Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Қыпшақ дәуіріндегі Қазақстан (Қазақ даласындағы Қыпшақ хандығы, Керей хандығы және Найман хандығы туралы)

Қыпшақ хандығы (11 ғ.б.-1219 ж.). "Қыпшақ" атауы 760 ж. ежелгі түркінің руна ескерткіштерінде аталады. Араб географы Ибн хордадбехтың (9 ғ.) түркі тайпаларының тізімінде көрсетілген.
656 ж. Батыс түркі қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талаптары сәтсіз болып, 9-10 ғғ. Қимақтар тарихымен бірге болды. Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді болды.

Хандықтың құрылуы. Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұралық жолмен берілді. Хандар шығатын әулеттік ру ел- бөрілі болды. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түркі дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанат қосынымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат қосынымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Хандықтың орталыпы Торғай даласында болса керек. Билевші ақсүйек топтың (хандар, тархан, басқақ, бек пен байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған. Рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай бөлінген.

Наймандар мен Керейт ұлыстары.
Наймандар ұлысы. 11-13 ғасырларда Қазақстанның шығысында өмір сүрген іргелі мемлекет. Жазба деректер бойынша Найман мемлекетінің алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Соның ішінде Рашид-ад-Дин: «Наймандардың хандығы қадірлі, қуатты, халқының саны көп, әскерлері де жауынгер еді» деп жазады. Оның ол кездегі ең белгілі қағаны Білге Бұқа қаған еді. Елді тайпалардың белді өкілдері мен ақсақалдар, батыр, қолбасшылары бас қосатын «Хан Кеңесі» арқылы басқарған. Білге Бұқаның екі баласы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып қыорқсып мемлекетті екіге бөліп алды да өзара соғысып әлсіретіп тынды.

Керейттер ұлысы.
Керейт мемлекеті 9 ғасырдың аяғында Алтайда, Монғолия далаларының батысында қалыптасады. Этникалық құрамы түркі тілді және монғол тілді жұрттан құралды. Керейттердің батысында - наймандар, солтүстігінде меркіттер, шығысында татарлар, оңтүстігінде - таңғұттар тұрады. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында және оңтүстік ордасы Хуанхэ өзені бұрылысының теріскейінде.

Сонымен, бұл аталған кезеңдегі, қыпшақтар, қаңлылар, меркіттер, керейттер мен наймандардың мемлекеттері 10-13 ғасырларда қазақ халқының этногенетикалық процестеріне үлес қосқаны созсіз. Сондықтан бұл кезең тарихта қазіргі Қазақ халқының қалыптасу кезеңі оретінде танылады да аталған елдер алғашқы мемлекеттіліктің көріністері ретінде анықталады. Қыпшақ-Керей дәуірі Шыңғысханның жорықтарымен аяқталып, енді Қазақ халқы өз тарихындағы шешуші кезеңге – Алтын Орда-Ақ Орда кезеңіне аяқ басады. Бұл кезең Шыңғысханның көшпенді империясы иемденген қазақ халқының жерінде «Жошы Ұлысы» және «Шағатай ұлысы» деп аталған мемлекеттердің құрылуынан басталады.