2 - кестеде көрсетілген және өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:
2 - кесте Validity Checks қасиеттері.

3.5 Paradox форматының кестелері

Delphi - дің өзіндік кестелік форматы жоқ, бірақ ол Paradox кестелерімен жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Paradox кестесі деректер базасын құруға және онымен жұмыс істегенде ыңғайлы болып табылады.
Оның негізгі артықшылықтарын атап өтейік:

Қорытынды

Қорыта келгенде, осы курстық жұмысты жаза отырып мен DELPHI ортасымен таныстым. DELPHI құралы үлкен бір программалық орта болып саналады. Соған қарамастан DELPHI ортасында жұмыс істеу онша қиын емес және де өте қолайлы. DELPHI - деректер базасын басқару жүйесі болмаса да, деректер базасымен жұмыс істегенде жоғарғы дәрежеде жұмыс істейтініне көзім жетті. DELPHI қолданушы үшін мәліметтер базасын жасауда көп мүмкіншіліктерді береді. Сол мүмкіншіліктердің біразын біз осы курстық жұмысты жазу барысында қолдандық.