Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 63 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресудің криминологиялық және құқықтық аспектілері


Мазмұны
Кіріспе 3
І – тарау. Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы 10
1.1 Діни экстремизмді зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері 10
1.2 Қазақстан Республикасындағы діни экстремистік бағыттағы қылмыстардың ахуалы, құрылымы және динамикасы 26
1.3 Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің таралуының және дамуының себептік - факторлық кешені 31
1.4 Діни экстремистік бағыттағы қылмыс жасаушы тұлғаның криминологиялық сипаттамасы және оның типологиясы 35
ІІ – тарау. Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресудің криминологиялық және құқықтық аспектілері 41
2.1 Діни экстремизмді ескерту, алдын - алу және оның жолын кесудегі құқық қорғау органдары әрекетінің тиімділігі 41
2.2 Діни экстремизмді алдын алудағы мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық құрылымдардың жүйесі 50
Қорытынды 59
Пайдаланған әдебиеттер 63

Кіріспе

Диссертацияның жалпы сипаттамасы. Бұл диссертацияда Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресудің криминологиялық аспектілері зерттелінеді. Халықаралық және Қазақстандық нормативті құқықтық базаның діни экстремистік бағыттағы қылмыспен күрес саласындағы талдауы жасалынады, діни экстремизнің әлеуметтік-құқықтық және этно-психологиялық құбылыс ретінде криминологиялық сипаттамасы ашылып, оның категориялық аппараты қарастырылады. Зерттелетін құбылыстың пайда болып, дамып, таралуына негіз болатын факторларды зерттеу негізінде діни экстремистік әрекеттерді күштермен, құралдармен, әдістермен және ішкі істер органдарына тән қызметтермен алдын-алудың жалпы шараларының дифференциаланған жүйесі ұсынылады.
Зерттеу тақырыбының маңыздылығы. Кеңестік Одақтың ыдырауы нәтижесінде, мемлекет тәуелсіздігінің жариялануы Қазақстан Республикасында демократиялық, құқықтық институттардың, ашық нарықтық экономикалық және әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі бар әлеуметтік мемлекет пен дүнияуи азаматтық қоғамның құрылуына негіз болды. Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастыққа халықаралық-құқықтық қарым-қатынастардың толыққанды субьектісі ретінде кіреді. Аталған жиынтық бүкіл елдердің бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ететін жоғары әлеуметтік құндылықтардың сақталуына және әлемдік қауымдастықты сақтау мен дамытудың жаңа жолдармен анықтайды.

ІІ – тарау. Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

1.1 Діни экстремизмді зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері

Қазіргі кезде әлеуметтік патология құбылысы ретінде діни экстремизм әлеуметтік ғылымдарының әр түрлі салаларының назарын өзіне аудартуда. Оны саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, конфликтология бойынша мамандар, әлеуметтік және мінез-құлық психологтары, теологтар, криминологтар, философтар, заңгерлер және басқа мамандық иелері зерттеуге талпынуда. Бұл зерттеушілер өз пәндерінің аспектілері бойынша зерделеу, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатса да, әлі де барлығының бірлескен ұжымдық кешенді зерттеу еңбектері жеткіліксіз. Себебі діни экстремизм өте күрделі әлеуметтік-құқықтық, саяси және этно-психологиялық мәселе бола отырып, көп аспектілі болып табылады, яғни артықшылық, діни алауыздық, жеккөрушілік, дінді саясаттандыру және тағы басқа сияқты ең шеткі қисынсыз көзқарастары мен әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға қауіпті құбылыс болып табылады.
Ең алдымен терроризм, сепаратизм, экстремизм, радикализм, фундаментализм деп қолданылатын, қоғамға аса қауіпті құбылыстардың анықтамаларын, өздеріне тән құқықтық табиғаттарының мәнін, пайда болу себептері мен жағдайларын талдаудан бастау қажет. Өйткені осындай талдаулардан зерттеліп жатқан тақырыптың мағынасы ашылады.

1.2 Қазақстан Республикасындағы діни экстремистік бағыттағы қылмыстардың ахуалы, құрылымы және динамикасы

Ең әуелі Қазақстан Республикасында тіркелген барлық конфессиялық ұйымдардың жалпы діни ахуалы туралы, олардың өзара қатынасы, осы діни ұйымдардың таралып, дамуын және шешілмеген мәселелерін талдаудан бастауды жөн көрдік. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін, алғашында жас мемлекет болғандықтан, экономикалық қиыншылықты көрді. Мемлекеттің, қоғамның дәстүрлі жақтары, яғни саяси, экономика, мәдениет, әсіресе рухани салаларын бақылау әлсіз жағдайда болды. Кеңес одағы ыдыраған кейінгі діни ренессанстың туындауы қоғамдық-саяси өмірде конфессиялық фактордың жоғарлауына мүмкіншілік туғызды.

1.3 Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің таралуының және дамуының себептік - факторлық кешені

Қылмыскерлікті зерделеу кезеңі мен қылмыскерлікпен күресуді ұйымдастыру кезеңі арасында қылмыскерліктің детерминациясы мен себептілігін айқындау кезеңі міндетті түрде болады.
Қылмыскерліктің себептері жөніндегі мәселе жаңа нәрсе емес және бұл туралы қаншама халықтардың, адамзат қоғамының санасында болып келе жатыр. Бұл жөнінде талай концепциялар жасалынды, яғни оларда қылмыскерліктің пайда болуы және шығуын әр түрлі көзқарастар бойынша түсіндіреді: теология және астрология, антропология мен биология, бионика мен кибернетика, генетика мен психология ( әлеуметтік, жеке тұлғалық, жасы бойынша ) және тағы басқа салалар.
Арнайы әдебиеттерде қылмыскерліктің себептерін түсіндіру жағы негізінен екі бағытқа бөлінеді: Биологиялық және әлеуметтік. Сонымен қатар басқа ғылымдар бар.
Діни экстремистік бағыттағы қылмыстар қылмыскерліктің құрамдас бөлігі болғандықтан, енді негізінен осы қылмыс түрінің себептік негіздерін қарастырамыз. Көптеген ғалымдардың зерттеуі бойынша жалпы экстремизм түрлерінің таралуына экономикалық, этникалық, тарихи, психологиялық, әлеуметтік және саяси мән-жайлардың жиынтығы себеп болады.

1.4 Діни экстремистік бағыттағы қылмыс жасаушы тұлғаның криминологиялық сипаттамасы және оның типологиясы

Осы бағыттағы қылмыс жасаушы тұлғаның криминологиялық сипаттамасы мен оның типологиясын жасау үшін әуелі әлеуметтік-демографиялық, психологиялық және қылмыстық-құқықтық сипаттамасын саралауға тура келеді. Г.Г. Исмуханованың зерттеуі бойынша Қазақстан Республикасы халықтарының этникалық құрамы 118 этностар тұрады. 1999 жылғы жасалған халық санағы бойынша жалпы халықтың мемлекет аумағында қазақтар 53,2%, орыстар 30%, 16,8% қалған этностар құраған. Қазіргі уақытта ұлттар мен этностар арасында татулықты сақтауға бағытталған мемлекет саясатының дұрыс жолға қойылып келеді.

ІІ – тарау. Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресудің криминологиялық және құқықтық аспектілері

2.1 Діни экстремизмді ескерту, алдын - алу және оның жолын кесудегі құқық қорғау органдары әрекетінің тиімділігі

Қазақстан Республикасы аумағында діни экстремизммен күресудің маңызы міндетті және қажетті болып табылады. Себебі Қазақстан Республикасы жерінде 118 ұлттар мен этностар тұрады. Сонымен қатар 47 конфессияға қарасты 4000 астам тіркелген діни бірлестіктер өз қызметтерін жүргізуде. Ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтау – мемлекеттің ең басты міндеті. Қоғам болғандықтан әр түрлі қылмыстар болуы мүмкін. Тағы да мемлекеттің өте қажетті міндеттерінің бірі – мемлекет аумағында тұрып жатқан мемлекеттің, қоғамның және барлық азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі ретінде терроризм, сепаратизм, жалпы экстремизм түрлерімен, оның ішінде діни экстремизммен Халықаралық заңдарға сәйкес, Халықаралық ұйымдар шеңберінде күресіп келеді.


Осы зерттеу жұмысында мақсат етіліп қойылған шешулерді орындалғаны туралы бағалаудың, зерттеудің нәтижелерін қорытындылауды, әрі негізгі теориялар мен практикалық алынған нәтижесін жалпы қорытындылаймын.
Диссертациялық зерттеуден алынған негізгі шешімдер мен ұсыныстар мына мазмұнда қамтиды: