Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 44 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

АТФ банк мысалында банк клиенттеріне несие берудің ақпараттық жүйесін тұрғыз


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 БАНК КЛИЕНТТЕРІНЕ НЕСИЕ БЕРУДЕГІ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ 5
1.1 КР банк жүйесінің жалпы сипаттамасы 5
1.2 Банк қызметі 6
1.3 ААҚ «АТФ-Банк» сипаттамасы 21
1.4 ААҚ «АТФ-Банктің» ұйымдастыру құрылымы 22
1.5 Банк қызметіндегі несие беруді басқарудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар 27
1.6 Концептуалды схема 31
2 БАНКТІҢ КЛИЕНТТЕРГЕ НЕСИЕ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖОБАЛАУ 32
2.1 Есеп қойылымы 32
2.2 Ақпараттық жүйедегі есептің орны 33
2.2.1 Кіріс ақпараты 34
2.2.2 Шығыс ақпараты 35
2.3 Ақпараттық база 36
2.4 Есептің математикалық қамтамасыз етілуі 39
2.5 Программалық қамтамасыз ету 40
2.5.1 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын сипаттау 41
ҚОРЫТЫНДЫ 43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 44

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

1 БАНК КЛИЕНТТЕРІНЕ НЕСИЕ БЕРУДЕГІ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ

1.1 КР банк жүйесінің жалпы сипаттамасы

Елімізде қабылданған банктік зандылықтарға сәйкес ҚР-ғы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
ҚР Ұлттық банкі - мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бүл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылады.
Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы банк жүйесі туралы мәліметтер 1-кестеде беріледі.

1.2 Банк қызметі

Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардың ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атаған.
Сондай-ақ банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорны десе болады. Жалпы банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы, ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорнынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі - несие ісі мен түсіндіріледі.
Банктік қызмет - бүл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

1.3 ААҚ «АТФ-Банк» сипаттамасы

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банк өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар.
Ұлттық банкінің ең жоғарлығы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма тоғыз адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның төрт орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

1.4 ААҚ «АТФ-Банктің» ұйымдастыру құрылымы

Банктің ұйымдастыру құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыруы тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.
Банктің ұйымдастыру құрылымы басты екі әдіспен анықталады - банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.
Басқару органдарын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым-қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзыретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде шешуге құқығы бар.

1.5 Банк қызметіндегі несие беруді басқарудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

Ақпараттық жүйе – жеке бөлім мен элементтерге бөлуді қажет ететін күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке элементтерге бөліп істей алуға болады. Жүйе элементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялау мен құру үрдісі тиімді болады.
Ақпараттық жүйені құраушы элементтер, өзінің алатын орнына қарай функционалдық және жабдықтайтын болып екіге бөлінеді. АЖ-нің функционалды бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды. Функционалды ішкі жүйе – нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.

1.6 Концептуалды схема

Концептуалды схема ақпараттық жүйенің қызмет етуінің негізгі әдістемелік ізденістерін көрсетеді.Схемалардың жиынтығы иерархия және сызықты байланысты құрылымды көрсетеді. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе жоба құжаттарын өндегенде жүйедегі графикалық интерпритация маңызды орын алады, мысалы, ақпараттық үлгілер, алгоритмдердің блок схемалары, ақпаратты өндеудің технологиялық үрдісі, құжаттар айналымы, ақпараттар ағыны және т.б.

2 БАНКТІҢ КЛИЕНТТЕРГЕ НЕСИЕ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖОБАЛАУ

2.1 Есеп қойылымы

Жобаны тұрғызуда тиімді әдістер мен жабдықтарды қолдану, АЖ-ны құрастырудың технологиясын дұрыс тұрғызу – құрастыру жұмысының шығыны мен мерзімін азайтып, сапалы жүйелерді тұрғызуға мүмкіндік береді.
АЖ-ны жобалау әдісі дегеніміз сәйкес жобалау жабдықтарын қолдану арқылы АЖ-ны тұрғызу тәсілі. Мұндағы жобалау жабдықтарына – типтік жобалау шешімдері, Қолданбалы программалар пакеті, АЖ-ның типтік жобалары, жобалаудың құралдық жабдықтары,яғни МББЖ, амалдық жүйелер жабдығы, программа генераторы жатады.
Жобалаудың барлық әдістері, жобалау жұмыстарын автоматтандыру дәрежелеріне сәйкес: түп нұсқалы жобалау, типтік жобалау, автоматтандырылған жобалау болып топтарға бөлінеді. Түп нұсқалы жобалау АЖ-ны тұрғызудың бастапқы тарихи деңгейінде қолданылады. Бұл әдістің кемшілігі ол үлкен еңбек сіңіруді, әрі жобалау мерзімінің ұзақтығын қажет етуі және АЖ-ны жұмыс істету тұрақсыздығы, жүйенің жаңа жағдайға нашар бейімделуі болып табылады.

2.2 Ақпараттық жүйедегі есептің орны

Есеп – бұл кіріс және шығыс нәтижелерін нақты бір формада көрсететін автоматтандырылған функцияның бір бөлігі.
Құрылып отырған ақпараттық жүйеде мәселе кешен – қарыз алушының рейтингін анықтау болып табылады. Бұл мәселе келесі есептерден тұрады:

2.2.1 Кіріс ақпараты

Кіріс ақпараттары – ақпараттық жүйенің қызметтері орындалуы үшін пернелерден сигналдар, құжаттар түрінде келетін мәліметтер мен ақпараттар. Кіріс құжаттары өз алдына алынатын файлдар негізінде жедел болып бөлінеді, ол кәсіпорынның қаржы-шаруашылық фактілерін, материалдық, еңбек, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер, сонымен қатар анықтамалық – мәліметтерді көрсетеді. Өңдеуге жіберілетін ақпарат бақылаудан өтуі керек, сондай-ақ программалық бақылау да қарастырылуы тиіс. Есептің кіріс құжаттарына:

2.2.2 Шығыс ақпараты

Шығыс ақпараты – ақпараттық жүйенің қызметінің орындалуы нәтижесінде алынатын басқару объектісіне немесе басқа да басқару жүйесіне мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін ақпарат болып табылады.
Берілген есептің шығыс құжаттары:

2.3 Ақпараттық база

Ақпараттық база - бұл басқару есептерін шешу үшін экономикалық объектіні жұмыс істеу барысында оны айнытпай дәлме-дәл бейнелейтін ақпарат массивтерінің бірігуі. қазіргі уақытта ақпарат базасын тұрғызудың екі ыңғайы қалыптасқан: жеке қолданушыларға қызмет көрсетуге арналған массивтердің бірігуі секілді қойманы тұрғызу, ол АЖ-ны тұрғызудың бастапқы кезеңдеріне тән; саны көп қолданушылар үшін интегрирленген ақпарат қоймасын тұрғызу.
Ақпараттық база келесілерден тұрады:

2.4 Есептің математикалық қамтамасыз етілуі

Математикалық қамсыздандыру – ақпаратты өңдеу алгоритмдерінің модельдері мен математикалық әдістерінің жиынтығы.
Қарыз алушының төлем қабілетін зерттеу - негізгі қаржылық көрсеткіштерді, коэффициенттерді талдау болып табылады.
Төменде негізгі қаржылық көрсеткіштердің есептеулері:

2.5 Программалық қамтамасыз ету

ЭЕМ-ді программалық жабдықтау мәліметтер базасын өңдеу процедурасын қамтамасыз ететін программалар кешенінен, программалардан, машина ресурстарын басқарудан, есептердің орындалуынан және мәліметтер базасы жүйесін жобалаудан тұрады.
Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау, арнаулы программалық жабдықтау.

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмыстың мақсаты «АТФ банк» мысалында банк клиенттеріне несие берудің ақпараттық жүйесін тұрғызу болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Банктің клиенттерге несие берудегі қызметін басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, банк сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және қарыз алушының төлем қабілеттілігін, банк қызметінің несие беру ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы көрсетілген, басқару объектісінің ұйымдастырушылық құрылымы берілген.