Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қала мен ауыл-село


Жоспары
1 Қала мен ауыл-село 3
1.1 Қала мен ауыл-село - адамзат мекенжайының тарихи түрлері 3
1.2 Урбанизация дәуіріндегі қала мен ауыл-селоның даму ерекшеліктері 5
1.3 Қазіргі заманғы ауыл-селоның әлеуметтік-экономикалық және мәдени проблемалары 6
1.4 Қала мен ауыл-селоның және табиғаттың қарым-қатынасын үйлестіру – қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблема 7
Пайдаланған әдебиет 11

1 Қала мен ауыл-село
1.1 Қала мен ауыл-село - адамзат мекенжайының тарихи түрлері
Адамдардың бүкіл қоғамдық өмірі мен іс-әрекеттері белгілі бір әлеуметтік - территориялық қауымдастықтар шеңберінде өтеді. Ол қауымдастықтар – жеке адам өмірінің басты формасы мен шарты. Адамзат қауымдастықтарының ру - тайпалық, халықтық, ұлттық және таптық сияқты тарихи формаланының бәрінен негізгі бір белгісі әлеуметтік–территориялық бірлестік болып келді, өйткені ол қауымдастықтардағы адамдардың экономикалық, әлеуметтік-саяси, тарихи және рухани - идеологиялық қарым-қатынастары белгілі бір мекенжайларда, яғни географиялық ортада ғана іске асады. Сондықтан адамдардың түрліше мекенжайларының қоғамдық мәнін ашып көрсетудің маңызы зор.
Тарихи мәліметтерге қарағанда, адамдардың алғашқы тұрақты мекенжайлары егіншіліктің шығуымен байланысты болған көрінеді, ал одан бұрынғы аң аулаушылық, мал өсірушілік шаруашылықтарымен, т.б. айналысқан кезде көшіп-қонып жүруге байланысты тұрақты мекенжай болмаған.

1.2 Урбанизация дәуіріндегі қала мен ауыл-селоның даму ерекшеліктері
Қазіргі заманғы қала мен ауыл-селоның әлеуметтік құрылымы мен атқаратын қызметін зерттегенде міндетті түрде ескеретін жағдай – ол мекенжайлардың урбанизация деп аталатын процеске ұшырағандығы. Урбанизация (латынша urbanus – қалалық деген сөзден шыққан французша urbanisation деген сөз) қалалардың қоғам өміріндегі, дамуындағы ролінің тарихи арту (өсу) процесін білдіреді. Қазіргі кездегі негізгі мекенжайлар ретінде қала мен ауыл-селоның айырмашылығы ең алдымен материалдық өндірістің формасымен, экономикалық өмір ерекшеліктерімен анықталатынын жоғарыда атап көрсеткенбіз. Қала қазірде де өнеркәсіп пен сауда-саттық орталығы, осыларға байланысты өнеркәсіптік жұмыс орындарының шоғырланған жері, ал ауыл-село – ауыл шаруашылық өндірісінің (егіншілік пен ауыл шаруашылығының) жері.

1.3 Қазіргі заманғы ауыл-селоның әлеуметтік-экономикалық және мәдени проблемалары
Ауыл-селоның өзіне тән негізгі қызметі – адамзаттың тіршілігі үшін қажет азық-түлік өндіріп, қоғамды асырау екендігі, ауыл шаруашылығынсыз өндірістің басқа салаларының жұмыс істеуі мүмкін еместігі ежелден белгілі. Бұл міндетті ойдағыдай атқару үшін елдің ауыл шаруашылығына жарамды территориясын дұрыс игеріп, азық-түлік өндіруде ауыл-село мекенжайларын тиімді орналастырып, дамытудың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде, мәселен, ауыл шаруашылығын фермерлік жолға көшіруді дұрыс шешу үшін оған қызмет көрсететін теміржол, автожол, әуе жолы жүйелерін, т.б. дұрыс орналастыру қажет.

1.4 Қала мен ауыл-селоның және табиғаттың қарым-қатынасын үйлестіру – қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблема
Урбанизация адамның өмір сүру ортасы мен мекенжайының тарихи дамуының қажетті нәтижесі екенін жоғарыда келтірілген қысқаша шолу айқын көрсетті. Урбанизацияның өзіне тән белгілері - өндірістің және адамның шоғырлануы, қала мен ауыл-селоның әлеуметтік-территориялық айырмашылықтары, жасанды тұрмыс жағдайларының барған сайын өсуі. Бұлар – барлық формациялар үшін ортақ жалпы белгілер. Олар қоғамның территориялық жағынан ұйымдасуына қоғамдық өндірістің тигізетін әсерін бейнелендіреді. Ал қоғамдық өндіріс дегеніміз өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі. Олай болса, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар қоғамның урбанизациялануының формасы мен эволюциясына шешуші әсерін тигізеді. Бұл айтарлықтай ұзақ уақытқа созылатын процесс болып табылады.