Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Әлеуметтанудағы егес теориясы

Жоспар:
1.Әлеуметтанудағы егес теориясы туралы түснік 3
2. Ральф Дарендорф конфликтологиясы 7

1.Әлеуметтанудағы егес теориясы туралы түснік
Егес әлеуметтік құбылыс ретінде алғаш рет А. Смиттің «Табиғат туралы және халықтардың байюы себептері» еңбегінде қарастырылған болатын. Саяси экономика классигі пікірінше, егес негізін қоғамды таптарға бөлу (капиталистер, жер иеленушілері және жалдамалы жұмысшылар) және олардың арасындағы экономикалық бәсекелестік құрайды дейді.
Ал әлеуметтік теорияда егес негізін түсінуге арналған екі негізгі бағыт ажыратылады: функционалызм және конфликтология.

К. Маркстің егестік парадигмасының негізгі тұжырымдарын Дж. Тернер былай береді:
- Жүйеде шектеулі ресурстардың орналысуының біртексіздігі артқан сайын, жүйенің билеуші және қызмет етуші (подчиненный) сегменттері арасындағы егес тереңдей түседі.

2. Ральф Дарендорф конфликтологиясы
Ральф Дарендорф – аса танымал неміс әлеуметтанушысы және либералды бағыттағы идеолог. Негізгі еңбектері: «Индустриялды қоғамдағы таптар және таптық егес», «Әлеуметтік егес теориясының элементтері», «Таптан кейінгі егес», «Конфликт және еркіндік».
Р. Дарендорф «еркіндік саясаты егеспен өмір саясаты» деген тұжырымымен Зиммель және Козерді қолдайды. Сонымен қатар, Р. Дарендорфті К. Маркстік егестің диалектикалық теориясының өкілі деп есептейді. Постиндустриялды қоғамда әлеуметтік қоғамға деген қарама-қайшылық экономикалық жазықтықтан, яғнм меншік қатынастары сферасынан билік ету-жалдану аймағына ауысады, нәтижесінде негізгі егес билікті қайтадан бөлісумен байланысты болады.

Сонымен, егестерді реттеу тәсілі олардың дамуының динамикасын, қанаудың деңгейінің кемуін және оларды әлеуметтік құрылымдарды дамыту қызметтеріне сатылап орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Егесті тиімді жолмен реттеу мынадай шарттарға тәуелді:
- егестің мәнін, оның түпкі табиғатын ұғыну;