Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 29 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері


Мазмұны

Кіріспе 3
1 Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері 5
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың
қалыптасу көздері 5
1.2 Кәсіпорын капиталының түсінігі және жіктелуі 8
1.3 Кәсіпорын капиталының құнын басқарудың нарықтық экономикадағы маңызы 11
2 Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау 13
2.1 Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау 13
2.2 Капитал көздерінің құнын бағалау 15
2.3 Капиталдың жалпы құнын бағалау 18
3 Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптастыруды жетілдіру 22
3.1 Қазақстандық кәсіпорындарда капиталдың қалыптасу ерекшеліктері 22
3.2 Кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптастыруды жетілдіру жолдары 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29

Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорындардың өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында кәсіпорындар қаржылық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені кәсіпорындардың өз иықтарына жүктеп отыр.
Кәсіпорындардың меншікті және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, бәсекелестік ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине, кәсіпорындар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың кәсіпкерлік табыстан алған табысы – бизнестің дамуының бірден-бір көзі болып табылады. Алайда, меншікті капитал кәсіпорындардың экономикалық-әлеуметтік дамуы мәселелерін шешу үшін жеткіліксіз, сол себепті кәсіпорындар өз қызметі барысында шеттен қаражаттар тартуларына мәжбүр болады. Дәлірек айтсақ, қарыз қаражаттар тарту кәсіпкерлікті дамытудың басты шарты болып табылады.
Кәсіпорындар үшін оңтайлы капитал құрылымын қалыптастырудағы ең маңызды сұрақтар – бұл қажетті қаржы ресурстарын қандай бағамен тарту керек екендігі. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайларындағы басты стратегиялық мақсаты өзінің ағымды және келешектегі нарықтық құнын арттыру және оны қолдау болып табылады, ал бұл жетістікке жетудің бірден бір жолы – капиталдың құнын тиімді басқару. Капитал құны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын қызметінің тиімділігі де соғұрлым төмендей береді және керісінше. Сол себепті кәсіпорынның қаржы менеджерлері капитал құрылымын қалыптастыру көздерінің құнын анықтауға үлкен назар аударулары қажет. Міне, осы соңғы мәселе курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың капитал құрылымын және оның құнын анықтаудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оңтайлы капитал құрылымын қалыптастыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өз алдына келесідей негізгі сұрақтарға жауап табуды міндет қойып отыр:
- кәсіпорындардың капиталының экономикалық негіздерін қарастыру;
- кәсіпорындардың капиталының құрылымын және құнын бағалау және талдау әдістемелерін игеру;
- қазіргі таңдағы қазақстандық кәсіпорындарда капиталды қалыптастыруды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Аталған міндеттерді орындау үшін жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда кәсіпорынның қаржы ресурстарының түсінігі мен оларды қалыптастыру көздеріне, кәсіпорын капиталының түсінігі мен жіктелуіне, нарықтық жағдайларды капитал құрылымы мен құнын басқарудың маңыздылығына арналады.
Екінші тарау барысында кәсіпорын капиталының құрылымын талдау және құнын бағалау әдістері игеріледі.

1 Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері

1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың
қалыптасу көздері

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық - қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.
Қаржы ресурстары дегеніміз, жалпы алғанда, – бұл кәсіпорынның қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады.
Кәсіпорын қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету – бұл өндіріс барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда кәсіпорынның қаржы ресурстарының көздерін қалыптастыру деп кәсіпорын капиталының қалыптасу процесін айтады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тартуының ішкі және сыртқы көздері болады.
Ішкі қаржыландыру көздері дегеніміз – бұл кәсіпорын қызметі барысында қалыптасатын меншікті қаражаттардан қалыптасады. Бұлардың қатарына кәсіпкерліктен алынған табыс, амортизациялық аударымдар, кәсіпорынның активтерін сатудан немесе қажетсіз мүлікті, қосалқы бөлшектерді сатудан түскен қаражаттарды жатқызуға болады.
Ішкі қаржыландыру көздерімен қатар кәсіпорындар сыртқы қаражат көздерін тартуға да мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаржыландыру көздері дегеніміз өндіріске қажетті қаржы ресурстарының сыртқы инвесторлар мен кредиторлар салымдары есебінен қалыптасуын білдіреді. Сыртқы қаражат көздерін тартудың негізгі нысандары – құнды қағаздар эмиссиясы, банктік несиелер тарту, коммерциялық несиелер тарту, лизингтік және факторингтік операциялар, қайтарымсыз және демеушілік қаржылық көмектер алу және басқалар болып табылады.
Қаржы ресурстарының қалыптасу көздері түсінікті түрде 1.1-суретте бейнеленген.

1.2 Кәсіпорын капиталының түсінігі және жіктелуі

Кәсіпорынның өндірістік процесті дамытуға бағытталған қаржы ресурстары оның ақшалай нысанындағы капитал болып табылады. Қаржы ресурстары кәсіпорынның жалпы қаражаттарының жиынтығы болса, капитал – осы қаражаттардың өндіріс барысына салынған бөлігі. Осыдан келе, кәсіпорын капиталы дегеніміз – бұл кәсіпорынның өндірістік айналымына салынған және осы айналымнан табыстар алып келетін ақша қаражаттары болып табылады.
Қаржы ресурстары мен капитал арасындағы басты айырмашылық – кәсіпорынның қалыптасқан қаржы ресурстары оның капиталынан көп немесе тең болады. Қаржы ресурстары мен капиталдың тең болуы кәсіпорынның барлық қаржы ресурстары өндіріске инвестицияланғанын және оның ешқандай қаржылық міндеттемелерінің жоқтығын білдіреді. Сәйкесінше, егер қаржы ресурстары капитал көлемінен үлкен болса, онда кәсіпорынның тартылған қаражаттары өндіріс барысында толық қолданылмай жатқандығының куәсі болады.

1.3 Кәсіпорын капиталының құнын басқарудың нарықтық экономикадағы маңызы

Нарықтық жағдайларда қаржыны басқару принциптері кәсіпорындар үшін аса маңызды мәселе болып табылады. Стратегиялық даму тұрғысынан кәсіпорын шеңберінде қаржыны басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның нарықтық құнын арттыру. Кәсіпорынның нарықтық құнының өсуі оның табысты қызметінің нәтижесі және әрі қарай даму үшін қаржы ресурстарын тартудың алғы шарты болып табылады. Қаржыландырудың қандай да бір көзін тарту кәсіпорын үшін шығындармен байланысты: акционерлерге дивидендтер төлеу, банктерге – несие бергені үшін пайыздар, инвесторларға – капитал салымдары үшін пайыздық табыстар және т.с.с. төлемдер мен шығындар. Қандайда бір қаражат көзін тартуға байланысты жұмсалған шығындардың жалпы сомасы капитал құнын анықтайды.
Капитал құнының концепциясы қаржы менеджменті теориясының базалық негізі болып табылады. Бұл концепция тек қаражаттар тартуға байланысты шығындарды есептеп қоюмен ғана сипатталмайды. Кәсіпорынның инвестицияланған капиталы кәсіпорынның нарықтық құнын арттыруға қол жеткізетін табыстар алып келуі керек.

2 Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау

2.1 Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау

Кәсіпорынның капиталының құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады: капиталдың орналасу тұрғысынан (активтер) және оның қалыптасу көздері тұрғысынан (меншікті капитал және міндеттемелер).
Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау барысында активтер олардың өтімділік деңгейіне қарай топтастырылады, ал меншікті капитал мен міндеттемелер олардың төлем мерзімдерінің деңгейіне қарай топтастырылады.
Аталған көрсеткіштерді динамикалық тұрғыдан талдау (көлденең, немесе деңгейлес, талдау) кәсіпорын капиталының өсуін немес кемуін және өсу қарқынын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалға, активтер құнының динамикасы кәсіпорынның өндірістік қуаты туралы ақпараттар береді.

2.2-кестенің мәліметтерінен байқайтынымыз, кәсіпорынның меншікті капиталы мен қарыздық міндеттемелері (жалпы қаржыландыру көздері) талданып отырған кезеңде 2265 мың теңгеден 2914 мың теңгеге дейін, яғни 649 мың теңгеге, немесе 128,7%-ға өскен.
Капитал көздерінің динамикасына көз салатын болсақ, онда меншікті капиталдың 536 мың теңгеге, немесе 127,7%-ға артқанын аңғарамыз. Бұл аталған кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алынатын табысы меншікті капиталды ұлғайтуға жетерлік деңгейде екенін, яғни кәсіпорын қызметінің тиімді екенін білдіреді.
Қарыздық міндеттемелер жыл басындағы 333 мың теңгеден жыл соңында 446 мың теңгеге дейін, немесе 133,9%-ға өскен. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді несиелерінің жоқ екенін, өзінің қызметін толық қысқа мерзімді несиелер мен кредиторлық қарыз есебінен қаржыландыратынын байқаймыз.
Сонымен қатар, қаражат көздерінің құрылымына көз жүгіртетін болсақ, онда кәсіпорын өзінің өндірістік қызметін негізінен меншікті капитал есебінен қаржыландыратынын көреміз. Мәселен, меншікті капиталдың жалпы капиталдағы үлесі жыл басында 85,3%-ды құраса, жыл соңында 84,7%-ды құраған, яғни оның үлесі 0,6%-ға азайып кеткен. Алайда, қарыз капиталдың үлесінің аз екендігін ескерсек (сәйкесінше 14,7% және 15,3%), аталған өзгерістердің кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізе қоймайтыны анық. Керісінше, бұл кәсіпорынның қарыз қаражаттар тарту потенциалының жоғары екендігінің айғағы болып табылады.

2.3-мысал. Кәсіпорын акциясының нарықтық құны 400 теңгені құрайды. Жыл соңында төленетін дивидендтің мөлшері 40 теңге; дивидендттің мөлшері жылдық 6% қарқынмен өсіп отырады деп күтілуде. Сонда мұндай қарапайым акциялардың құны мынаған тең болады:

2.5-мысал. Тәуекелсіз мөлшерлеме 7%-ға тең, акцияның бета коэффициенті 1,5 тең және құнды қағаздар қоржынының табыс мөлшері 13%, сонда:

2.7-мысал. Нарықтық құны бойынша салмақтау үшін жоғарыда келтірілген мысалдың мәліметтеріне қосымша ақпарат ретінде құнды қағаздардың нарықтық бағалары берілген: артықшылықты акциялар – 90 теңге әрбір акция үшін; қарапайым акциялар – 80 теңге әрбір акция үшін. Құнды қағаздардың саны: облигациялар – 20 000 000/1 000 = 20 000; артықшылықты акциялар – 5 000 000/100 = 50 000; қарапайым акциялар – 20 000 000/40 = 500 000.
Сәйкесінше, нарықтық құнының салмақталуы келесідей тәртіппен орындалады:

2.5-кесте

Капиталдың нарықтық құнын салмақтау

3 Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптастыруды жетілдіру


3.1 Қазақстандық кәсіпорындарда капиталдың қалыптасу ерекшеліктері

Қазіргі таңда отандық кәсіпорындардың капитал құрылымын басқару жүйесі қалыптасып, қаржылық менеджменттің классикалық әдістері Қазақстан жағдайларына бейімделу үстінде. Осы орайда кәсіпорындардың алдындағы басты мәселе – меншікті капиталды қалыптастыру және қарыз капитал тарту мен міндеттемелерді өтеу болып табылады. Кәсіпорындардың капиталы меншікті қаражаттар және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасады. Алайда, меншікті қаражаттармен салыстырғанда, кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттар тарту олар үшін бірқатар қиындықтар тудырады.
Қарыз қаражаттар тартудағы ең негізгі мәселелердің бірі – банктік несиелер бойынша пайыздарды өтеу болып табылады. Елімізде Салық кодексін енгізгенге дейін Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің екі еселенген пайызынан асатын пайыздық төлемдер өзіндік құнның есебінен емес, салықтан кейін қалатын табыстың есебінен жабылатын. Осылайша, елімізде қарыз капиталды қолдану барысында салықтық ауыртпалық жоғары болатын. Бұл, өз кезегінде, кәсіпорындардың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізетін. Салық кодексін қолданысқа енгізгеннен кейін (94-бап) салық салу жүйесі біршама деңгейде икемді жағдайға жетті, алайда мәселені түпкілікті шеше алмады. Несиелік пайыздардың басым бөлігі кәсіпорындардың таза табысы есебінен жабылады.

3.2 Кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптастыруды жетілдіру жолдары

Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі таңдағы өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында қалыптасқан капитал құрылымын талдау нәтижелері бірқатар мәселелердің бар екендігін көрсетеді. Атап айтар болсақ, экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарды банктік несиелермен қамтамасыз етуде келесідей мәселелер кездеседі:
- несиелеудің негізгі объектісі ретінде кәсіпорындардың айналым активтері қарастырылады, ал ұзақ мерзімді активтерге салынған несиелердің үлесі болмашы ғана;
- несиелердің басым бөлігі экономиканың өндірістің емес секторына бағытталады;
- несиелерді беру міндетті түрде кепілдендіру шарттарын, бірінші кезекте жылжымайтын мүлік арқылы кепілдендіру, қарастырады.
Қазіргі таңдағы банктік несиелеу жүйесі нақты сектордың кәсіпорындарын дамыту үшін жеткіліксіз. Сонымен қатар, банктер бүгінде активтердің жетіспеушілігінен экономиканы қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге мүмкіндіктері жетпейді, сонымен қатар нақты секторды несиелеу барысындағы жүйелік тәуекелдердің күрт өсіп кету қаупі де жоқ емес.
Осы орайда нақты сектордағы кәсіпорындарды несиелеуді жетілдіру үшін мемлекеттік шаралардың қолданылуы қажет-ақ. Мемлекеттің шаралар отандық инвестицияларды ынталандыруға келіп тіреледі.

Қорытынды

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық - қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.
Қаржы ресурстары дегеніміз, жалпы алғанда, – бұл кәсіпорынның қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады.
Кәсіпорынның өндірістік процесті дамытуға бағытталған қаржы ресурстары оның ақшалай нысанындағы капитал болып табылады. Қаржы ресурстары кәсіпорынның жалпы қаражаттарының жиынтығы болса, капитал – осы қаражаттардың өндіріс барысына салынған бөлігі. Осыдан келе, кәсіпорын капиталы дегеніміз – бұл кәсіпорынның өндірістік айналымына салынған және осы айналымнан табыстар алып келетін ақша қаражаттары болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Арыстанов А., «Корпоративные облигации как инструмент долгосрочного финансирования», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2001, №12
2. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы – 2001
3. Жуйриков К.К., «Роль и значение финансового капитала в рыночной экономике», Банки Казахстана, 2004, №9
4. Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 1998
5. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002
6. Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003
7. Үмбетәлиев А., «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», Алматы – 2002