Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Менеджмент

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 39 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 4
1.1 Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақынының түрлері, қызметі және әсер ету факторлары 4
1.2 Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмі 10
1.3 Еңбекақы формалары мен жүйелері 12
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ТАЛДАУ 17
2.1 Кәсіпорынның техника – экономикалық көрсеткіштері 17
2.2 АҚ «АЗТМ» еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды талдау 20
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 27
3.1 АҚ «АЗТМ»да еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіру шаралары 27
3.2 Еңбекақы төлеудің шетелдік тәжірибесі 31
ҚОРЫТЫНДЫ 37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 39

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастарға өту процесінде экономиканың көп сатылы қалыптасу нәтижесінде Қазақстан экономикасы едәуір өзгеру үстінде.
Еңбекақы әрбір мемлекеттің, ұжымның, адамның әлеуметтік - экономикалық өміріндегі негізгі бір факторы болып табылады. Еңбекті ынталандыру жүйесінде де алғашқы орындарды иеленуде. Еңбекақы жұмыспен қамтылғандар табысының 30-70%-ін құрайтындықтан, бұл өмір сүру деңгейін жоғарылатудың басты көзі болып табылады. Еңбекақы көлемі Қазақстандағы әр салада және әр аймақта әртүрлі болып келеді.
Еңбек ақы бойынша әр жұмысшының еңбек түсімі оның жеке салымдарымен анықталады, кәсіпорынның соғы нәтижелеріне байланысты, және заңмен реттеліп, максималды көлемімен шектелмейді. Жұмысшылардың минималды еңбекақыларының барлық ұжымдық – құқылық формалары заңмен бекітіледі.
Осы курстық жұмыстың жазылуының негізгі мақсаты «АЗТМ» АҚ –да еңбекақы төлеуде зерттеу жұмыстарын жүргізу мысалында кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыру Осы мақсатқа жету үшін келесі жұмыстарды орындау қажет:

1 ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақынының түрлері, қызметі және әсер ету факторлары

ҚР-ның еңбек туралы кодексі бойынша еңбек ақы - бұл жұмыскерлердің фактілі атқарған еңбегі үшін ақшалай және натуралды формада берілетін сыйақылардың жиыны болып табылады. Қазіргі кезде еңбек ақы жұмыскер табысының көп бөлігін құрайды. Ал нарықтық экономиканың дамуы кезіндегі еңбек ақы – оның еңбегін пайдаланудың нәтижесі болып табылады, және жұмыскер жұмсаған еңбегінің құнымен анықталып, пайдаланылған жұмыс күшінің сұранысынан туындайды. Неғұрлым жұмыс күшіне сұраныс көп болса, оның ұсынысы кеміп, еңбек ақы мөлшері артады және керісінше. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың біртіндеп қалыптасып, баяу дамуының нәтижесінде еңбек өнімділігі аумағында еңбек ақы жұмыс күшінің құны болып табылады, ал ол жұмыскердің тіршілігі үшін қажетті жағдай жасайды. Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді.
Еңбек ақыны қарастырған кезде мынадай міндеттер алға қойылады:

1.2 Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмі

Еңбек ақыны ұйымдастыру шаралары көбінесе өнеркәсіп мекемелерінде шешілетініне қарамастан, мемлекет маңызды әлеуметтік нормативтерді (яғни, еңбек ақының минималды деңгейін анықтау, кедейшілік шегін анықтау және Қазақстанда еңбек ақы жүйесін реформалаудағы заңнамаларды келтіру) белгілеу шараларын жүргізеді.
Қазақстанда еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмінің негізгі элементтері келесі суретте көрсетілген:

1.3 Еңбекақы формалары мен жүйелері

Еңбек ақы жүйесі ретінде еңбек көлемін сипаттайтын жұмыскердің еңбек нәтижесіне және белгіленген жұмыс күші құнына сәйкес еңбек ақы алудың кепілдігі сияқты көрсеткіштердің өзара байланысы түсіндіріледі.
Еңбек ақы формасы - бұл еңбек ақы төлеу мақсатымен жұмыскердің орындаған еңбегі кезінде ақылы еңбек нәтижесі бойынша негізгі көрсеткіштердің еңбек ақы төлеу жүйесінде жинақталған белгілі бір тобы .
Кәсіпорында еңбек ақының 2 түрлі формасы кең таралған: келісімді (немесе өндірілген өнімге байланысты) және уақыт бойынша.
Келісімді еңбек ақы - шығарылған өнімнің есебі бойынша анықталады. Ол кезде өнімді шығаруға кеткен уақыт, шыққан өнімді уақытқа байланысты нормалау, тапсырыстың уақытпен орындалуы есепке алынады. Онда өндірілген өнімнің саны есептеледі.

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1 Кәсіпорынның техника – экономикалық көрсеткіштері

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

2.2 АҚ «АЗТМ» еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды талдау

Еңбекақыға кететін қаражаттарды бұлайша жұмсау керек, өнімділіктің өсу қарқыны еңбектің өсу қарқынынан жоғары болатындай. Тек осындай жағдайларда өнімділікті кеңейтудің жағдайлары туады.
Осыған байланысты еңбекақыға жұмсалған талдау негізіндегі қаражат үлкен мағынаға ие. Осының негізінде жалақыны (еңбекақы) жұмсау қорына жүйелік тексерістерді іске асыру жөн, өнімнің еңбек сиымдылығын төмендету мен өнімділікті өсіру арқасында қаражаттарды үнемдеу мүмкіндіктерін туғызу. Жалақыны төлеу қоры қолданыстағы ҚР статистика агенттігінің нұсқауына кіретін кәсіпорынның ұсталымдарын, еңбекақыны ғана талдамай, сонымен қатар әлеуметтік қорғау мен таза табысқа төленетін төлемдер, және кәсіпорынның қолданысында қалатын.

3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 АҚ «АЗТМ»да еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіру шаралары

Ең алдымен бұл жерде белгілі бір жұмысшы категориясы үшін кәсіби - квалификациялық модель жасап шығару керек. Ол модельге өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір жұмысты орындауда жұмысшының бойында болу керек қасиеттер, білімдер және дағдылар тізімі кіру керек. Бұл талаптар әр лауазымға әр түрлі болу керек, яғни сол лауазымға сәйкес келу керек.
Осындай модельді шығару жұмысшылардың бойындағы қасиеттердің көбеюіне әкеледі және басшыларды, мамандарды және қызметкерлерді бағалау критерийлерін таңдауға көмектеседі.
Ол модельге мынадай критерийлер кіруі мүмкін:

3.2 Еңбекақы төлеудің шетелдік тәжірибесі

Қазіргі өмірде қызмет ететін еңбекақы төлеу жүйесін дәстүрлі және жаңашыл деп бөлуге болады. Осылай шектеуге жалақының тарифтік мөлшерлемесін реттеу ережелері қызмет етеді.
Дәстүрлі деп аталатын жүйелер келесі қағидаға негізделген: жалақының динамикасы тіркелген инфляцияның өсуіне тәуелді. Ол минималды жалақыны жоғарлатудың және мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда жалақының тарифтік мөлшерлемесін қайта қарастырудың негізгі ретінде қызмет етеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі заманда бұл тақырып (мәселе) барлық кәсіпорындар үшін маңызды болып табылады. Себебі, ұйымдағы қызметкерлердің жұмысының нәтижесін бағалау тікелей жалақыға әсер етеді.Ал жалақының маңыздылығы туралы айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар ұйымдағы қызметкерлердің жұмысының нәтижесін бағалау Персоналды басқару пәнінің маңызды бөлімі болып табылады, персоналды басқарудың бірден бір құралы болып табылады.
Сондықтан, бұл мәселеге үлкен көңіл бөлу керек, себебі адамдар ұйымдағы ең басты ресурс болып табылады.
Еңбек тиімділігінің дәрежесін анықтаудың басты мақсаты персоналдың жұмыс нәтижелілігін жоғарылату, оның мүмкіндіктерін толық қолдануға және жүзеге асыруға көмектесу, жұмысқа байланысты шешімдер қабылдауға қажетті ақпараттармен басшылар мен жұмысшыларды қамтамасыз ету болып табылады.