Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 57 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

ТМД-ның ролі мен маңызы Қазақстан


Жоспар
Кіріспе 3
1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7
1.1 Интеграция теориясының негіздері 7
1.2 ТМД интеграция негізінің қалыптасуы және дамуы 14
1.3 ТМД интеграциясына әсер ететін факторлар 22
2 тарау. ТМД-дағы экономикалық интеграция және Қазақстан 32
2.1 Орталық Азиядағы Экономикалық Қауымдастық 32
2.2 Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі 37
2.3 ГУУАМ - саяси – экономикалық бірлестік ретінде 44
Әдебиеттер тізімі 57

Кіріспе

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.
Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат қөзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.
Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық – құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік – экономикалық және валюталық – қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда – экономикалық және өндірістік – технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.

1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері

1.1 Интеграция теориясының негіздері

Тарихтан бізге мәлім ең бірінші антикалық интеграциялық форма ретінде б.д.д. 2371 жыл 4 мың жыл бұрын солтүстік Месопатамиядағы ежелгі Саргон империясы айтуға болады. Содан бері интеграциялық үрдіс адам өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде. Адам өзі жалғыз өмір сүре алмайтын секілді қоғам да өзі оқшау өмір сүре алмайды. Міне, осы интеграциялық үрдістің бастамасы. Интеграция сөзінің ұғымы теориясына тоқталатын болсақ, интеграция термині алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолданылған болатын. Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды білдіретін іntegratіo деген латын сөзінен шыққан.

1.2 ТМД интеграция негізінің қалыптасуы және дамуы

Кеңестер Одағының ыдырауы ХХ ғасырдың соңындағы ең елеулі оқиғалардың бірі. Ол жаңа тарих беттерінің бастамсына алып келген оқиға десек шатаспаймыз деп ойлаймын. Әр түннің артынан күн келеді демекші бұл одақтың ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Әрине, оның кері салдарлары болды. Орныққан экономикалық, саяси, мәдени қатынастарды қайта орнату жаңа тәжірибесіз мемлекеттер үшін оңайға соқпады. Бірақ оның оң жақтары да болды. Ол 70 жыл бойы отарда болған, мәжбүрлі интеграция үрдісіне түскен мемлекеттер үшін, әлемдік қауымдастыққа өздерін жаңа, тәуелсіз, демократиялы, зайырлы мемлекеттер ретінде көрсетуге мүмкіндік туды. Алыс-жақын шет елдермен қатынас орнатуға мүмкіншілік туды. Көпшілікті қызықтырған, дүниенің бір бөлігін өз уысында ұстаған одақтың ыдырау себебіне тоқталар болсақ.

1.3 ТМД интеграциясына әсер ететін факторлар

Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, егеменді халықаралық субъектісі ретінде алған мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға бар күш–жігерін жұмсай бастады. Біздің мемлекетіміз сыртқы саясаттық шараларды дайындауға кірісті, соның ішінде ең бірінші «Жақын шетелге» байланысты, яғни ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге.
Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіз газетпен» сұхбатттасқан кезде «ТМД елдері үшін интеграция, ынтымақтастық тек қана экономикалық пайда ғана емес керек десеңіз, қажетті рухани – психологиялық тұрақтылық жағдайды, ертеңгі күнге сенімділік деген болатын».
Достастықтың басты мақсаты – саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді бірігіп шешіп, өзара тиімді жағдайларда бұрынғы Кеңестік республикалардың интеграциясын қамтамасыз ету.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы стратегиялық алғы міндеттердің бірі – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатынасушы мемлекеттермен ынтымақтастық. Осыған сүйене отырып, Қазақстанның саяси және экономикалық міндеттерді шешу, тәуелсіз принципі негізінде Достастық территориясындағы қауіпсіздікті сақтау мәселесіндегі бірлестік, территориялық мызғымастық пен мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау үшін, Достастық шеңберіндегі байланыстарды нығайтуды қолдап отыр.

2 тарау. ТМД-дағы экономикалық интеграция және Қазақстан

2.1 Орталық Азиядағы Экономикалық Қауымдастық

XXІ ғасыр адамзат тарихындағы ең дүбірге толы кезеңі. Әрине, сол дүбірлі оқиғалардың бірі де Кеңес Одағының социалистік лагерінің ыдырауы. Әлемдік қауымдастықтың қатары жаңа тәуелсіз мемлекеттер қатарымен толыға түсті. Бұрынғы Одақтас мемлекеттердің өз тәуелсіздіктерінің аясында экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтармен бірде жеңіп, бірде жеңіліп дамып келеді. Қазіргі таңда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси егемендіктерінің халықаралық саяси стадиясының орнығуы аяқталды деп айтуға болады, тек бұл ғана емес қаржы-валюта, әлеуметтік-экономикалық жүйелері де құрылып бітті. Жаңа құрылған мемлекеттер арасындағы қатынастар үзілуге шақ қалды. Көп жылдар бойы орныққан экономикалық байланыстар да әлсірей бастады, ал бұл болса өз кезегінде әрбір жаңа мемлекеттердің экономикасына кері әсерін тигізді.

2.2 Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі

Көпжақты, сондай-ақ екі жақты үлгідегі ТМД елдерінің өзара қарым–қатынастары негізінде экономикалық ынтымақтастық жатыр. Өйткені, Достастық елдерінің экономикасы бұрынғы КСРО-ның бір кезде біртұтас халық шаруашылығы кешенінің құрамдас бөлігі болатын. Қазір ТМД мемлекеттерінің алдында балама тұр: олар бірлесіп индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылуды немесе мұнай, газ, арзан жұмыс күшін жеткізушілер ретінде әлемдік экономиканың бір қалтарысында қалады.
Тұтас аймақтар мен құрлықтардың өсе түсіп отырған интеграциясы XX ғасырдың аяғына тән сипат болып табылады. ТМД елдері осы негізгі үрдістен шет қала алмайды. Әлемдік даму жолына тұру үшін Достастық елдерінің ең алдымен экономикалық тұрғыдан интеграциялануы қажет. Кәсіпорындар арасындағы өндірістік техникалық және кооперациялық байланыстар, олардың ұйымдық және халықаралық құрылымдарын құрудың ұқсас жүйесі, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің біртұтас ғылыми технологиялық базасы – олардың бұрынғы біртұтас халық шаруашылық кешенінде болғандығына байланысты туындайды. Істің шын мәнінде осы фактор елеулі деңгейде ТМД-ғы интеграциялық процестердің дамуын айқындайды.