Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 22 стр.

Полный просмотр работы

Мемлекеттiк табиғи қорықтар

Жоспар
Кіріспе 3
1 Мемлекеттiк табиғи қорықтар 4
2 Мемлекеттiк зоологиялық парк ұғымы 7
3 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы 11
4 Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерi 14
5 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау 17
6 Қоршаған ортаның сапасын басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау 19
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 22

Кіріспе
Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi - мемлекеттiк табиғи-қорық қорының жекелеген объектiлерiн табиғи қалпында сақтауға арналған, қорық режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi зоологиялық, ботаникалық, орман, дендрологиялық, гидрологиялық, геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, топырақты, ландшафты және кешендi болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi жер учаскелерiнде оларды жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен оны пайдаланушылардан алып қоймай құрылады.

1 Мемлекеттiк табиғи қорықтар
Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң табиғи жай-күй мен сақталуын бұзатын қызметтiң қандайына болса да тыйым салынады.
Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.
Мемлекеттiк қорық өңiрi - мемлекеттiк табиғи қорықтарға және мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерге арналып не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтау мен қалпына келтiру үшiн резервке алынған жер учаскелерiндегi мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн сақтауға арналған, сараланған қорғау режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттiк қорық өңiрiнiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
Республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын ұйымдастыру туралы шешiмдердi - Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi маңызы барларын ұйымдастыру туралы шешiмдердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның ұсыныстары бойынша барлық мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiлген ғылыми негiздемелер негiзiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары қабылдайды.

2 Мемлекеттiк зоологиялық парк ұғымы
Мемлекеттiк зоологиялық парк - жануарлар дүниесiн қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған, табиғат қорғау және ғылыми зерттеу мекемелерi мәртебесi бар және өңiрлер бойынша сараланған қорғау режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттiк зоологиялық парктiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк зоологиялық парктерге әдетте елдi мекендердi жерiнен белгiленген тәртiппен тұрақты пайдалануға жер учаскелерi берiледi.
Мемлекеттiк зоологиялық парктер мынадай:

3 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы қорғаныш санаттары ерекше қорғалатын құқықтық режимге сәйкес келетiн не экологиялық, ғылыми, мәдени және шаруашылық жағынан ерекше құнды шаруашылық қызметi режимiмен реттелетiн арнаулы нысаналы мақсаттағы ормандар болып табылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы мынадай қорғаныш санаттарына бөлiнедi:

4 Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерi
Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерiне мыналар жатады:
геологиялық объектiлер - тiренiштi немесе сипатты кесiндiлер, сипатты тектоникалық құрылымдар, сирек кездесетiн тау жыныстары мен минералдар, метеориттер, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң сақталып қалған қазба қалдықтары бар табиғи және жасанды жолмен аршылған орындар;
геоморфологиялық объектiлер - жер бедерiнiң құрылу процестерiн айқын көрсететiн және туризм мен рекреация үшiн ерекше құнды террасалар, жайылма сулар, үңгiрлер, шатқалдар, каньондар, сарқырамалар және басқа да жер бедерiнiң нысандары;

5 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау осы аумақтардың жай-күйiн байқауды мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау мен қалпына келтiру шараларының орындалуын, қолданылып жүрген заңдардың сақталуын көздейдi.
Қазақстан Республикасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылауды өз құзыретi шегiнде:

6 Қоршаған ортаның сапасын басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау
Республиканың қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын реформалау үдерісі жалғастырылуда.

Қорытынды
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей танылған нормалары негiзiнде жүзеге асырылады.
Қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, табиғат қорғау мекемелерi мен қоғамдық бiрлестiктер бар атқарушы органдар қорық iсi және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша халықаралық байланыстар орнатып, халықаралық ұйымдармен белгiленген тәртiппен ынтымақтастық жасай алады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері
2. «Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары» деген кітап
3. «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж.
4. Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы