Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 7 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың түрлерімен маңыздылығы

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесіне сәйкес, кредиттік оқыту технологиясы дегеніміз - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту.
Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам жоғарғы оқу орындарының алдына өз бетінше керекті білімін ала алатын және оны практика жүзінде қолдана алатын; өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда туындайтын мәселелерді кере білетін және оларды шешу жолдарын іздей апатын; ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге қабілетті; әр түрлі әлеуметтік топтарда, ұжымдарда жұмыс істей алатын; өз бетінше ой-өрісін, мәдени деңгейін дамыта алатын қабілетті мамандарды тәрбиелеуді талап етеді [1].

Студенттің дербес ойлауын, танымдық белсенділігін туындату үшін жағдай жасайтын кез келген жұмыс түрі өзіндік жұмыс деп аталады. Кең мағынада алғанда, өзіндік жұмыс дегеніміз - студенттің оқу аудиториясындағы және одан тыс та, оқытушының катысуымен және оның қатысуынсыз да дербес орындалатын барлық жұмыстары.
Студенттердің өзіндік жұмыстары:

СӘЖ материалдары кафедраның профессорлық - оқытушылық құрамымен құрастырылады және мынадай құжаттардан тұрады: пәнді оқудың барлық кезгендеріне есептелген СӨЖ тақырыптары; типті және оқу жұмыс бағдарламаларының негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін тапсырмалар жүйесі; эссе, баяндамалар, проблемалық тақырыптар, аннотациялар және т.б. жұмыстардың тақырыптары; негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі; кеңестік көмектің түрлері, бақылау түрлері; бағалау критерийлері, жұмыстың ұсынылатын көлемі, оны орындаудың ұсынылатын мерзімдері.
Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырмалар ауызша және жазбаша нысандарда берілуі мүмкін. Студенттердің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалардың мысалдары: