Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қылмыстық құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 19 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Көліктегі қылмыстар. Көліктегі қылмыстарға жалпы сипаттама


Жоспар
1 Көліктегі қылмыстар. Көліктегі қылмыстарға жалпы сипаттама 3
1.1 Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары 4
1.1.1 Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу 4
1.1.2 Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы 6
1.1.3 Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу 7
1.1.4 Көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу 8
1.1.5 Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру 10
1.1.6 Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қаматамасыз ететін ережелерді бұзу 11
1.1.7 Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату 12
1.1.8 Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу 13
1.1.9 Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу 14
1.1.10 Труба құбырларын зақымдау немесе қирату 15
1.1.11 Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі 16
1.1.12 Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу 18
Әдебиеттер 19

1 Көліктегі қылмыстар. Көліктегі қылмыстарға жалпы сипаттама
Көліктегі қылмыстар жаңа Қылмыстық кодекстің 12-тарауында орналасқан. Бұрынғы Қылмыстық кодекске қарағанда бұл тарауда көліктің барлық түрлері-темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, травмай, не басқа да механикалық көлік құралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы қауіпсіздігін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылығы жинақталып берілген.

1.1 Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары
1.1.1 Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу
Қылмыстың тікелей объектісі-нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесі. Қосымша тікелей объектісі-заңның диспозициясында көрсетілген зардаптың түріне байланысты-адамның денсаулығы болады. Қылмыстың заты-көліктің 4 түрі: темір жол, әуе, теңіз және су көліктері. Темір жол көлігіне-рельсті көлік құралдары (локомотив, вагондар: жартылай вагондар, платформалар, цистерналар) метролар, тар табанды темір жолдар, және арнаулы бағыттағы темір жолдар, дыбыс беру және байланыс құралдары) бағдаршамдар, телефон линиясы, жолдардағы құрылыстар (көпірлер, құбырлар, туннелдер) жатады.

1.1.2 Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы
Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе-кінәлы Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 1-тармағы бойынша жауапты болады деп белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі-көлік құралдарының қозғалыс және пайдалану қауіпсіздігі, қосымша объект-жәбірленушінің денсаулығы.

1.1.3 Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу
Көлік құралын жүргізуші және жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзған адамның осы Кодекстің 295-бабында көзделген зардаптар болған жағдайда жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 297-бабында тікелей көрсетілген. Қылмыстың тікелей және қосымша тікелей объектісі Қылмыстық кодекстің 296-бабында көзделген қылмыстың объектісімен бірдей. Қылмыстың заты-жол-көлік құралы.

1.1.4 Көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу
Көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлік жабдықтарын сапасыз жөндеу, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық күйіне жауапты адамның техникалық ақауы бар екені белгілі көлік құралдарын пайдалануға шығаруы, егер бұл әрекеттер абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе Қылмыстық кодекстің 298-бабының 1-тармағы бойынша жауаптылық көзделеді.

1.1.5 Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру
Көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге де көлік жабдықтарын қасақана бұзу, зақымдау немесе өзге де тәсілмен пайдалануға жарамсыз күйге келтіру, сондай-акқ көлік коммуникацияларына тосқауыл қою, егер бұл әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге, не ірі көлемде залал келтіруге не көлік пен байланыстың қалыпты жұмысы бұзылуына әкеп соқса Қылмыстық кодекстің 299-бабының 1-тармағы бойынша жауаптылық туады.

1.1.6 Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қаматамасыз ететін ережелерді бұзу
Жолаушының, жаяу адамның немесе жол қозғалысының басқа қатысушысының жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқса жауаптылық Қылмыстық кодекстің 300-бабы бойынша реттеледі.

1.1.7 Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату
Поезды стоп-кранмен не ауа тежегіш магистралдарын ажырату жолымен немесе өзге әдіспен қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату, егер бұл кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса-кінәлы Қылмыстық Кодекстің 301-бабымен жауапқа тартылады. Қылмыстың тікелей объектісі-поездың бірқалыпты, қауіпсіз жұмысы, қосымша тікелей объект адамдардың өмірі немесе денсаулығы, меншігі болуы мүмкін. Қылмыс объективтік жағынан:

1.1.8 Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу
Жол, құрылыс және басқа ұйымдарда басқару міндеттерін атқаратын және жолдарды және жол құрылыстарын, олардың жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жауапты адамдарды көлікте қолданылатын тәртіп қорғау және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзуы, егер ол:

1.1.9 Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу
Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге не ірі залал келтіруге соқса-жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 303-бабында көзделген.

1.1.10 Труба құбырларын зақымдау немесе қирату
Труба құбырларының адамдар денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге нақты қатер төндірген зақымдалуы немесе немесе қиратылуы-Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша қылмыс болып саналып, кінәлы Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша жауапқа тартылады. Қылмыстың затына-магистралдық труба құбырларына жатпайтын басқа-бірақ магистралдық құбырлардан тарайтын қоймалық қосымша жер асты және жер үсті газ, су, жылу-басқа құбырлар жатады.

1.1.11 Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі
Теңізде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдарға кеме капитанының, егер осы көмек көрсету өзінің кемесіне, оның экипажы мен жолаушылары үшін елеулі қауіп келтірмейтін болғанда көмек көрсетпеуі-қылмыс деп саналып, кінәлы адам Қылмыстық кодекстің 305-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады. Бұл қылмыс құрамы Қылмыстық кодекстк 1910 жылғы 23-ақпандағы халықаралық конвенцияға (теңізде құтқару және көмек көрсетуге байланысты ережелердің қолданылуы) сәйкес енгізілген.

1.1.12 Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу
Рұқсатта көрсетілген маршруттарды, қону орындарын, әуе қақпаларын, ұшу биіктігін сақтамау немесе халықаралық ұшу ережелерін өзге де бұзу-ұшудың халықаралық ережелерін бұзу деп табылады (ҚК-тің 306-бабы) Қылмыстың тікелей объектісі-ұшудың қауіпсіздігін қаматамасыз ететін қоғамдық қатынастар.