Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Макроэкономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Инфляция мәні, себептері және әлеуметтік жағдайы


Жоспар
Кіріспе 3
1 Инфляция мәні, себептері және әлеуметтік жағдайы 4
1.1 Инфляцияның түрлері 4
1.2 Инфляцияның себептері 5
1.3 Филлипстің қисық сызығы 9
1.4 Әкімшіл - әміршілдік жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері 12
1.5 Инфляцияға қарсы саясат 12
1.6 Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы 14
1.7 Жұмыссыздық және оның түрлері 15
1.8 Жұмыссыздардың сан жағынан көбейуі 16
1.9 Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметі 17
1.10 Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы 18
1.11 Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамту туралы 21
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиет тізімі 26

Кіріспе
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі - (вздутие) - қампаю, түңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 - 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. XIX ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі XX ғасырда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жиі қолданыла бастады.

1 Инфляция мәні, себептері және әлеуметтік жағдайы
1.1 Инфляцияның түрлері
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

1.2 Инфляцияның себептері
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның есуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі.

1.3 Филлипстің қисық сызығы
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А. Филлипс оның ықпалын көрсететін, «сұраныс инфляциясы» деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.

1.4 Әкімшіл - әміршілдік жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері
Соңғы жылдары инфляция бұрынғы КСРО елдеріндегі ең қиын халық шаруашылығы проблемасына айналды. Әміршілдік - әкімшілдік жағдайында инфляция «қысыңқы» «басыңқы» «жабыңқы» күйде болып, көптеген тапшылықтар болуымен, өнім сапасының үнемі төмендеу түрінде көрініп келді. Нарықтың құрыла бастауы инфляциялық процестерді едәуір дәрежеде өршітті. Инфляцияны бәсеңдету үшін баға мен табысқа түгелдей әкімшілік бақылауды күшейту нарық қатынастарының дамуына теріс әсер етті. 1992 жылға дейін бұрынғы КСРО елдерінде инфляцияға қарсы жан-жақты ойластырылған шаралар жүргізілген жоқ.

1.5 Инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдерде үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономисттер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі.

1.6 Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы
Негізінен инфляция елдегі баға деңгейінің өсуімен байланысты, оған экономикалық энергетикалық жағдайда еңбекшілер жалақыларын көбейтуін талап етеді. Өндірушілер өз өнімдерін өте жоғарғы бағаға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Атап айтсақ Ресей экономикасында (қаңтар-көкек 1991ж) инфляцияның жоғарғы қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтап, алдын-ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатады. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.

1.7 Жұмыссыздық және оның түрлері
Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әртүрлі нысандары тудыратын нақты факторларды қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық және т.б. осыларға толық тоқталайық.
Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысын аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.

1.8 Жұмыссыздардың сан жағынан көбейуі
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың шілде айында «Халықты жұмыспен қамтамасыз ету» туралы заң қабылданған болатын. Алайда, ол заң елімізде болып жатқан сан қилы өзгерістерге байланысты жарамсыз болып қалды. Сондықтан біз өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, осыдан үш жыл бұрын жаңа заңның жобасын «Еңбек» министрлігі арқылы Парламентке ұсынған. Ол заң мәжілісте талқыланып, қабылданды. Ұсынған сол жобада мекемемізге тіркелу мәселесі біршама оңайлатылған.

1.9 Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметі
Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды.

1.10 Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
Адамзат тарихының тәжирбесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни талаптануы - тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асырылатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз - ең алдымен жұмыс күшіне сұраным әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеу, оны - әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.

Қорытынды
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеден нарықтық экономикаға өту үшін осы бағыттағы әлемдік тәжірибеде жинақталған классикалық принциптерді қатаң басшылыққа алу керек. Макроэкономикалық тұрақтандырудың басты бағыттарына мыналар жатады:

Қолданылған әдебиет тізімі
1. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанов «Макроэкономика» Алматы, 2003
2. Сахариев С.С , Сахариева А.С. «Әлем экономикасы» 1,11 том Алматы, 2003
3. Сахариев С.С , Сахариева А.С. «Жаңа кезең экономикалық теориясы» Алматы, 2004
4. Тарасевич Л.С. В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И., Галыпин «Макроэкономика» Санкт-Петербург, 1997