Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 37 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Несиенің мәні, функциялары және түрлері


Жоспар
Кіріспе 3
І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы 7
1.1 Несие теориясы және оның дамуы 7
1.2 Несие түрлері 10
ІІ. Несие қызметінің түсінігі 27
2.1 Несиенің қызметі. Шын мәніндегі ақшаларды айналымның несиелік құралдарымен ауыстыру 28
2.2 Несие мен ақшаның өзара әрекеті 30
2.3 Несиенің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері 31
Қорытынды 36
Пайдаланған әдебиеттер 37

Кіріспе
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;
Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалса сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.

І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы
1.1 Несие теориясы және оның дамуы
Несиені зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.

1.2 Несие түрлері
Жоғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлері болады. Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс - тәжірибедегі нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі: несиелену объектінің экономикалық белгілірі бойынша:
- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
- негізгі құрал жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай – ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
- өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
- жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие, аккредитивтер;
- төлем несиелері;
ә) қамтамасыз етілуі бойынша:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ – пен, кепілдікпен, сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
- ішінара қамтамасыз етілген;
- қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік .
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді;

ІІ. Несие қызметінің түсінігі
«Функция» («қызмет») деген сөз латынның «functio» - деген - «атқару» «жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді. Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметінің атқаруындағы қарым қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің несие мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет - қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытудың да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытудың сипаттайды.

2.1 Несиенің қызметі. Шын мәніндегі ақшаларды айналымның несиелік құралдарымен ауыстыру
Қазіргі кездегі нарық шаруашылығында шын мәніндегі ақшалар(алтын) ел ішінде айналысқа түспейді, олдардың несие негізінде шығарылған ақша белгілері айналымда болады. Нарық ақшалардың шығарылуы, немесе қолма – қол есептегі ақша қорларын ұлғайту сол мезетте экономиканы несиелеудің ресурсы болып табылады.
Несиенің мұндай қызметінің дамуы банк жүйесінің пайда болуымен байланысты екендігін ескерген жөн. Ақшаларды банкінің есеп шотында сақтау ақшалай міндеттемелер бойынша тауарлар мен қызмет үшін қолма – қол ақшасыз есептерді жүзеге асыруға, өзара қарыздарды есепке жатқызып жойып отыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі ақшаны қолмен санап алыс беріс жасау айналымын және айналым шығындары мен өнімсіз шығындарды едәуір азайтты.

2.2 Несие мен ақшаның өзара әрекеті
Адамдар көп жағдайда несиені ақша сияқты қабылдайды. Бір қарағанда, несие - әсіресе, ақша түрінде ұсынылатын банк және несие – түрлі ұғымдар ғана емес әртүрлі қарым – қатынастар да болып табылады.
Несие мен ақша – түрлі экономикалық категориялар. Ақшаға қарағанда несие тарлау болып келеді. Себебі, несие қарым – қатынастың субъектілері барлық заңды, заңды емес және тұлғалар болып табылады.
Осыған байланысты несие және ақша қарым-қатынасының ең бірінші ерекшелігі – қатысушылар құрамының әр түрлі екенін атап өткен жөн. Ақша қарым қатынасына сатып алушы мен сатушы қатысады, ал ақша жалпы балама сияқты ақшаны алушы мен сатушы субъектілері арасындағы қарым қатынас нәтижесінде осындай қалыпқа енеді. Бұл жағдайда тауар мен ақшаның ыңғайластық қозғалысы жүреді.
Несие қарым – қатынасының қатысушылары несие беруші мен қарыз алушы болып табылады, ал несие құнның қайтарылу қозғалысының себебі бойынша ерекше қарым – қатынасты көрсетеді. Бұл жағдайда құн ыңғайластық қозғалысқа түспейді, өйткені ол несие берушіден қарыз алушыға өтеді және белгіленген мерзім өткеннен кейін өз иесіне қайтады. Несиеге ақшалай қарым – қатынаста жол берілмейтін мерзімі ұзартылған төлем тән. Соған қарамастан ақша мен несие бір – бірімен қатар болып, өзата әрекетке түседі. Сонымен, тауарларды несиеге сату процесінде төлем құралы ретінде несие мен ақша қатысады.
Несие мен ақша әр түрлі тұтыну құнына ие. Несие пайыз келтіретіндігімен ақшадан ерекшеленеді.

2.3 Несиенің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері
Несиенің ролін несиелік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын нәтижесімен анықтауға болады. Несие өзінің қызметі арқылы ұдайы өндіріс процесіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей, несиенің өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдеріне өзгеріп отыруы мүмкін.

Қорытынды
Қорытындылап айтып келетін болсам. Несие ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. Кредит деген сөз, қарыз несие деген сенемін деген мағына беретін болып: латынша деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен байлап қарайтын формада: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады.
Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдірді. Несие келісім шартындағы сәйкес бөлімде берілетін, несиенің нақты мақсаты, сондай ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.